Тиімділігі негізіндегі технологиялар



бет2/6
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#154660
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СОЖ 1

Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “ортаншылар” және “баяулар” деп атайды.
Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен(т) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Сыныптағы топтар сайыс кезінде кім ағылшын сөзін, эроглифтерді, тақпақтарды, т.б.кім біледі деген сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушыға баға қойылады. Жапония педагогтерінің арасында топтық оқытуға көзқарастары әр түрлі.
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. (“Болашақ” бағдарламасы, “Дарын” орталығы).
Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейдіАҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер және тездетіп, тереңдетіп оқытатынкурстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.
Германияның Гамбург қаласында 1985 жылдан ерекше қабілетті оқушылармен шұғылданатын қызмет орны жұмыс істейді.
Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап кейбір бастауыш оқу мекемелерінде талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-шы жылдардың басында Страсбургте ойлау қабілеті өте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет