Тиімді тамақтану дегеніміз тамақтанудың белгі-лі тәртібін, яғни күн ұзағы-на тамақтың бөліп бөліп ішілуін, тамақтың қолайлы температурасының сақталуын қамтамасыз ету



Дата28.01.2018
өлшемі33,01 Kb.
#34830
Дұрыс тамақтану
Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақтанудың белгі-лі тәртібін, яғни күн ұзағы-на тамақтың бөліп – бөліп ішілуін, тамақтың қолайлы температурасының сақталуын қамтамасыз ету.

Ішкен тағамдар асқорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға және лимфаға түскеннен соң — белоктардан-амин қышқыддары, майлардан-глицерин және май қышқыддары, гликогеннен-канттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энер-гетикалық заттар синтезделіп отырады.

Тиімді тамақтану ағзаның физиологиялық қажетін уақы-тылы және толық қамтамсыз етіп, ол өз кезегінде адамның жұмыс қабілетінің мейлінше жоғары болуына, оның ұзақ жылдар бойы белсенді, сергек, жарқын өмір сүруіне кө-мектеседі. Тамақтану уақыты Тамақтану уақытының тәр-тібі ең алдымен, еңбек пен дем алу уақытының тәртібімен сәйкес болуға тиісті. Тәжіри- белік зерттеулердің, дәрігер-лік пайымдаулардың қорытын-дысы бойынша адамға күніне төрт рет тамақтанып, тағамды бөліп – бөліп ішіп, жеген тиімді. Төрт мезгіл тамақтану бы-лай аталады:
1. Жұмысқа дейінгі Тоқ таңертеңгі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 25 – 30 пайызы бар. 2. Жұмыс аралығындағы Же-ңіл, екінші таңертеңгі ас. Онда күндік тамақтану құрамының жалпы қуаттылығының 10 – 15 пайызы бар.3. Жұмыстан соңғы Тойып ішер түскі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 35 – 40 пайызы бар. 4. Салыстыра алғанда Же-ңіл кешкі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 15 -20 пайызы бар. Таңертеңгі ас 9 – 10 сағат үзілістен кейінгі алғашқы та-мақтану. Алда еңбек қызметі күтіп тұр. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: көкөніс немесе жарма гарнирі бар бір ет, немесе балық тағамы, бір стақан сүт, шай не кофе т.с.с.
Сәскелік ас жұмыстағы үзі-ліспен тұстас келеді. Ішілген тамақ оны қорытуға көп күш түсірмейтіндей болуға тиіс. Әйтпесе, ағзаның жұмыс қа- білеті төмендеп кетеді.

Сәскелік ас жеңіл болады: бутербродпен бір стақан шай. Түскі ас жұмыс күнінің ал-ғашқы жартысындағы сан алу- ан қуат шығынын толтыратын маңызға ие. Оның тағамдық қуаттылығы күндік тағам құ-рамының үштен бірінен асады. Түскі ас мәзірі: ыстық бі- рінші тағам – сорпа немесе борщ, екіншіге – ет, балық немесе көкөніс тағамы, үшіншіге – тосап, кисель, шырын. Түскі астың алдында тәбет ашу үшін винегрет, салат, не басытқы жейді.


Кешкі асты жұмыстан соң ішіп, жейді. Оған сүт, жарма, көкөніс тағамдарын пайдалан- ған жақсы. Жүйкесі жұқа жә-не оңай қозатын адамдарға кешкі аста қорытылуы қиын әрі қоздырғыш тағамдарды: ащы- лаған ет тағамдарын жеуге, кофені, какаоны, қою шайды ішуге болмайды. Жасы ұлғай-ған адамдар жатар алдында бір стақан айран ішуге тиіс. Кешкі кезекте жұмыс істей- тіндер таңертеңгі асты таңер-теңгі сағат 9 – 10 – да, кешкі асты түнгі сағат 11 – 12 – де ішеді. Әйелдің «косметикалық диетасы» Тұлғасы мен сыртқы сымбатын сақтағысы келген әйелдер үшін күніне аз мөлшермен 3 – 5 мезгіл тамақтану ұсынылады. Тамақтану аралығында қарны ашқанын сезсе, бір стақан көк сүт, бір шыныаяқ кофе немесе простокваша, т.с.с. ішуге болады.

Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,


органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, хлетчаткалар болады.
Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:
1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатасының үйлесімді балансасын сақтау;
2) дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды (тамақ сбаланцир-ленген) тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.

Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді.


Академик А.А. Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген (сбалансирленген) дегеніміз — энергети-калық жағынан бағалы, тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі;

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар (нутрценттер) теңестірілген түрде болуы керек. Тағам құрамындағы белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы (1:1:4) болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішіндсгі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек. Балалардың массасын төменгі таблицадан байқауға болады (6-таблица).



Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде (1999).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет