Тыңдаушының өзіндік жұмысы Хайтметов Шерхзад Бахадирович Оқытудағы құзыреттілік тәсіл


Түсіну. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: 1.Трансформация – аударма



бет5/6
Дата25.06.2020
өлшемі36,76 Kb.
1   2   3   4   5   6
2.Түсіну. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: 1.Трансформация – аударма (математикалық формуланы сөзбен айтып беру; графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен мазмұндау т.б.); Интерпретация – негізгі идеяны, олардың өзара байланысын анықтайды, ең негізгілерін атап көрсетеді. Мысалдар –оқулықта берілген мысалдардан басқадай мысалдар келтіру. Мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді. Анықтамалар-атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтама құрастырады.

Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау.



ІІІ. Қолдану.

Оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Бұған ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді, тәжірибе мен эксперимент жасайды. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.

ІV. Талдау.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру.

Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет