55
56
57
58
59
60
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Саған босағаны керуге болмайды деп айтты ... .
А) ақ
В) ма
С) тек
D) ғой
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Бастық іссапарға кетті-... деймін?
А) ай
В) ақ
С) ау
D) да
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Келген қонақты төрге шығару керек, ... қонақпен бірге құт келеді.
А) бірақ
В) себебі
С) əйтсе де
D) сол себепті
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Өкшесі биік аяқкиім алмайсыз ба?
– ... .
А) Алмаймын, себебі аяғым ауырады
В) Не үшін аяғым қақсайтынын білмеймін
С) Сондықтан жай табан аяқ киімді таңдаймын
D) Егер де аяқ киіміңіз тар болса, ауыстырып беремін
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложения.
Менің білікті маман болғым келеді, ... жоғарғы оқу орнына түсуім керек.
А) сонда да
В) дегенмен
С) əйткенмен
D) сондықтан
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Дəрігер сізге көп қимылдауға болмайды деді, ... көп жүрмеңіз.
А) əйтпесе
В) не үшін
С) неге десең
D) сол себепті
119
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
62
63
64
65
66
61
Қомсыну мəнін беретін нұсқаны көрсетіңіз.
Выберите вариант со значением пренебрежения.
А) Жə, күй тартсаңдаршы, төгілтіп!
В) Кеше ғана домбыра үйірмесіне жазылды.
С) Ендеше, домбырамен тағы бір өлең айтып берейін.
D) Қобыз тұрмақ, домбыраны көрмегендер де бар екен.
Шектеу мəнінде қолданылатын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово со значением ограничения.
А) Осымен сөзді тоқтатайық.
В) Ойпыр-ай, енді не болар екен?!
С) Оның бір өзі-ақ бітіретін шаруа еді.
D) Құдай-ау, қайда, сол жылдар...
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ауылдағы көк төбет ... етеді.
А) арс-арс
В) шақ-шұқ
С) шыр-шыр
D) қыңқ-қыңқ
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Қасымдағы достарым түнімен əңгіме айтып, ... күліп ұйықтатпады.
А) шап-шұп
В) сылқ-сылқ
С) қалт-құлт
D) бүлк-бүлк
Cөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Жас бала найзағайдың жарқылынан ... ете түсті.
А) қалт
В) селк
С) жалт
D) желп
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Мəшинемен ... етіп айтқан жерге лезде жетіп келді.
А) зу-зу
В) дір-дір
С) селк-селк
D) тарс-тұрс
120
68
69
70
67
Асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение подчеркнутого словосочетания.
Сап-сап көңілім, сап көңілім!
А) көңілін жұбату
В) көңілін көтеру
С) көңілін қалдыру
D) көңілін тыныштандыру
Сəбиге арнай айтылған сөзді белгілеңіз.
Отметьте слово, сказанное по отношению к ребенку.
Құлыным, ... баса ғой.
А) беу
В) құп
С) тəй-тəй
D) əне-міне
Адамның көңіл күйіне қатысты нұсқаны көрсетіңіз.
Выберите вариант, отражающий настроение человека.
А) Қысқасы, біздің мүмкіндігіміз шектеулі.
В) Біріншіден, асқынбай тұрып келу керек.
С) Кім біледі, мүмкін сауығып кететін шығар.
D) Япырм-ай, қолыңыздан келгені осы болды ма?
Айтылған ойдың ретін білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите вариант, в котором отражена последовательность мыслей.
А) Сірə, осы қызметкер жасаған болу керек.
В) Айтпақшы, кеше сені теледидардан көрсетті.
С) Қорыта келгенде, қызметкер жан-жақты маман болу керек.
D) Біріншіден, мен жұмысшы алып қойдым, екіншіден, өзің келем деп уақытында
келмедің.
Оқылым бөлігі
Блок Чтение
Оқылым бөлігіне
шолу
Алдын ала тест
Тест
тапсырмаларын
талдау
Қорытынды
тест
III
тарау
123
Оқылым бөлігі
Оқылым бөлігіне шолу
Оқылым – бұл нақты бір тілдегі және басқа тілдегі жүйе бойынша
графикалық таңбалар арқылы мағлұматты қабылдау және белсенді
өңдеу үдерісі. Оқылым – сөйлеу әрекетінің репродуктивті түрі және тілдік
тұлғаны қалыптастырудағы тілдік дағдыларының маңызды бөлігі.
Оқылым бөлігіндегі тестілеу объектісі – мәтіннің жалпы мазмұны мен
нақты ақпаратын оқып түсіну барысында тілдік білік-дағдыларының
қалыптасу деңгейі.
Орта деңгейдегі мәтін түрлері: сипаттау, баяндау, пайымдау
элементтері бар аралас мәтіндер, орта деңгейге сәйкес лексико-
грамматикалық материалдар негізінде арнайы құрастырылған мәтіндер.
Мәтін тақырыптары әлеуметтік-мәдени саласында өзекті болып
табылады.
Жалпы Оқылым бөлігі тапсырмаларын орындау уақыты –
65 минут, бөлік бойынша тапсырма саны – 50. Тест тапсырмалары тілді
меңгеру деңгейіне байланысты түрлене отырып, қиындай түседі.
Оқылым бөлігінің орта деңгейінде:
- мәтін көлемі: 200-400 сөз;
- 1 мәтінге сәйкес тапсырмаларының саны: 7-12.
Тестілеу арқылы орта деңгейде тіл қолданушының:
1) мәтін тақырыбын анықтау біліктілігі;
2) мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша мағлұматты толық, нақты
және терең түсіну;
3) автор ойының бағытын, қорытынды және бағалауын түсіну біліктілігі
тексеріледі.
Орта деңгейдегі тест тапсырмаларының түрлері:
Қарапайым деңгейдегі 3 тапсырма түрі:
1) Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз;
2) Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз;
3) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз;
базалық деңгейде қосылған 2 тапсырма түрі:
4) Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз;
5) Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз (сұрақ – жауап)
және 5 тапсырма түрі қосылады:
6) Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз;
7) Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз;
8) Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз;
9) Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз;
10) Мәтіннің бірінші (екінші, үшінші) азатжолына дәлірек тақырыпша
таңдаңыз.
124
Обзор блока Чтение
Чтение – это процесс восприятия и активной переработки информации,
графически закодированной в системе того или иного языка. Чтение
является одним из репродуктивных видов речевой деятельности и
неотъемлемой частью формирования языковой личности.
Объект тестирования по блоку Чтение – уровень сформированности
речевых навыков и умений при чтении текстов с общим и детальным
охватом содержания.
Типы текстов на среднем уровне: описание, повествование, тексты
смешанного типа с элементами рассуждения, специально составленные
тексты, построенные на основе лексико-грамматического материала,
соответствующего среднему уровню. Тематика текстов актуальна для
социально-культурной сферы общения.
На всех уровнях владения языком время выполнения теста по чтению –
65 минут, количество тестовых заданий – 50. Тестовые задания заменяются
и усложняются в зависимости от уровня владения языком.
На среднем уровне блока Чтение:
- объем текстов: 200-400 слов;
- количество заданий по одному тексту: 7-12.
В процессе тестирования на среднем уровне проверяется:
1) умение пользователя языка определять тему текста;
2) умение точно, достаточно полно и глубоко понять основную и
второстепенную информацию по тексту;
3) умение понять основную мысль, выводы и оценку автора.
Виды тестовых заданий на среднем уровне владения казахским
языком:
5 тестовых заданий элементарного уровня:
1) Найдите главные опорные слова текста;
2) Выберите информацию, соответствующую тексту;
3) Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте;
2 вида заданий базового уровня:
4) Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту;
5) Найдите ответ на вопрос, соответствующий тексту (вопрос – ответ);
а также дополнительно даются следующие 5 видов заданий:
6) Определите основную мысль теста;
7) Выберите наиболее точную тему текста;
8) Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста;
9) Выберите второстепенную информацию, не представляющую особой
важности;
10) Выберите наиболее точное заглавие первого (второго, третьего)
абзаца.
125
Оқылым бөлігі
Оқылым бөлігі. Алдын ала тест
блок Чтение. Предварительный тест
1
Баянауыл көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық
туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің
тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер
үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға
қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны ақиқат.
Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп.
Солардың бірі Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас Баянауылдың ұлттық
саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше
жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең
батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде
бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті.
Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі.
Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың
ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр
көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы
болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да
жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды.
Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң
атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып,
күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің
жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты.
Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі осы.
1-мәтін
сыр шерту –
поведать тайну, поделиться тайной
көздің қарашығындай –
как зеницу ока
жағаласу –
1) схватить друг друга за шиворот 2) подраться
1
А) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме?
В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім?
С) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?
D) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
2
А) Баянауыл – Кемпіртастың ең биік шыңы.
В) Кемпіртас оқиғасын халыққа кең тарату қажет.
С) Баянауыл жылқыларының бағасы өте қымбат.
D) Баянауыл – демалуға арналған табиғаты сұлу аймақ.
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
126
4
3
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные опорные слова в тексте.
А) Баянауыл, батыр, жылқы, күзету
В) Баянауыл, аңыз, жылқы, жігіт, құтқару
С) Кемпіртас, табиғат, аңыз, жігіт, шаршау
D) Жасыбай, ақсақал, кемпір, білек, жағаласу
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Баянауыл өлкесіне демалушылар жиі келеді.
В) Ұлттық саябаққа шетелдіктер өте жиі келеді.
С) Баянауыл табиғаты көркем, қойнауы аңызға толы өлке.
D) Баянауыл табиғатының әсемдігін көрген адам естен шығармайды.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Найдите ответ на вопрос, соответствующий тексту.
Аңыз бойынша кім ұрлық жасады?
А) күзетші
В) бір жігіт
С) жас батыр
D) сиқыршы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Белгілі тас – Кемпіртас туралы аңыз баяндалады.
В) Жылқышы жігіттің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.
С) Баянауылдың табиғат сұлулығын аңызбен байланыстырады.
D) Ұлттық саябақтағы Кемпіртастың сұлу табиғаты суреттеледі.
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее точный заголовок текста.
А) Кемпіртас – Көкшенің тауы
В) Баянауыл саябағының тарихы
С) Баянауылдағы Кемпіртас аңызы
D) Жасыбай жылқылары туралы аңыз
5
6
7
127
Оқылым бөлігі
Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар:
жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек сәулетші. Өзі қаржылық бақылау
басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер бастауыш
сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы
Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен
Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй
бағдарламасы бойынша пәтер алды.
Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас
болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады.
Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады.
Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен
жаратып, тиімді жұмсайды.
Ермектің ата-анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады.
Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де
ата-әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын
немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.
Ермек пен Балнұр балаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.
Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады.
Тойға бүкіл туған-туыстары мен дос-жарандары, әріптестері келді. Үй иелері
келген қонақтарды төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық
тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы-жұмсақ, тәтті
дүниелер қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл
үйірер балқаймақ, қазы-қарта, жал-жая, тәтті жент, жеміс-жидектер, тіпті
буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз,
шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың
әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға
ас қайыру үлкен ізеттіліктің белгісі.
Балнұрдың отбасы үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.
2-мәтін
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Жолдасы Ермек аулына қашан барды?
В) Менің досымның отбасында қанша адам бар?
С) Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қашан пайда болды?
D) Алматы қаласы тұрғындарының күнделікті шығын мөлшері қандай?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ата-әжесі қоныстойға шақырды.
В) Досым Шығыс Қазақстан облысында тұрады.
С) Досымның жолдасы басқарманың бас маманы.
D) Досымның бір ұл, бір қызы бар, олар мектепте оқиды.
8
9
128
10
11
12
13
14
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) отбасы, қонақ, туыс, ауыл, қуырдақ
В) отбасы, қонақ, уақыт, қызмет, әріптес
С) отбасы, қызмет, ата-ана, қоныстой, қонақ
D) сыйластық, қымыз, отбасы, қонақ, қызмет
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
А) Досымның бір ұлы, бір қызы бар.
В) Ақсуат ауданында ата-аналары тұрады.
С) Досымның отбасы шағын болса да, үлгілі, қонақжай.
D) Мемлекеттік қызметшілер жалақыларын уақытылы алады.
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Дастарқан басында батаны кім берді?
А) достары
В) әріптестері
С) Балнұрдың шешесі
D) Ермектің қайын атасы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Үлгілі қазақ отбасы туралы ақпарат беріледі.
В) Қазақ халқының қонақжайлылығы сипатталады.
С) Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу жолдары
D) Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындары туралы
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее точный заголовок текста.
А) Қоныстой иелері
В) Ұлттық тағамдар
С) Досымның отбасы
D) Мемлекеттік қызметшілер
129
Оқылым бөлігі
Елімізде жеңіл өнеркәсіп жылдан-жылға дамып келеді. Соңғы жылдары, әсіресе,
Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өнеркәсіп
орындарының бірі Алматы тоқыма фабрикасы. Фабрика жаңа стильдегі
жоғары сапалы киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен кәдесыйлар шығарады.
Алматы тоқыма фабрикасы сапалы өнім өндіруші кәсіпорын. Фабрикада тек
қой жүнінен ғана емес, мақтадан да түрлі өнім өндіріледі. Мақта өнімдері де
жақсы болады. Бұл фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие. Онда
ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған тоқыма бұйымдар мен киім-кешектің сан
алуан сәнді үлгілері өндіріледі. Қалада Алматы тоқыма фабрикасының өнімдерін
сататын дүкендер де өте көп. Бұл дүкендерге түскен тауарлар лезде сатылып кетіп
жатады. Өйткені сапалы тауар өтімді болады әрі бұл кәсіпорынның өнімдерін
тұтынатын тұрақты тұтынушыларының саны да көп болады.
Мен Алматы қаласының тұрғынымын. Мен сапасы жоғары тауарларды
тұтынамын. Отбасы мүшелеріне керекті киім-кешекті тек қана осы Алматы
тоқыма фабрикасының өнімдерінен алуға тырысамын. Қойдың жүнінен тігілген киім
жылы болатыны белгілі. Сондықтан қыстық киімдердің қой жүнінен жасалғандарын
аламын. Кеше әжеме түбіт шәлі мен жылы шұлық, ініме жылы қолғап пен бас киім
алдым. Сәнді бұйым адамға жақсы көңіл күй сыйлайды. Өзіме кең қалталы шалбар
мен ақ түсті сәнді көйлекті таңдадым. Көйлекке түйме қадау да шеберлікті
қажет етеді екен. Мен алған көйлектің түймесінің өзі айрықша пішінді, белбеуі
өте сәнді көрінеді. Бауырым Арсен мақтадан тігілген жылы күртеше алды. Жаңа
жыл қарсаңында осы дүкеннен анама сұр түсті пальто, әкеме жылы кеудеше
алғанмын. Алған сыйлықтарым ата-анама қатты ұнады.
Өзім осы Алматы тоқыма фабрикасында жұмыс істеймін. Жеңіл өнеркәсіп
жұмысшылары ауысымдық мерзіммен жұмыс жасайды. Мен де ауысымдық мерзім
бойынша еңбек етемін. Сапалы тауар арқылы тұтынушы қажеттілігін өтеуге
болады. Сондықтан фабрика жұмысшылары өзіміз өндіретін тауарларды сапалы
өндіруге бар ынтамызды саламыз. Өнімді жаңа технологиямен дайындаймыз.
Тұтынушы қажеттілігін орындау басты міндетіміз.
Қазақстандықтар отандық өнімдерді тұтынады. Отандық өнімді пайдалану
отандық кәсіпкерлер үшін тиімді. Сапалы тауарлардың иесі отандық кәсіпкерлер.
Олар өнімдерінің өтімді болуы үшін тұтынушы көңілінен шығуды міндет санайды.
Сондықтан да болар отандық өнімге деген сұраныс артып келеді.
Соңғы уақытта Қазақстанда отандық өнім өндіретін кәсіпорындардың
саны артып келеді. Елімізде тұтынушы қажеттілігін отандық өнімдер өтейді.
Қазақстан халқы тек отандық өнімдерді пайдаланады.
3-мәтін
жеңіл өнеркәсіп –
легкая промышленность
сұраныс –
спрос
кәдесый, базарлық –
сувенир
түбіт шәлі –
пуховой платок
130
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
Выберите вопрос, ответ на который присутствует в тексте.
А) Қандай тауарлар өтімді болады?
В) Кәсіпкерлік жұмыс біліктілікті қажет ете ме?
С) Тауар сапасын қандай белгілеріне қарап білесіз?
D) Отандық кәсіпкерлер өндіретін қандай өнім түрлерін білесіз?
Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите информацию, соответствующую тексту.
А) Ініме кең қалталы шалбар алдым.
В) Қойдың жүнінен қыстық киімдер тігіледі.
С) Кәсіпкерлік жұмыс табандылықты қажет етеді.
D) Тұтынушы сұранысын шетелдік өнімдер өтейді.
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
Найдите главные ключевые слова текста.
А) тұтынушы, жеңіл өнеркәсіп, түбіт шәлі
В) жұмысшы, отандық өнім, қысқа күртеше
С) өтімді тауар, тоқыма фабрикасы, кәдесый
D) жеңіл өнеркәсіп, отандық өнім, өтімді тауар
Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
Найдите наиболее полную и точную информацию по тексту.
Ол ... .
А) дүкеннен ата-анасы мен әжесіне кәдесый алды
В) әжесіне, інісіне және ата-анасына сыйлық алды
С) інісі Арсен мен ата-анасына сәнді кәдесыйлар сатып алды
D) дүкеннен әжесіне жылы шұлық және сыйлықтар сатып алды
Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Выберите ответ на вопрос, соответствующий содержанию текста.
Олардың басты міндеті не?
А) сәнді бұйымдар өндіру
В) ата-анасының сенімін ақтау
С) тұтынушы қажеттілігін орындау
D) дүкендердің тапсырысын орындау
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Мақта өнімдерінің сапасы туралы баяндалады.
В) Жеңіл өнеркәсіп орындары туралы баяндалады.
С) Алматы қаласы тұтынушыларының талғамы жоғары.
D) Алматы тоқыма фабрикасының өнімдері тұтынушы қажеттілігін өтейді.
15
16
17
18
19
20
131
Оқылым бөлігі
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок текста.
А) Білікті кәсіпкерлер
В) Жеңіл өнеркәсіп түрлері
С) Отандық сапалы тауар өндіруші
D) Өндіруші және тұтынушы пайдасы
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
Определите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Өтімді тауар лезде сатылып кетеді.
В) Отандық өнімге сұраныс артып келеді.
С) Отандық өнімді тұтыну шетелдіктер үшін пайдалы.
D) Сапалы тауар – тұрақты тұтынушыларды және пайданы көбейту кепілі.
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите наименее важную информацию.
А) Мен ақ түсті сәнді көйлек таңдап алдым.
В) Өнім өтімді болу үшін сапалы болуы керек.
С) Қазақстан халқы тек отандық өнімдерді ғана пайдаланады.
D) Өнімнің өтімді болуы тұтынушы көңілінен шығуына байланысты.
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для первого абзаца.
А) Фабрика өнімдері
В) Сапалы тауар тұтынушылары
С) Алматы тоқыма дүкендерінің пайдасы
D) Алматы тоқыма фабрикасының өнімдері
Мәтіннің екінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для второго абзаца.
А) Ата-анама сыйлық
В) Сәнді әрі жылы киімдер
С) Сапалы тауар тұтынушысы
D) Сәнді киім - жақсы көңіл күйінің кепілі.
Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящий подзаголовок для третьего абзаца.
А) Басты міндеттер
В) Жаңа технология
С) Жұмысымды ұнатамын
D) Фабрика өнімінің сапасын арттыру
Достарыңызбен бөлісу: |