Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


Оқылым бөлігі
А) Менің алғашқы мүсіндерім
В) Мүсінші баланың арманы
С) Менің балалық кезім
D) Білім алған мектебім
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
5
Бұл тапсырма түрі мәтіннің бірінші (екінші, үшінші) азатжолына сәйкес және нақты 
тақырыпшаны таңдауды талап етеді. Көрсетілген азатжолын қайтадан көз жүгірте оқып шығып, 
үзіндінің негізгі ақпаратын (ойын, идеясын) анықтау қажет. Дұрыс емес жауаптарында азатжол-
да кездесетін сөздер мен сөз тіркестері, бірақ негізгі, маңызды болып табылмайтын, тек ата-
лып өтетін ақпарат беріледі. 
Тестовое задание требует выбора наиболее подходящего, точного заголовка к первому (вто-
рому, третьему) абзацу. Необходимо повторно бегло прочитать указанный абзац и определить 
основную информацию (мысль, идею) данного отрывка. В неправильных вариантах ответов 
могут быть представлены заголовки, в которых есть слова и словосочетания из этого абзаца, 
также лишь затронутая информация, не являющаяся главной, наиболее значимой.
Тапсырма тіл үйренушінің келесі білік-дағдыларын қалыптастырады және бағалайды:
- мәтін бөліктеріндегі ақпараттардың мазмұнын анықтау;
- мәтін бөліктерінде берілген ақпараттарды жүйелеу;
- мәтін бөліктеріндегі негізгі, маңызды ақпаратты табу;
- мәтін бөліктеріндегі негізгі және қосымша ақпараттарды толық және терең түсіну;
- мәтін бөліктеріне дәлірек тақырыпша табу. 
1) Мәтінде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын деген ақпарат берілгенімен, бұл атау 
бірінші азатжолының негізгі ойын білдірмейді.
2)  Бірінші  азатжолында  автордың  бала  кезінде  мүсінші  болуды  армандайтынмын  деген 
сөздерінен  мүсінші  болу  оның  бала  арманы  екенін  аңғаруға  болады.  Мүсінші  бала  атану 
себептері сондықтан. 
3)  Бірінші  азатжолының  мазмұнында  бас  кейіпкердің  балалық  шағы  туралы  мәтінде  толық 
ақпарат жоқ.
4)  Бірінші  азатжолында  бас  кейіпкердің  білім  алған  мектебі  туралы  нақты  мәліметтер 
айтылмайды.

142
Қазақта өнегелі өмірі үлгі боларлық аналар көп. Көш басында тұрған Домалақ 
анадан бастасақ, беріректе Құнанбайдың әжесі Зере әжеміз, ұлт анасындай болған 
Абай  атамыздың  анасы    Ұлжан,  Шоқанның  Айғаным  әжесі,  батыр  атамыз 
Бауыржан Момышұлының келіні  Зейнеп Ахметова апамыз секілді қазақ әйелдері 
галереясын  тізбектеп  шықсақ,  қазақта  небір  дана  да  дара  аналарымыздың 
болғанын көреміз. Үлгі боларлық аналар, қазақ әйелдері бүгінде аз емес. Әрине, мен 
осы қазақтың ақылгөй аналарының қатарына өз анамды қосқым келеді. Өйткені 
менің анам қазақтың қызы, қазақтың қарындасы, қазақтың жары, қазақтың 
келіні, қазақтың анасы және қазақтың әжесі деген үлкен атты абыроймен, үлкен 
жауапкершілікпен арқалап келе жатқан аяулы жан. 
Анам  көп  жылдар  бойы  ұстаздық  қызмет  етіп,  қазір  құрметті  демалыстағы 
жан. Еңбек еткен жылдарын, алдынан еліміздің сан түрлі болашақ маман иелерін 
оқытып, білімді шәкірт тәрбиелеген кездерін қуанышпен сағына еске алып отырады. 
Әлі күнге дейін анамның мектепте оқытқан шәкірттері келіп сәлем беріп, түрлі 
мерекелерде құттықтап жатады. Сол кездері анамның қуаныштан жүзі жайнап, 
шәкірттеріне риза болып отырады.
Менің анам биыл 70 жасқа толды. Наурыз айында үлкен мерекелік мүшелтойын 
ұл-қыздары,  немерелері,  туған-туыстарының  ортасында  бәріміз  бірге  өткіздік. 
Бір қыз, үш ұлды өсіріп, қазір олардан отыздан аса немере сүйіп отырған жайы 
бар. Әкеміз өмірден ерте озғандықтан, біз анамыздың тәрбиесінде болдық. Жетпіс  
жас   бұл «адамның ардақ пен мадаққа ең лайық шағы»,- дейді қазақ. Анамның 
өнегелі өмірі барлық қазақ қызы мен келіндеріне үлгі болса деймін. 
2-мәтін
А) Дара да дана аналар туралы. 
В) Қазіргі кезде үлгілі аналар аз емес.
С) Біз анамыздың мүшелтойын тойладық.
D) Менің анам 

«ана» деген үлкен атқа лайық жан.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
6
1)  Мәтін  мазмұнында  дара  да  дана  аналар  деп  Зере  әжеміз,  ұлт  анасындай  болған 
Абай  атамыздың  анасы  –  Ұлжан,  Шоқанның  Айғаным  әжесі,  батыр  атамыз  Бауыржан  
Момышұлының  келіні  –  Зейнеп  Ахметова  апаларымызды  көрсеткенімен,  мәтін  мазмұны 
автордың өз анасы жайлы. 
2) Мәтіннің бұл жауабында қазіргі кезде үлгілі аналар көп екендігі туралы ақпарат негізгі ой 
емес, ол сөз бастамасы ғана.
3) Мәтін мазмұны мүшел тойдың өтуі жайлы емес, той мәтінде тек қосымша ақпарат ретінде 
беріліп, мәтіннің негізгі ойын білдірмейді. 
4) Мәтінде «ана» деген атқа лайық деп және сол атты үлкен абыроймен арқалап келе жатқан 
аяулы жан туралы ақпарат негізгі ойды беріп тұр. Мәтінде автор өз анасын мадақтайды.
А) Ер ана
В) Ұстаз ана
С) Анаға құрмет
D) Үлгі боларлық аналар 
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
7

143
Оқылым бөлігі
1)  Мәтін  мазмұнында  ананың  батырлығы  емес,  анаға  деген  құрмет  туралы  айтылады. 
Сондықтан да ол мәтінге тақырып бола алмайды.
2)  Мәтінде  анасының  мамандығы  туралы  мәлімет  қосымша  болып  саналады  және  ол  
маңызды орын алмайды.
3)  Мәтінде    балаларының,  отбасының  анаға  деген  құрметі  жайында  көп  мәлімет 
қамтылғандықтан мәтінге нақтырақ тақырып болуға жарайды. 
4) Үлгі боларлық аналар туралы ақпарат мәтіннің негізгі ойы емес, сөз бастамасы. 
А) Қазақ халқында үлгілі аналар көп.
В) Анам үшін шәкірттерінің келгені – үлкен қуаныш.
С) Наурыз айында анамыздың мүшелтойын тойладық.
D) Менің анам – ұзақ жылдар еңбек еткен, абыройлы, отбасы мен көпшілікке 
сыйлы, аяулы да ардақты жан.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
8
1)  Мәтін  мазмұнында  елімізде  үлгілі  аналардың  баршылық  екендігі  шынайы  ақпарат 
болғанымен, мәтін мазмұнын нақтылай алмайды.
2) Мәтінде шәкірт пен ұстаз қарым-қатынасы мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды емес.
3)  Мәтіндегі  анасының  70  жылдық  мерейтойын  тойлағандары  қосымша  ақпарат,  ол  мәтін 
мазмұнын нақтылайтын қорытынды ақпарат бола алмайды. 
4) Мәтіндегі аналарының еңбекқорлығы, сыйлы да абыройлы жан екендігі туралы ақпарат – 
мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды. 
А) Анам – қазір құрметті демалыстағы аяулы жан.
В) Менің анамның 70 жылдық мерейтойын тойладық.
С) Менің анам – сыйлы, аяулы, ардақты аналардың бірі.
D) Анам көптеген шәкірттерді тәрбиеледі және оларға білім берді.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста.
9
1) Автор анасының зейнет жасындағы аяулы ана екені жайлы ақпарат – маңызды ақпаратқа 
жатады.
2) Мәтін мазмұны бойынша анасының мерейтойын өткізуі жайлы ақпарат мәтіндегі маңызды 
ақпарат болып табылмайды.
3) Анасының отбасындағы сыйлы, ардақты жан екендігі маңызды ақпарат болып табылады.
4) Мәтін мазмұнында анасының ұзақ жылдар ұстаздық етіп, қазір құрметті демалыстағы ана 
екендігі маңызды ақпарат.
А) Өнегелі өмір 
В) Ана мерекесі
С) Аяулы аналар 
D) Ардақты ұстаз
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
10
1)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  белгілі  бір  адамның  өмір  жолын  басқаларға  өнеге  тұту 
жайында емес. Онда жалпы аяулы аналар есімдері беріледі.
2) Мәтіннің бірінші азатжолында аналар мерекесі туралы ақпарат айтылмайды. 
3)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  есімдері  ел  есінде  сақталған,  өмірлері  өнегелі  ардақты  
аналар  –  Зере  әжеміз,  ұлт  анасындай  болған  Абай  атамыздың  анасы  –  Ұлжан,  Шоқанның 
Айғаным әжесі, батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова апаларымыз 
туралы ақпарат бар.
4)  Анасының  ұзақ  жылдар  ұстаздық  қызмет  атқарғандығы  туралы  мәлімет  мәтіннің  бірінші 
азатжолда айтылмаған. 

144
Қазақ халқы  ән мен күйге аса бай халық. 
ХІХ
 ғасырдағы қазақтың музыка 
мәдениетін зерттеушілер қазақ халқының мың ән, бес жүз күйі барлығын жазған 
болатын.  Қазақтың  музыка  мәдениеті  дәуірден-дәуірге  дамып  келеді.  Қазақтың 
жыршылары  мен  әншілері,  ақындары  мен  жыраулары  өлең-жырларды,  ұзақ 
дастандарды домбыраға қосып әнмен айтқан. Эпостық немесе тарихи жырлардың 
қысқа  қайырылатын  баяу  әндері  болады.  Қазақтың  лирикалық  әндері  көтеріңкі 
айтылып, неше түрлі сарынға салынып, құйқылжи айтылады. Қазақ  ән мен күйге 
аса құмар халық.
Сазгерлердің  эпостық,  тарихи  және  түрлі  тақырыптарға  арналған  музыкалық 
аспаптармен орындауға негізделген шығармалары «күй» деп аталады. Күй  әнге 
қосылмай, тек музыкалық аспаппен ғана орындалатын туынды. Әрбір күйдің өзіндік 
тарихы бар. Күйшілер шаршы топ алдында күйді орындарда күйдің шығу тарихын 
баяндай келе: «Ал енді, осы күйді тыңдаңыздар», - деп, күйді жорғалата жөнелген. 
Қазақ күйлері сан-салалы, онда өзен ағысы, теңіз толқыны, аққу мен бұлбұлдың 
әні, аттың жүрісі, сан алуан табиғат құбылыстары, адамның сан қырлы көңіл 
күйі қамтылады.
Қазақтың  ертеден  келе  жатқан  тарихи  күйлерінің  бірі    «Бозторғай»  күйі. 
Күйде өзінің балапанын жыланнан қорғаған бозторғайдың жан таласы, үрейі ұшқан 
балапанның шиқылы, жыланның ысылы, ана торғайдың қанатының діріл қағуы, 
ақырында балапанын қорғап қалу үшін өз жанын қиып, жыланның аузына түскен 
кездегі оның ақтық рет шиқ еткен даусы домбыраның үнімен берілді. 
Қазақтың  ежелгі  күйлерінің  бірі    «Ақсақ  құлан»  күйі.  Бұл  эпостық  күй 
ХІІІ 
ғасырда  Шыңғысхан  дәуірінде  шыққан.  Тарихи  аңызда  айтылуына  қарағанда 
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан аң аулап, жаралы ақсақ құланды қуып жүріп 
қаза  табады.  Мұны  іштей  сезген  Шыңғысхан  "суық  хабар  естірткен  адамның 
көмейіне  қорғасын  құямын"  деп  жарлық  қылады.  Ханның  қаһарынан  қорыққан 
адамдардың бірде-бірі бұл қайғылы хабарды айтуға бата алмайды. Шыңғысхан одан 
әрмен ашуланып, халыққа қаһарын шашады. Жұрттың ауыр азабын жеңілдетуге 
ұмтылған найман тайпасының күйшісі Кербұға бұл хабарды Шыңғысханға «Ақсақ 
құлан» атты шығарған күйімен естіртеді. Шыңғысхан өз жарлығына сәйкес Кербұға 
күйшінің  домбырасының  көмейіне  қорғасын  құяды.  Бұл  күй  ханның  қаталдығын, 
халықтың  ауыр  азабын,  аңшылық  өнерді,  адамзат  баласының  сан  алуан  көңіл 
күйін бейнелейді. 
Міне, осы сияқты әр күйдің астарында аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар жатыр. 
Күй  халқымыздың аспаптық пьесасы.
3-мәтін
А) Қазақ күйлерінің шығу тарихы баяндалады.
В) Қазақ халқының тарихи күйлері суреттеледі.
С) Қазақтың ән мен күйлерінің тақырыптары сипатталады.
D) ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасын зерттеушілері туралы айтылады.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную идею текста.
11

145
Оқылым бөлігі
1) Мәтінде қазақ күйлерінің шығу тарихы туралы айтылады. Ол мәтін мазмұнындағы негізгі 
ойды білдіреді.
2)  Мәтін  мазмұнында  қазақ  халқының  тарихи  күйлері  туралы  жалпы  ақпарат  болғанымен, 
олар туралы жеке суреттелмейді.
3)  Мәтінде  қазақтың  күйлерінің  тақырыптары  аталғанымен,  әндері  мен  күйлері  нақты 
сипатталмайды.
4)  Мәтін  мазмұнына  сүйенсек,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  музыкасын  зерттеушілер  туралы 
айтылмайды.
А) Қазақ халқы
В) Қазақтың музыка мәдениеті 
С) Ән мен күй – қазақтың рухани байлығы
D) Домбыра – күй орындалатын аспаптың бірі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок к тексту.
12
1)  Мәтін  мазмұнында  жалпы  қазақ  халқы  туралы  емес,  ән  мен  күйді  сүйетін  халық  туралы  
болғандықтан бұл тақырып мәтін мазмұнын аша алмайды, мәтінге тақырып емес.
2) Мәтінде жалпы музыка мәдениеті туралы емес, нақты күйлер туралы ғана ақпарат беріледі.  
3) Мәтінде ән мен күйдің қазақтың рухани байлығы екендігі туралы ақпарат берілген.
4) Мәтінде домбыраның тек күй орындауға арналған аспап екендігі жайлы нақты бір ақпарат 
берілмеген.
А) Кербұға – Шыңғысханға суық хабарды домбырамен жеткізген күйші.
В) Қазақтар ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнімен айтқан.
С) Қазақ халқының музыкалық мәдениеті жылдан-жылға дамып келеді.
D) Қазақ – ән мен күйге құштар, музыкалық мәдениеті дамыған халық.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
13
1)  Кербұға  туралы  ақпарат  мәтіннің  үшінші  азатжолында  бар,  бірақ  бұл  мәтіннің  негізгі 
ақпараты емес.
2) Мәтінде қазақтардың ән мен жырды домбыраға қосып әнімен айтқандығы туралы ақпаратқа 
тек қосымша ақпарат ретінде тоқталып өткен. Ол белгілі бір ойды қорытындылап тұрған жоқ.
3) Мәтінде қазақ музыкалық мәдениетінің қазіргі жағдайынан гөрі қалыптасқан ескі тарихына 
көбірек  көңіл  бөлінген.  Сондықтан  жылдан-жылға  дамып  келе  жатқандығы  туралы  ақпарат 
мәтін мазмұнына сай келмейді.
4) Қазақтардың ән мен күйге, музыкаға құштар халық екендігін мәтін мазмұнында күй арқылы 
қазақтың өзен ағысы, теңіз толқыны, аққу мен бұлбұлдың әні, аттың жүрісі, сан алуан табиғат 
құбылыстарын салатынын айтып, оны бірнеше мысалдармен нақтылайды. 
А) Күй – қазақ халқының баға жетпес қазынасы.
В) Қазақтың тарихи күйлерінің бірі – «Ақсақ құлан».
С) Жошы – Шыңғысханның тұңғыш ұлы болып табылады.
D) Күй – әнге қосылмай, ұлттық аспаппен орындалатын жанрдың түрі.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по тексту.
14
1)  Күйдің  қазақ  халқының  баға  жетпес  қазынасы  екендігі  туралы  мәлімет  мәтіннің  негізгі 
мазмұнын білдіріп тұр.
2) Қазақтың ежелгі күйлерінің бірі «Ақсақ құланның» шығу тарихы бабымен баяндалады және 
ол туралы ақпарат мәтін мазмұнына негіз бола алады.
3) Мәтінде Жошы Шыңғысханның үлкен ұлы екендігі туралы ақпарат негізге мазмұнға қосымша 
ақпарат ретінде берілгендіктен, маңызды бір ойды білдіріп тұрған жоқ. 
4)  Қазақ  күйлерінің  әнге  қосылмай,  музыкалық  аспаппен  ғана  орындалатын  жанр  екендігі 
туралы ақпарат маңызды ақпарат болып табылады. 

146
А) Күй – әнсіз туынды
В) Күй – музыкалық туынды
С) Күй – сан-салалы туынды
D) Күй – көп жанрлы туынды
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для второго абзаца.
15
1) Күй «әнге қосылмайтын», яғни әнсіз туынды деген тақырып екінші азатжолындағы ақпаратқа 
сәйкес келеді.
2) Мәтінде күйді музыкалық туынды деп айта алмаймыз, өйткені бұл ақпарат нақты емес.
3)  Қазақ  күйлері  сан-салалы  туынды  деген  ақпарат  мәтіннің  аталған  бөлігінде  қосымша 
ақпарат ретінде күйді суреттеу үшін берілген.
4)  Мәтінде  күйдің  түрлі  жанрлары  туралы  ақпарат  қамтылмағандықтан  оны  тақырып  етіп 
таңдай алмаймыз.
Өнерпаздар  сайыстарының  бір  түрі    халықаралық  фестиваль.  Біздің 
республикамызда  осындай  фестиваль  дәстүрлі  мереке  болып  есептеледі.  Оларға 
әлемнің  көптеген  елдерінің  дарынды  өнер  иелері  қатысады.  Қазақ  сахнасында 
Жапон, Үндістан, Қытай, Малайзия сияқты елдердің әндері орындалады. Бәсекеге 
нағыз дарындар түседі. Фестивальда қазіргі қазақстандық әндер де сүйіспеншілікпен 
шырқалады. Қазақстандық әншілер де фестивальға белсенді қатысады.  Халықаралық 
фестивальдар елімізде Астана, Алматы сияқты қалаларда жиі ұйымдастырылады. 
Олар  сұлу саздың және адал достықтың мерекесі. Мұндай өнер сайыстарына 
қатысу үлкен абырой болып есептеледі.
«Азия даусы»  халықаралық фестиваль. Фестивальға еліміздің және шетелдердің 
талантты  жастары  қатысады.  Бәсекеге  нағыз  талантты  дарын  иелері  түседі. 
Халықаралық музыка фестивалі «Азия даусы» өнерсүйер қауымды қуанта береді.  
Ол    әсем  ән  мен  мың  бұралған  бишілердің,  жалпы  музыка  өнерінің  мерекесі. 
Мұндай өнер сайыстарына қатысу кімге де болса зор мақтаныш болып табылады. 
«Азия даусы»  музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың 
жыл сайын Қазақстанда өтетін халықаралық байқауы. Бірінші рет 1990 жылы 
29  шілдеде  Медеу  мұзайдынының  кешенінде  өтті.  Бұл  сайыста  бас  жүлдені 
Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 
Фестивальда қазіргі қазақстандық әндердің байқауы да өтеді. Таңдаулы қазақ 
әндеріне «Алтын домбыра» жүлдесі беріледі. «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы 
жылы Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиева, 1997 жылы Роза Рымбаева жеңіп 
алды.  «Азия  даусы»  байқауының  Бас  жүлде,  алтын,  күміс  және  қола  бәйгесіне 
қоса Алматы қаласының әкімі, демеушілер тағайындаған әр түрлі ынталандыру 
сыйлықтары бар. Фестиваль Алматы қаласындағы Медеу мұзайдыны сахнасында 
жылына бір рет жазда өткізіледі.
4-мәтін
А) Мәтінде Медеу мұзайдынының келбеті суреттеледі.
В) Мәтінде дәстүрлі қазақ әндері туралы баяндалады. 
С) Мәтінде халықаралық фестиваль туралы ақпарат беріледі.
D) Мәтінде «Азия даусы» фестивалінің демеушілері туралы ақпарат берілген.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:
Определите основную мысль текста:
16

147
Оқылым бөлігі
1) Мәтін бойынша «Азия даусы» Медеу мұзайдынында өткені шынайы ақпарат, бірақ мәтінде 
мұзайдынының келбеті суреттелмеген. Мәтін халықаралық фестиваль жайлы.
2) Мәтінде «Азия даусы» халықаралық фестивалі туралы толық ақпарат берілген.
3)  Мәтінде  дәстүрлі  қазақ  әндерінің  ерекшеліктері  туралы  баяндалмайды.  Онда  тек  сол 
номинацияға жүлде тігілетіні айтылады.
4) Мәтінде «Азия даусы» байқауының жүлделерін тағайындау туралы ақпарат кездескенімен, 
фестиваль демеушілері туралы толық ақпарат кездеспейді.
А) Өнер байқаулары
В) Республикадағы мерекелер
С) «Алтын домбыра» жүлдесі
D) Халықаралық фестивальдар тарихы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для текста.
17
1) Мәтінде «Азия даусы» халықаралық фестивалі өнерпаздардың бақ сынайтын жері екенін 
айтады. Фестивальдың ерекшелігі, фестиваль жүлдегерлері туралы, жалпы өнер сайыстары 
жөнінде ақпарат берілген. 
2) Мәтінде "Біздің республикамызда осындай фестиваль дәстүрлі мереке болып есептеледі" 
деген ақпарат берілген, басқа мерекелер туралы ақпарат жоқ. 
3) Мәтінде «Алтын домбыра» жүлдесі туралы қосымша ақпарат ретінде берілгендіктен бұл 
мәтінге нақтырақ тақырып бола алмайды.
4)  Мәтін  нақты  «Азия  даусы»  фестивалі  туралы,  онда  жалпы  халықаралық  фестивальдар 
тарихы туралы айтылмайды. 
А) «Азия даусы» – қазақ әншілерінің байқауы.
В) «Азия даусы» сайысы – халықаралық байқау.
С) «Азия даусы» фестивалі – қазақ әндерінің байқауы.
D) «Азия даусы» фестивалі – Медеу мұзайдынында өтетін байқау.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
18
1)  Мәтін  мазмұнына  сүйенсек,  «Азия  даусы»  фестивалі  тек  қазақ  әншілеріне  қатысты 
болмағандықтан, мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыға жатпайды.
2) «Азия даусы» халықаралық байқауы тапсырма шартына сәйкес мәтін мазмұнын нақтылайтын 
қорытынды бола алады. 
3) Мәтінде «Азия даусы» фестивалі – қазақ әндерінің байқауы деген ақпарат мәтін мазмұнын 
нақтылайтын қорытынды болып есептелмейді.
4)  Мәтінде  «Азия  даусы»  фестивалі  Медеу  мұзайдынында  ғана  өтеді  деген  ақпарат  мәтін 
мазмұнын нақтылайтын қорытынды бола алмайды.
А) «Азия даусы» – өнер мерекесі.
В) «Азия даусы» – өнерсүйер елдің мақтанышы.
С) «Азия даусына» Өзбекстаннан келген «Карс» тобы қатысты.
D) «Алтын домбыра» жүлдесінің алғашқы жеңімпазы – М.Жүнісова.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее значимую информацию.
19
1) Мәтін мазмұнындағы «Азия даусы» өнер мерекесі деген жауап мәтіндегі маңызды ақпарат 
болып есептеледі. 
2) «Азия даусы» өнерсүйер елдің мақтанышы деген ақпарат мәтіндегі маңызды ақпарат болып 
табылады. 
3) Берілген жауап тапсырма шартына сай маңызды ақпарат болмайды, халықаралық байқауға 
басқа да топтар және өнер иелері қатыса алады.
4) Мәтінде «Алтын домбыра» жүлдесінің алғашқы жеңімпазы Мақпал Жүнісованың болғаны – 
маңызды ақпарат. 

148
А) Қазақ сахнасы
В) Қазақстандық әншілер
С) Елімізде өткен ән байқаулары
D) Фестиваль – өнер мен достықтың мерекесі
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий позаголовок для первого абзаца.
20
1) Мәтіннің бірінші азатжолында қазақ сахнасы туралы ешқандай ақпарат берілмеген. 
2) Мәтіннің бірінші азатжолындағы қазақстандық әншілер туралы ақпарат дәлірек тақырыпша 
бола  алмайды.  Себебі  фестиваль  –  достықтың  нышаны,  оған  барлық  халықтың  әншілері 
қатысады.
3)  Мәтіннің  бірінші  азатжолында  елімізде  өткен  басқа  да  ән  байқаулары  туралы  ақпарат 
берілмеген. 
4) Мәтіннің бірінші бөлігінде халықаралық фестивальдің сұлу саздың және адал достықтың 
мерекесі екендігі туралы айтылады. 
Ұрпақ  денсаулығына  көп  көңіл  бөлген  жөн,  денсаулығы  мықты  білімді  ұрпақ   
еліміздің жарқын болашағы. Елімізде пайдалы қазбалар көп кездеседі. Қазақстанның 
басты байлығы  мұнай. Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіруші компаниялар өте 
көп.  Олардың  ішіндегі  әлемге  танымал  атақтысы    «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық 
компаниясы. Мұнайдан жанармай алынады. Мұнайды өңдегенде зиянды газдар көп 
бөлінеді.  Мұнай  өндірісінің  адам  денсаулығына  зияны  көп  болса,  уран  өндірісі  де 
табиғатқа  көп  зиян  келтіреді.  Қалалардағы  осындай  түрлі  зауыттар  мен  өндіріс 
орындарынан шыққан улы түтін де адам мен табиғатқа көп әсер етеді.
Денсаулық жақсы болу үшін уақтылы тамақтанып, құнарлы, дұрыс тамақ ішіп, 
оны  күту  керек.  Денсаулыққа  зиянды  заттар    есірткі,  спиртті  ішімдіктерден, 
шылым шегуден аулақ болған жөн. Ауру белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде 
дәрігерге қаралып, емделу керек. Кез келген ауру  адам денсаулығына қауіпті. Кейбір 
ауруларды дәрілік шөптермен де емдеуге болады. Спортпен айналысып, көп қимылдау 
керек,  аурудың  алдын  алу  керек.  Елімізде  құс  тұмауы  көп  кездеседі.  Бұл  аурудың 
белгілері:  тыныс  алудың  қиындауы,  қатты  жөтел,  дене  қызуының  көтерілуі.  Құс 
тұмауының алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге қаралып, емделу керек. Бұл аурумен 
ауырған адам өзін әлсіз сезініп, қимылы ауырлайды. Бүгінде ғалымдар құс тұмауынан 
сақтанудың жолдарын іздестіруде. 
Жеміс-жидектерді  көп  пайдаланудың  адам  денсаулығына  пайдасы  мол.  Жер 
шарында алманың 36 түрі белгілі. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, 
қырғыз алмасы өседі. Алматы қаласында алма көп өсіріледі. Алманың денсаулыққа 
пайдасы зор. Алма денедегі тұздарды шығарады. Оның құрамындағы В2, В6, С, РР 
дәрумендері мен минералды заттар қан айналымына әсер етеді. Алманың құрамында 
темір көп болады. Адамдар жемістердің ішінде алманы көп пайдаланады. Алманың 
шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін дәрі ретінде қолданады. Алма ас 
қорыту  мүшелерінің  жұмысын  жақсартады  және  қан  құрамындағы  холестеринді 
төмендетеді.  Алма  адамға  қуат  береді,  ағзаның  түрлі  аурулармен  күресуіне 
көмектеседі. Ауырған адамдарға да, сау адамдарға да алма жеу пайдалы. Барлық 
жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы, дәрумендерге өте бай. Жеміс-жидектерді 
жиі пайдалану керек. 
Ертеңгі ұрпақ болашағын бүгіннен ойлаған жөн. Ұрпақ денсаулығы  өз қолымызда. Ол 
үшін Жер-Ананы, экологияны таза сақтауымыз қажет. Қала көшелерін көріктендіріп, 
қоқыстан тазартып, көшет, ағаш отырғызып, гүл өсіру керек. Өйткені тазалық  
денсаулық кепілі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет