Тыңдаушының өзіндік жұмысы Хайтметов Шерхзад Бахадирович Оқытудағы құзыреттілік тәсіл



бет3/6
Дата25.06.2020
өлшемі36,76 Kb.
#74504
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Хайтметов Шерзад Бахадирович 5.тапсырма

Тұрмыстық саладағы құзыреттер: жеке гигиена мен санитарияға қатысты, өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.

Әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзыреттер: бұл оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, еңбек нарығындағы түрлі жағдаяттарды талдай білу, жауапкершілік жүгін арқалай білу және тағы басқа.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.

Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады.

Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді.

Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет