Тиісті өндірістік практика стандарты (gmp)


Түзету және ескерту әрекеттері жүйесі (CAPA - Corrective and preventive action)



бет6/7
Дата17.11.2023
өлшемі23,83 Kb.
#191918
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
рк

Түзету және ескерту әрекеттері жүйесі (CAPA - Corrective and preventive action)
Дәрілік заттарды өндірушінің шағымдарды, өнімнен бас тартуды, сәйкессіздіктерді, пікірлерді, ауытқуларды, аудиторлық қорытындыларды және уәкілетті органдардың инспекцияларын, сондай-ақ процестің тиімділігі мен өнім сапасына мониторинг жүргізу кезінде анықталған үрдістерді тексеру нәтижесі болып табылатын түзету және алдын алу іс-қимылдарының жүйесі болуы тиіс. Тексеру процесінде негізгі себепті анықтау үшін құрылымдық тәсіл қолданылуы керек. Тексеру күші, ресімделуінің және құжаттамасының деңгейі стандарттың осы бөлігіне тең тарауға сәйкес тәуекелдер деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Түзету және алдын алу іс-қимылдарының әдіснамасының нәтижесі өнім мен процесті жақсарту, сондай-ақ өнім мен процесті түсінуді жақсарту болуы керек.
Тиісті дистрибьюторлық практика стандарты (GDP)
Осы Тиісті дистрибьюторлық практика стандарты (GDP) (бұдан әрі – Стандарт) сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі болып табылады және дәрілік заттардың дистрибьюциялауға қатысты қағидаларын белгілейді.
Тиісті дистрибьюторлық практиканың мақсаты жеткізудің барлық тізбегіндегі дәрілік заттар сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті сақтау, тасымалдау және таратудың тиісті талаптарын қадағалауға, сондай-ақ жеткізу тізбегіне жалған дәрілік заттардың кіру қаупін болдырмауға бағытталған.
Осы Стандарт талаптарын орындау жеткізу тізбегінің бақылануын қамтамасыз етеді және дәрілік заттардың сапасы мен тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.
30. Үй-жайлар талап етілген сақтау шарттарының орындалуын қамтамасыз ететіндей жобаланады және бейімделеді. Олар дәрілік заттарды қауіпсіз сақтау және олармен жұмыс істеу үшін олар оқшауланған, қорғалған, беріктігі және жеткілікті сыйымдылығы болатындай болады. Сақтау аймағында жүргізілетін барлық операциялардың нақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талапқа сай жарықтандыру талап етіледі.
31. Егер үй-жай тікелей дистрибьютор құзырында болмаған жағдайда осы үй-жай дистрибьютормен шарт бойынша жалға алу (қосалқы жалдау) не өзге де заттық (мүліктік) немесе міндеттемелік құқық негізінде пайдланылады.
32. Дәрілік заттар тиісті құқығы бар персоналға ғана кіруге рұқсат етілетін бөлінген және нақты белгіленген аймақтарда тиісті үлгіде сақталады. Сақтау аймақтарының физикалық бөлінісін алмастыратын кез келген жүйе (мысалы компьютерленген жүйе) баламалы қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді және валидацияланады.
Айналысы туралы немесе олардың айналысы тоқта тұрылғаны туралы шешім соңғы шешім қабылданбаған дәрілік заттар физикалық немесе баламалы бөлуді қамтамасыз ететін электрондық жүйе қолданыла отырып оқшауланады.
Қабылданған қауіпсіздік шаралары осы аймақтар өнімді дистрибьюция үшін жарамды дәрілік заттардан бөлек және олардың еркін айналымға түсуін болдырмайтын жағдайларда сақтауды қамтамасыз ететініне кепілдік береді. Бұл аймақтар тиісті түрде сәйкестендірілген (белгіленген) және заңсыз қол жеткізуден қорғалған.
Ерекше айналымды талап ететін дәрілік заттар (мысалы, есірткі, психотропты заттар және прекурсорлар, улар (улы заттар), басқа да қауіпті заттар) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жағдайларда сақталады.
Радиофармацевтикалық және басқа қауіпті дәрілік заттар, сондай-ақ өрт қауіпті және жарылыс қауіпті дәрілік заттар (мысалы, медициналық газдар, оңай тұтанатын сұйықтықтар және қатты заттар) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік және заңға қайшы кіру әрекетінен қорғау шаралары қолданылатын арнайы бөлінген аймақтарда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет