Дәрілік заттарды қабылдап алу 73. Дәрілік заттарды қабылдап алу операциясы бойынша негізгі міндеттері мыналар:
1) қабылданған дәрілік заттардың тауарға қоса берілген құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
2) дәрілік заттардың бекітілген жеткізушіден алынғанын тексеру;
3) тасымалдау үдерісінде орын алатын көзге көрінетін бүліністерінің бар-жоғын тексеру.
74. Арнаулы сақтау шарттарын немесе қауіпсіздік шараларын талап ететін дәрілік заттар бірінші кезекте қабылданады және қажетті тексеру іс-шаралары орындалған соң тиісті сақтау аймағына шұғыл орналастырылады.
75. Оқытылған персонал басқа елден келіп түскен дәрілік заттардың нарыққа рұқсат ету дәлелдемелерін олар өткізу аймағына тиісті үлгіде орналастырылғанша мұқият тексереді.
Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP) Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.
30. Дайындау құқығы бар дәріханалардың құрылымында мынадай бөлімдер болуы керек:
1) рецептуралы-өндірістік бөлім;
2) дәрігердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік препараттарды сату бөлімі;
3) дәріханалардан босатылуға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық басқа тауарлардың түр-түрін сату бөлімі.
Дәріхананың ауданы кемінде 38 шаршы метр болуы тиіс (медициналық мекемеде орналасқан жағдайда - кемінде 20 шаршы метр)