Тыңдаушының өз бетінше жұмысы 1-тапсырма «Электрондық үкімет порталының функциялары. Қазақстандағы цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау» тақырыбы бойынша ICILS бағалау деңгейлеріне сәйкес тапсырма әзірлеу.
ICILS (International Computer and Information Literacy Study) - Компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі(Тыңдаушыға арналған нұсқаулықты қараңыз, 14-бет)
Электрондық құжат- ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
Электронды құжатты алудың келесідей қолдану тәсілдері бар:
1-тапсырма: Азамат жұмысқа тұру үшін бірнеше анықтамалар жинауда. Азаматқа сотталмағаны туралы анықтама алу керек. Оны онлайн алу үшін тиімді нұсқаны таңдаңыз және таңдау себебіңіздің 2 ерекшелігін жазыңыз.