Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары



бет2/9
Дата08.02.2022
өлшемі47,41 Kb.
#117432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тиісті үлгі

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 -тарау. Жалпы ережелер


1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзiрленген түрлеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
3. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі топ болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидаты бойынша жасақталады.
Мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту төмендегідей қарастырылған:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында (үш тәрбиеленушіден артық емес);
2) тәрбие мен оқытудың арнайы оқу бағдарламасы бойынша бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда.
Топта ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілер болған жағдайда топтарды жинақтау осындай бір тәрбиеленушіге тәрбиеленушілердің жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
5. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді және мынадай тәртіппен қызмет етеді:
1) толық күн болу;
2) жарты күн болу;
3) тәулік бойы болу.
6. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
7. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылдағанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.
8. Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазқстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін мынадай кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы ("Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі;
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
3) мектеп жасына жеткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан босату жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы жылы 1 қыркүйектегі толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
10. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны:
1) тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда);
2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда;
3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады.
11. Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан:
1) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген;
3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады.
12. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе толығымен өтеледі;
2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар тәрбиеленушілерге арналған санаторийлік балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.
13. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагогтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет