Жапонияда дарынды балаларды оқыту мәселесіне салыстырмалы түрде ұстамды бағыт көрсетіледі. Кейбір оқу орындарында талантты оқушыларды анықтау бағытында диагностикалық тестілеу жүргізіледі. Оларға арнап арнаулы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады.
Ресейде де ұлттық қолайлы тобын (элитасын) тәрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989 жылы “Дарынды балалар” атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы “Ресейлік мәдени қор” ұйымдастырылды, қаражат бөлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға стипендия бөлді.
Дүние жүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек” делінген.
Республикада“Дарын” ғылыми-практикалық орталығы құрылған. Мақсаты – еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып, сапалы білім беру. Көптеген авторлық мектептер, гимназиялар, лицейлер және жеке меншік мектептер ашылуды. Ең таңдаулы жастар шет елге оқуға жіберіліп тұрады. Балаларды саралап оқытуда тестік жүйе кеңінен тарап келеді. Білім беру саласында әлемде болып жатқан үрдіске қосылуымыздың өзі егемендік алуымызбен тікелей байланысты. Саралап оқыту идеясы әлемде 30-жылдардан басталса, Қазақстан мектептері үшін инновациялық (жаңаша) бастамалардың оң нәтижелері аз зерттеліп отыр.
Саралап оқытудың басты бағыттарының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Жапонияда толық мәнді жалпы білім бергісі келетін ата-аналар балаларын көп тараған мектептерден гөрі толықтыра оқытатын жеке меншік мектептерге (дзюку) береді. Мұндай мектептер оқушылардың барлық жасына арналған. Дюза мектебі Күншығыс елінде жылдан-жылға кеңінен тарап келеді. Дзюкада мұғалімдік қызметті, негізінен, студенттер атқарады. Мұнда жоғары оқу орнына түсем деушілерге және бұрын оқуға түсе алмағандарға арналған жеке меншік оқу орындары да кеңінен тараған (ебьеку). Ебьекуде, негізінен, алдыңғы қатарлы университеттердің профессорлары сабақ береді. Тек қана Токионың ебьекулерінде жыл сайын 150 мың оқушы оқиды. Әлемде білім беру саласында даралап, саралап оқыту үрдісінің мәні осындай.