Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


36
37
Болжалдық сан есімдер
Болжалдық сан есімдер заттың санын дəл білдірмей, шамамен болжап 
көрсетеді.
Есептік сан есімдерге -дай/-дей, -тай/-тей; -даған/-деген, 
-таған/-теген, -лаған/-леген; -лап/-леп, -дап/-деп, -тап/-теп қосымшалары жалғану 
арқылы жасалады. Мысалы: қырықтай, мыңдаған, мыңдап т.б.
Болжалдық сан есімдер есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен жатыс септік 
қосымшасы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жасы қырықтарда, сағат ондарда 
т.б.
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: қырық-елу, он-он 
үш т.б.
Есептік сан есімдерге шамалы, жуық, астам, тарта, қаралы, шамамен сөздерінің 
тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: отызға жуық, қырыққа тарта, алпысқа тарта, 
жүзден астам т.б.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Мерекелік шоуды ... адам тамашалады.
А) он бесінші
В) он мыңнан
С) үш мыңдап 
D) бес мыңдай 
1) үш мыңдап тіркесі адам сөзімен тіркеспейді;
2) бес мыңдай тіркесі адамның санын болжап көрсетіп 
тұр, адам сөзімен тіркеседі;
3) он мыңнан тіркесі топтау мəнді сан есім, сөйлем 
мағынасына үйлеспейді;
4) он бесінші тіркесі заттың ретін білдіреді, сөйлем 
мазмұнына сəйкес келмейді.

71
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
♦ Адамның жасын шамалап көрсетіп тұрған сөзі бар сөйлемді табыңыз.
   Укажите предложение, в котором есть слово, обозначающее приблизительный   
   возраст человека.
A) Ол кісі отыз жасында үй тұрғызыпты.
В) Бұл ер адамның жасы қырықта екен.
С) Жасы қырықтардағы ер адам үйге кірді.
D) Ол қырқыншы үйде тұратын ер адам ғой.
1) отыз жасында тіркесі адам жасын нақты көрсетеді;
2) жасы қырықта тіркесі адам жасын нақтылап дəл көрсетеді;
3) қырықтардағы сөзі адамның жасын шамалап, болжаммен көрсетіп тұр;
4) қырқыншы сөзінде адамның жасы көрсетілмеген, үйдің нөмірі берілген.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Жұмыстан сағат ... босайтын шығармын.
A) жетідей
B) жетілеп
C) жетілерде
D) жетіге тарта
1) жетідей сөзі сөйлем мағынасына сəйкес емес, босау сөзімен 
тіркеспейді;
2) уақыт мөлшерін жетілеп түрінде айтуға болмайды;
3) жетілерде сөзі уақыт мөлшерін шамамен, болжалдап көрсетіп тұр, 
сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
4) уақыт мөлшері жетіге тарта тіркесімен берілмейді.
Шамамен болжап көрсетілген сан атауы бар сөйлемді көрсетіңіз. 
Найдите предложение, в котором есть приблизительное числительное. 
А) Франция Президенті жылына 319,8 мың доллар табады екен. 
B) Германия канцлерінің жылдық табысы – 303,8 мың доллар.
C) Сингапур үкімет басшысының жылдық табысы – 2 миллиондай.
D) Ирландия премьер-министрінің жылдық жалақысы – 342,4 мың доллар.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Дарынды тележүргізуші – жиырмадан ... телебағдарламалардың авторы.
А) астам
B) тарта
C) жуық
D) шамасында 
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
Қазақстаннан ... спортшы олимпиадаға барады.
А) жүздерде
В) жүз-жүз
С) жүзінші
D) жүз шақты
38
39
40

72
Асты сызылған сөзді ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.
Найдите слово, близкое по значению подчеркнутому слову.
Бұл мəселені шешуге жиырма шақты адам қатысты.
A) жиырма 
В) жиырмасыншы
С) жиырмаға жуық
D) жиырмадан астам 
41
Жалпылау есімдігі
Жалпылау есімдігі жалпылау, жинақтау мағынасын білдіреді. Жалпылау есімдігі 
деп мағыналық жақтан кемінде екі немесе одан көп заттарды, нəрселерді жинақтап 
атау үшін пайдаланылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: бəрі, барша, барлық, бар 
(адам), күллі, бүкіл, түгел. Ауылдың еңкейген қарты да, төрт-бес жасар бүлдіршіндер 
де – үлкен-кішісі түгел жылжымалы дүкеннің тауарын көруге келіпті. 
Бар, барлық, барша, бүкіл, күллі, түгел есімдіктері тəуелденеді. Мысалы: біздің 
барымыз, сендердің барлықтарың, олардың баршасы.
♦ Көп нүктенің қажетті сөзді белгілеңіз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Экологиялық мəселелер ... əлемді толғантып отыр.
А) сол 
В) анау 
С) сонау
D) бүкіл
1) сол сөзі сөйлемге мағыналық жақтан үйлеспейді;
2) анау сөзі сөйлемді толықтыра алмайды; 
3) сонау сөзі сөйлемге мағыналық жақтан сəйкес емес;
4) бүкіл сөзі сөйлемде айтылған ойға сəйкес келеді.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Жер – … адамзаттың ортақ мекені, аялайық біз оны!
А) күллі
В) тегіс
С) ыңғай
D) баршасы
1) күллі сөзі сөйлемнің ой желісіне сəйкес келеді; 
2) тегіс сөзі сөйлемде айтылған ойға үйлеспейді;
3) ыңғай сөзі сөйлемді мағыналық жақтан толықтырмайды;
4) бəрі сөзі адамзат сөзімен тіркеспейді.
♦ Жалпылама мəнді сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
   Укажите предложение со словом, выражающим обобщение.
А) Бақта алма, өрік, шие өсіп тұр.
В) Бағбан жеміс ағаштарын күтіп баптайды.
С) Шабдалы, алма мен алмұрт – баршасы жеміс ағаштары.
D) Бағбан баққа екі түп алша жəне төрт түп шие ағашын отырғызды.
1) сөйлемде жалпылама мəнді сөз жоқ; 
2) сөйлемде жалпылама мəнді сөз қолданылмаған;
3) баршасы сөзі – жалпылау есімдігі, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін 
(шабдалы, алма, алмұрт) жинақтап тұр;
4) сөйлемде жалпылама мəнді сөз берілмеген.

73
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Галереядағы суреттердің ... табиғат туралы екен.
А) бəрі
В) күллі
С) жалпы
D) барлық
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Арал экологиясы – … əлемнің мəселесі.
А) бəрі
В) барша
С) ыңғай
D) тегіс
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Мемлекеттік рəміздерді құрметтеу - ... адал азаматтың отансүйгіштігінің белгісі. 
А) барша
В) күлліге
С) бəрімізге
D) баршамызға
Жалпылама мəнді сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, обозначающим обобщение.  
А) Туған елімді қатты сағындым.
В) Туған ауылыма қайтып келе жатырмын.
С) Туған жердің тауы да, тасы да – бəрі де ыстық маған.
D) Туған-туыстарымды бір көруді аңсап жүрмін.
42
43
44
45
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі деп заттар мен құбылыстарды нақты түрде көрсетпей, белгісіз 
мəнді білдіретін сөздерді айтамыз. Белгісіздік есімдіктерінің жасалуына бір, əр, əлде 
деген үш сөздері негіз болады. 
Мысалы: 

біреу, кейбір, кейбіреу, қайсыбір, бірнеше, бірдеңе, бірдеме;

əркім, əрине, əрқайсы, əрқалай;

əлдекім, əлдене, əлдеқайдан, əлдеқашан, əлденеше.
Олардың арасында жол білетін біреу бар екен, жолды сол көрсетіп отырыпты. 
Айнаш əлденеше рет іздеп барып, құрбысын үйінен таба алмады.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Оған ... мəрте айтқан соң жауап берді.
А) бірнеше
В) бірдеме
С) біраздан
D) əрқалай
1) бірнеше сөзі сөйлемнің ой желісіне сəйкес 
келеді, мəрте сөзімен тіркесе алады; 
2) бірдеме сөзі мəрте сөзімен тіркеспейді;
3) біраз сөзі мəрте сөзімен қатар айтылмайды;
4) əрқалай сөзі сөйлемде айтылған ойға 
үйлеспейді, мəрте сөзімен тіркесе алмайды.

74
♦ Көп нүктенің орнына қажетті нұсқасы қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужный вариант. 
Адам ... кездері жабырқап отыратын сəттері де болады. 
А) ештеңе
В) кейбір
С) дəнеме
D) ешқандай
1) ештеңе сөзі кездері сөзімен тіркеспейді; 
2) кейбір сөзі кездері сөзімен тіркеседі, сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
3) дəнеме сөзі кездері сөзімен тіркесе алмайды, сөйлемнің мазмұнына 
үйлеспейді;
4) ешқандай сөзі сөйлемнің желісіне сəйкес келмейді.
♦ Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
   Укажите предложение, в котором есть слово, обозначающее неопределенность. 
А) Маған күздік киімдер сатып алу керек.
В) Сен киім алу үшін дүкенге бармайсың ба?
С) Біреулер дүкенге барса, біреулер базарға барады.
D) Дүкендерде арзан бағамен күздік киімдер сатылып жатыр.
1) сөйлемде белгісіздік мəнін білдіретін сөз жоқ; 
2) сөйлемдегі іс-əрекет иесі (сен) анық көрсетілген;
3) сөйлемдегі біреулер сөзі белгісіздік мəнде айтылған;
4) сөйлемде белгісіздік мəнді білдіретін сөз жоқ.
Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
...дің қатесі – ...ге сабақ.
A) Біреу
B) Ешкім 
C) Ешбір
D) Ештеңе
Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, которое обозначает неопределенность. 
А) Сен өзің шаруаға ұқыпты бала екенсің. 
В) Мына шаруаны, қарағым, сен бітіре салшы.
С) Сөзін əлденеше қайталап, нықтап отыратын.
D) Əр адам өз ісіне жауаптылықпен қарауы керек.
Белгісіздік мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение со словом, которое обозначает неопределенность.
А) Оны өзім əкелейін. 
В) Осы істі мен аяқтай салармын.
С) Ол осы мəселеден қашқақтап жүр.
D) Бұл түйінді басқа біреу шеше алмайды.
46
47
48

75
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Қимыл иесі белгісіз нұсқаны көрсетіңіз.
Укажите вариант, в котором не указано лицо, совершившее действие.  
А) Кейбіреулер ісіне енжар қарайды. 
В) Туған еліме, туған халқыма адал қызмет еткім келеді.
С) Адал азаматтар еліне қызмет етуге əрқашанда дайын.
D) Елімізде халқына адал еңбек етіп жүрген нағыз азаматтар көп.
49
Болымсыздық есімдігі
Болымсыздық есімдігі болымсыздық мағынаны білдіреді. Болымсыздық 
есімдіктері (дəнеңе деген сөзден басқасы) еш деген сөздің кейбір есімдіктермен 
бірігуі арқылы жасалады. Сөйлемде жоқ, емес деген сөздермен жəне болымсыз 
етістіктермен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Ол осы жайтты ешкімге айтпады. Сара 
оның əрекетінен оғаш ештеңе байқаған жоқ.
Болымсыздық есімдіктері жіктелмейді. Көптік жəне тəуелдік жалғаулары 
жалғанады: ештеңелері, ешкімдері, дəнеңелері.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Бұл жөнінде ... мəселе қозғалған жоқ.
А) ештеңе
В) əрқалай 
С) дəнеме
D) ешқандай
1) ештеңе сөзі сөйлемдегі ой желісіне сəйкес 
келмейді; 
2) əрқалай сөзі мəселе сөзімен тіркеспейді;
3) дəнеме сөзі мəселе сөзімен қатар 
қолданылмайды;
4) ешқандай сөзі сөйлемде айтылған ойға 
үйлеседі, мəселе сөзімен тіркеседі.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
1) ешбір сөзі сөйлемнің мағынасына сай емес
сөйлемді толықтыра алмайды; 
2) ешкім сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес келеді;
3) ештеңе сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес 
келмейді;
4) ешқайда сөзі сөйлемде айтылған ой желісіне 
үйлеспейді.
... де менің анамдай тамақ дайындай 
алмайды.
A) Ешбір
B) Ешкім
C) Ештеңе
D) Ешқайда
♦ Болымсыздық мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
   Укажите предложение, в котором есть слово со значением отрицания. 
А) Сайлаудың қарсаңында қарбалас басталды. 
В) Сайлауға дайындық белсенді жүргізілді.
С) Үміткерлер халыққа өз бағдарламаларын ұсынды.
D) Одан басқа ешкім де ауыз су мəселесіне мəн бермепті.
1) сөйлемде болымсыздық мəнін білдіретін сөз жоқ;
2) сөйлемде ақпарат нақты берілген;
3) сөйлемдегі сөздер болымсыздық мəнде қолданылмаған;
4) сөйлем болымсыздық мəнін білдіреді.

76
50
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Адам үшін өмірден бағалы ... жоқ.
A) ешкім
B) ештеңе
C) ешбір
D) ешқайсы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Кішкентай баласымен ... бара алмай қалды.
А) ешкім
В) ештеңе
С) ешқайда
D) ешнəрсе
Болымсыздық мəнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором есть слово со значением отрицания. 
А) Сайлауда дауыс берушілер белсенділік танытты.
В) Ауылдағы ешбір жан сайлауға салғырттықпен қарамады.
С) Сайлауда халық өз таңдауын жасады.
D) Бір үміткер ғана айқын басымдылыққа ие болып, депутат атанды.
51
52
Етістіктің бұрынғы өткен шағы
Іс-əрекеттің, амалдың жүзеге асқанына көп уақыт болғанын білдіретін етістіктің түрі 
етістіктің бұрынғы өткен шағы деп аталады. Етістіктің бұрынғы өткен шағы болымды/
болымсыз етістіктерге көсемшенің -ып/іп, -п жұрнақтары жалғанып, олардың жіктелуі 
арқылы жасалады. Мысалы: жаз-ып-ты, жаз-ба-п-ты, айт-ып-сың, айтпа-п-сың.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Бүгін ол əдемі киініп ... .
А) алыпты
В) қалыпты
С) жақсарыпты
D) тазаланыпты
1) алыпты сөзі киініп сөзімен тіркесіп, аяқталған 
қимылды білдіреді; 
2) қалыпты сөзі сөйлем мазмұнына үйлеспейді;
3) жақсарыпты сөзі сөйлем мағынасына сай 
емес;
4) тазаланыпты сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес 
келмейді.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
1) өткізіпті сөзі сөйлемдегі ой желісіне сай емес; 
2) бөлініпті сөзі сөйлемді мағыналық жағынан 
тиянақтайды;
3) көрініпті сөзі мағыналық жақтан үйлеспейді;
4) жабылыпты сөзі сөйлем мазмұнына сəйкес 
келмейді. 
Астана Саммитіне келетін 
шетелдіктерге қонақүйлер ... .
А) өткізіпті
В) бөлініпті
С) көрініпті
D) жабылыпты

77
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
♦ Бұрын орындалып кеткен іс-əрекетті көрсетіңіз.
   Укажите действие, выполненное ранее.
А) Атам таза ауада демалғанды ұнатады. 
В) Əкем кешке қарай бақта серуендеп қайтпақшы.
С) Қонақ та кеше кешке бақты аралап қайтыпты.
D) Анам үйдің жанындағы бақта қыдырғанды жақсы көреді.
1) ұнатады сөзі сөйлем ауыспалы осы шақта айтылған; 
2) қайтатын сөзі ұдайы болған жəне болатын іс-əрекетті білдіреді;
3) аралап қайтыпты тіркесі ертеректе орындалған іс-əрекет туралы баяндайды;
4) жақсы көреді тіркесі қимыл ауыспалы осы шақта берілген.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол қандай мəселелерді талқылау керектігін ... .
А) сеніпті
В) өткізіпті
С) айтыпты
D) шақырыпты
Бұрын орындалған іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное ранее. 
А) Əкем кейде кешке теледидар көретін. 
В) Таңертең теледидардан қызық хабар айтылыпты.
С) Мен теледидардан тарихи фильм көргенді ұнатамын.
D) Кішкентай інілерім қасқыр мен қоян жайлы мультфильмді жақсы көреді.
Бұрын орындалған іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное ранее.
А) Айнұр түскі асын дəмханадан ішеді. 
В) Саяхатшылар кешкі асты мейрамханадан ішеді.
С) Əпкем таңғы асқа тəтті тоқаштар мен сусындар əзірлепті.
D) Мен таңертең ыстық сүт ішкенді ұнатамын.
Бұрын орындалған іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите действие, выполненное ранее.
А) Əкем тамақтан кейін шай ішті. 
В) Анам кешкі асқа манты пісіріпті.
С) Мен бауырсақты жақсы пісіремін.
D) Сіңлім еттен қуырдақ əзірледі.
53
54
55
56

78
Етістіктің нақ осы шағы (күрделі түрі)
Сөйлеп тұрған уақытта орындалып жатқан іс-əрекетті, қимылды білдіретін 
етістіктің түрі етістіктің осы шағы деп аталады. Етістіктің осы шағы екіге бөлінеді: 
ауыспалы осы шақ жəне нақ осы шақ. Нақ осы шақ етістік құрамына қарай: жалаң нақ 
осы шақ жəне күрделі нақ осы шақ болып екіге бөлінеді. Бір ғана етістіктен жасалған 
түрін жалаң нақ осы шақ деп атаймыз. Мысалы: Қазір ол далада жүр. 
Екі немесе одан да көп етістіктің тіркесуінен жасалған түрін етістіктің күрделі нақ 
осы шағы деп атаймыз. Күрделі нақ осы шақ етістік көсемше мен қалып етістіктің 
жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ұлым аулада доп ойнап жүр. Айнұр дүкенге 
бара жатыр.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. 
   Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Отандық өнімдер тұтынушылардың көңілінен ... жүр.
А) алып
В) ұнап 
С) келіп 
D) шығып 
1) тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздерді алмастыруға болмайды, 
сондықтан көңілінен алып жүр түрінде қолданылмайды;  
2) көңілінен шығып жүр тіркесінің орнына көңілінен ұнап жүр түрінде 
қолданылмайды;
3) ұнады деген мағынада жұмсалатын көңілінен шықты тіркесінің орнына көңілінен 
келіп түрінде қолдануға болмайды;
4) шығып сөзі көңілінен сөзімен тіркесіп, сөйлемді мағыналық жақтан толықтырады.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Далаға шықсам, жаңбыр ... .
А) өтіп тұр
В) сеуіп жатыр
С) жауып жатыр 
D) болып жатыр
1) өтіп тұр тіркесі жаңбыр сөзімен тіркеспейді; 
2) сеуіп жатыр тіркесі жаңбыр сөзімен тіркеспейді;
3) жауып жатыр тіркесі мағыналық жақтан үйлеседі, жаңбыр сөзімен тіркесе алады;
4) болып жатыр тіркесі сөйлем мазмұнымен сəйкес келмейді.
♦ Осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
   Укажите предложение, в котором действие выполняется в настоящий момент.
А) Айымгүл ағасына хат жазып отыр. 
В) Бұрын адамдар жиі хат жазысатын.
С) Əжем əскердегі ағама хат жаздырды.
D) Айымгүл құрбысымен хат жазысып тұрған екен.
1) сөйлемде сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-əрекет туралы айтылған; 
2) сөйлемде осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекет туралы емес, орындалған іс-
қимыл жайлы баяндалған;
3) сөйлемдегі іс-əрекет бұрын орындалған;
4) сөйлемде бұрын орындалған іс-қимыл баяндалған.

79
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
57
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Бүгін күн ... .
A) бұлттанып жүр
B) бұлттанып тұр 
C) бұлттанып қалады
D) бұлттанып жатыр
Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное словосочетание.
Ол дүкеннен азық-түлік ... .
А) алып тұр 
В) қойып тұр
С) сатып жүр
D) салып жүр
Осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором действие выполняется в настоящий момент.
А) Арман Маратқа жедел хат салып жіберді. 
В) Əсем досын туған күнімен құттықтап ашық хат жіберіпті.
С) Досымды ертең туған күнімен құттықтаймын.
D) Алмас оны туған күнімен құттықтап, тілек айтып тұр. 
Осы сəтте орындалып жатқан іс-əрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
Укажите предложение, в котором действие выполняется в настоящий момент.
А) Біздің сынып Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. 
В) Қазақстандықтар Наурыз мерекесіне дайындықты бастап кетті.
С) Олар Наурыз мерекесін жақсы дайындықпен қарсы алды.
D) Сендердің де Наурыз мерекесіне жақсы дайындалуларың қажет.
58
59
60
Ауыспалы осы шақ (болымсыз түрі)
Ауыспалы осы шақ етістік негізіне көсемшенің -а/-е/-й жұрнақтары жалғану 
арқылы жасалады. Етістіктің ауыспалы осы шағы іс-əрекеттің, қимылдың дағдылы 
түрде болып жатқанын білдіреді: іс-əрекет тыңдаушыға бұрын болып кеткендей, 
қазір де болып жатқандай жəне болашақта да шүбəсіз болатындай етіп айтылады. 
Мысалы: Айжан жексенбі сайын көк базарға барады. Шəкірттер ұстазының дəрісін 
жақсы тыңдайды. Гүлнұр қазір көшеде келеді. Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі 
болымсыз етістікке көсемшенің -а/-е/-й жұрнақтары үстеліп барып, жіктелуі арқылы 
жасалады.
Мысалы: Ағам маған айт-па-й-ды. Сен оны неге тыңда-ма-й-сың?
♦ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. 
   Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Дəрігер дəрісімен ғана ..., 
тілімен де емдейді.
A) жазады 
B) демейді 
C) емдемейді
D) сұрамайды
1) сөйлем құрылымы болымсыз мəніндегі сөзді керек 
етеді, сондықтан көп нүктенің орнына жазады сөзін қоюға 
болмайды; 
2) демейді - сөйлем мазмұнына үйлеспейді;
3) емдемейді - сөйлемдегі емде етістігімен түбірлес, алайда 
болымсыз мəніндегі сөзді қажет етіп тұрғандықтан, көп 
нүктенің орнына емдемейді сөзін қоюға болады;
4) сұрамайды - сөйлемнің мағынасына сəйкес келмейді.

80
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ағам ұсақ-түйек нəрселерге көңіл ... .
А) бермейді
В) салмайды
С) аудармайды
D) қорғамайды
1) тұрақты тіркестегі сөздердің орнын ауыстыруға болмайды, сондықтан көп 
нүктенің орнына бермейді сөзін қоюға болмайды; 
2) көңіл аудармайды тіркесінің орнына көңіл салмайды түрінде қолдануға 
болмайды;
3) аудармайды сөзі көңіл сөзімен тіркесіп, тұрақты тіркесті құрайды, сондықтан көп 
нүктенің орнына аудармайды сөзін қоюға болады;
4) тұрақты тіркесінің құрамындағы сөздерді алмастыруға болмайтындықтан, көп 
нүктенің орнына қорғамайды сөзін қоюға болмайды.
♦ Орындалмаған іс-əрекетті көрсетіңіз.
   Укажите невыполненное действие.
А) Айгүл Жанар мен Нұрсұлуды таныстырды.
В) Олар ескі достарша тез тіл табысып кетті.
С) Ал Асқар Нұрсұлуды да, Жанарды да танымайды.
D) Айгүл олардың бұрыннан бері бəрін жақсы таниды.
1) сөйлемдегі іс-əрекет болымды мəнде баяндалған; 
2) сөйлемдегі ақпарат болымды мəнде берілген;
3) сөйлемдегі іс-əрекет болымсыз мəнде айтылған;
4) сөйлемдегі ақпаратта болған іс-əрекет хабарланып тұр.
Мақалды толықтырыңыз.
Дополните пословицу.
Ас қадірін тоқ ...,
Ат қадірін жоқ ... .
A) біл
B) білу
C) білме
D) білмес
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Еліміз ғылым-білімсіз алға ... .
А) тұрмайды
В) бармайды
С) сақтамайды
D) жылжымайды
Орындалмаған іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите невыполненное действие.
А) Бастық ұжымға жаңа маманды таныстырды.
В) Жаңа маманға жұмыс орнын көрсетті.
С) Жас маман əлі жұмыс жайын жақсы түсінбеді.
D) Тəжірибелі мамандар жас маманға көмектесті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет