Мұндағы өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы тиянақ құзыреттерге: оқи, жаза, есептей алу; сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу; оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу; жоспарлай, жобалай, модельдей алу; әр түрлі ақпарат көздерінен (кітаптан, газет-журналдардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан, теле-радио хабарлардан, интернеттен) білім жинақтай білуді меңгеру жатады.
Мәдени іс-әрекеттегі құзыреттерге бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу, түрлі дәрістер мен баяндамалар тыңдауға қатысу, ғылыми-техникалық және пәндік үйірмелер, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар және басқа да мәдени шараларға қатынасу) біліктілігі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |