Тыңдалым/айтылым дағдысына арналған әдіс-тәсілдер



бет7/33
Дата04.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
100 әдіс стратегия

«Кейс – стади» әдісі

Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді.

Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

1-тапсырма.

Ойбөліс. Сендер өскенде кім болуды армандайсыңдар? Болашағыңды қиялдап отыратын сәттер жиі бола ма? Өз қиялдарыңның орындалатыныңа сенесіңдер ме?

97 бет.

11



«Ыстық орындық -1, 2» әдісі


Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.


Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.

Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.

2- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақ халқы бүркітті қалай қастерлеген?

Қазақ тілінде бүркітке қатысты қанша сөз бар?

Қыран бүркіт бейнеленген қандай затты білесіңдер?

Бүркітке қатысты есімдерді атай аласыңдар ма?

57 бет.


12



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет