Тігін машиналарын шығаратын өндіріс саласы жылдам дамитын өндірістер қатарына жатады. Осыған орай тігін өндірісі үшін жоғары өнімді жабдықтардың пайда болуы заңды жағдай


Тігін машинасының даму тарихынан деректер



бет2/6
Дата05.10.2022
өлшемі69,38 Kb.
#151807
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

1.1 Тігін машинасының даму тарихынан деректер
«Адам көркі көйлек» демекші, адам өмірінде киімнің алатын орны айрықша, киімсіз адамға өмір жоқ. Киім бұйымдарын өндіру ерте заманнан -ақ қалыптасып келеді. Киімді жасап шығаруда қолданылатын құрал-жабдықтардың ішінде тігін машиналары негізгі жабдық түрі болады. Академик И.И.Артоболевскийдің машиналардың құрылысының күрделігіне байланысты жасаған топтамасында тігін машиналары кинематикалық күрделігіне байланысты екінші орында тұр. Көлемі үлкен болмағанмен, тігін машиналарының механизмдерінің кеңістіктегі қозғалыстары өте күрделі.
Қазіргі таңда, киімді өндіруді тігін машинасынсыз орындау ойға кірмейтін жағдай, немесе өндірісте тігін машинасының алатын орыны үлкен. Тігін машиналарының құрылысын оқып тануда, олардың даму тарихын білген абзал, ол танудың зейіндеілігін арттырады және мамандыққа баулу қызметін атқарады.
Енді, осы тігін машиналарының даму тарихына көз жүгіртіп көрейік.
Әлбетте, алғаш тігін машинасы болмады, қолданыста ине, дұрысырақ айтатын болсақ тері тігуге арналған біз, кейінірек ілгекті біз, ақыры көзді ине пайда болды. Ең алғаш тігін машинасы XIV ғасырда Голландияда пайда болды деген деректер бар (авторы белгісіз). Бұл машина парус тігуге қолданылған, өте көлемді, әрі ауыр болған.
Ең алғашқы тігін машинасының жобасын XV ғасырдың соңында Леонардо да Винчи ұсынған, бірақ ол тәжрибе жүзінде іске аспай қалды.
Неміс Карл Вейзенталь 1755 ж. қол тігісіндігідей тігіс орындайтын машинасына патент алды. Брокгауз және Ефрон энциклопедиясында аяқкиім тігуге арналған машинаға ең алғашқы болып ағылшын Томас Сент
1790 жылы патент алғаны туралы мәлімет бар, бұл машинада етік дайындамасы инеге қолмен жылжытылатын болған, машина қолжетекті болды. Бұл машинада етік дайындамасында алдынала бізбен тесікті тесіп, содан соң осы тесіктерден инені өткізетін болған.
Машинаның өндірісте қолданысы туралы мәлімет сақталмаған.
Сыншылардың көрсетуі бойынша, машина ешқашанда жасалмаған, тек Сент оның құрлысына патент алумен шектелген болса керек. 1880 жылы Сенттың сызбаларымен машинаны жасап көргенде, оны көптеген өзгертусіз машинаны шығару мүмкін еместігі дәлелденген. Шындығында, тігін машинасын бірінші ойлап тапқаны туралы 1755 жылы ағылшын Чарльз Вейзенталға патент берілген. Ол тігу механизмінде қолдануға болатын иненің құрылысына патент алды, бірақ бұл машина да жасалынған жоқ. Тігін машинасын жасау тарихы
Германияда да деректер бере бастады, 1810 жылдар шамасында өнертапқыш Бальтазар Кремс өзінің кепкі тігетін машинасын ойлап тапты, бірақ ол бұл өнертабысын патентемегендіктен оның нақты пайда болу уақытын көрсету мүмкін емес. Үшкір ұшында тесігі бар инені қолдануды 1814 жылы австрия тігіншісі Джозеф Мандерспергер ұсынды, бірақ бұл құрылымда табысты болмады. Ол 1839 жылға дейін австрия үкіметі берген көмекпен өнертабу жолында жұмыстар орындап, бірнеше патентер алғанымен, оларды біріктіріп машина жасап шығара алмай, кедей болып өмірден өтті.
1804 жылы тағы да екі өнертабыс патентелгені белгілі, оның бірі ағылшындар Стоун және Хендерсонның қол тігісін қайталайтын машинасы болса, екіншісі
Скот Джон Дунканның кесте тігетін көпинелі машинасы болды. Бұл өнертабыстардың да немен аяқталғаны белгісіз. Құрылысы алға қыларға қарағанда дұрысырақ дамыған, біржіпті цептік жіптізбегін құратын машина француз Бартомелей Тимонье жасап шығарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет