Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


6
Төле шыбықтарды неге сындыра алмады?
A) Шыбық су болды.
B) Шыбыққа жаны ашыды. 
C) Сындыруға батылы жетпеді.
D) Көп шыбықтың бумасына əлі жетпеді.
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
1) Шыбық су болды – құрғақ емес, ылғал болды.
2) Шыбыққа жаны ашыды – шыбықты аяды.
3) Батылы жетпеді – жүрексінді, қорықты.
4) Əлі жетпеді – күші жетпеді, əлі келмеді.
3-диалог
– Мынау «Егемен Қазақстаннның» жаңа саны ма? Қандай жаңалықтар бар 
екен?
– 26 тамызда шыққан. Алматыда КСРО халық əртісі, Халық Қаһарманы Роза 
Бағланованы мəңгі есте қалдыру үшін өзі тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш 
тақта қойылыпты.
– Ашылу салтанаты болып па?
– Иə, ашылуында Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар жəне құжаттама 
басқармасының басшысы кіріспе сөз сөйлеген. Одан кейін Алматы қаласы əкімінің 
орынбасары сөйлепті. 
– Əртістерден кімдер болды екен?
– Алтынбек Қоразбаев, Сара Тыныштығұлова, Мақпал Жүнісова секілді өнер 
қайраткерлері өз пікірлерімен бөлісті. Атақты əншінің туған туыстары осы шараны 
ұйымдастырушылар мен қолдау көрсетуші азаматтарға жүрекжарды тілектерін 
жеткізді.
«Егемен Қазақстан» газетінен
7
A) Олар жаңалықты теледидардан естіді.
B) Алматы қаласында Р.Бағланованың атына көше берілді.
C) Республика сарайында Р.Бағланованы еске алу кеші өтті.
D) Р. Бағланова тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта қойылды.
Диалог мазмұнына сəйкес ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, соответствующую содержанию диалога.
1) Жаңалықтарды оқыды, ал теледидарды тыңдайды, көреді;
2) Ұлы тұлғалардың атына көше беріледі, бірақ мəтінде мұндай ақпарат жоқ.
3) Атақты əншілерді еске алу кеші өткізіледі, бірақ мұндай ақпарат та жоқ.
4) Мəтінде ескерткіш тақта орнатылғаны, оның салтанатты ашылуы туралы ақпарат берілген.
5
A) Төле Əнет бабаның жұмбағын шеше алмады.
B) Əнет баба Төлеге «көп айтқанына құлақ салма» деп өсиет айтты.
C) Төле елді ынтымақтастыру жөнінде жөн сұрап Əнет бабаға келеді.
D) Əнет баба ел бірлігін бума шыбықтың мықтылығымен салыстырды.
Диалог мазмұнына сəйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, не соответствующую содержанию диалога. 

23
ТЫҢДА
ЛЫМ 
БӨЛІГІ
8
A) Халық Р. Бағланованың өнерін бағалайды.
B) Халық Р. Бағланованы мəңгі есте сақтайды.
C) Р. Бағланова өмірден халықтың құрметіне бөленіп өтті.
D) Р. Бағланова өмірден озған соң ғана құрметке ие болды.
Диалог мазмұнына сəйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, не соответствующую содержанию диалога. 
1) Халық құрметтеген танымал тұлғаларға ғана ескерткіш қойылады.
2) Халық əртісінің есімі мəңгі ұмытылмас үшін ескерткіш тақта қойылды.
3) Р. Бағланова көзі тірісінде КСРО халық əртісі, Халық Қаһарманы атақтарын алған.
4) Мəтін мазмұны əртістің өмірінде зор құрметке ие болғандығын дəлелдейді.
9
Ескерткіш тақтаның ашылуына ... қатысты.
A) өнер қайраткерлері
B) Алматы қаласының əкімі
C) «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы
D) Алматы қалалық Мəдениет басқармасының басшысы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
1) Бірнеше өнер қайраткерлері қатысқандығы туралы нақты ақпарат бар.
2) Əкімнің орынбасары қатысты.
3) «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі ғана қатысты.
4) Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қатысты.
Көзі тірісінде – тірі кезінде
Құрметке бөлеу – құрметтеу, сыйлау
Өмірден озу – өмірден өту, қайтыс болу
4-диалог
– Сəлеметсіз бе? Бұл Абай атындағы мұражай ма?
– Иə, қош келдіңіздер!
– Біз белгілі қазақ суретшісі Əбілхан Қастеевтің көрмесі ашылады дегенді естіп 
келіп едік.
– Дұрыс келдіңіздер. Менің аты-жөнім – Мейрамгүл Қайранбаева. Мұражайдың 
ғылыми қызметкерімін. Биыл Ə.Қастеевтің туғанына 100 жыл  толады. Соған орай 
көрме ашылып отыр. Ə.Қастеев – Абай тақырыбына тұңғыш рет қыл қалам тартқан 
суретші. Бұл туралы білуші ме едіңіздер?
– Иə, біз де Əбілхан ағаның жолын қуып жүрген жас суретшілерміз.
– Өте жақсы! Қуаныштымын! Онда суретшінің өнер туындыларымен сырласа 
беріңіздер. Мұндағы суретшінің "Жас Абай", "Қоңыр əулие", "Шыңғыстаудағы жаз" 
туындыларымен бірге басқа да суреттері ұлы ақын шығармаларымен үндесе 
суретші қиялынан туған.
«Парасат» журналынан

24
Екінші бөлім
11
A) Мұражайдағы көрмеге жас суретшілер келді. 
B) Ə. Қастеев – Абай тақырыбына алғаш барған суретші.
C) Көрмеге суретшінің Абай тақырыбындағы суреттері қойылған. 
D) Мұражайда А. Құнанбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды.
Диалог мазмұнына сəйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, не соответствующую содержанию диалога.
1) Мұражай қызметкері жас суретшілермен сұхбаттасты.
2) Бұл ақпарат мəтінде бар.
3) Көрмедегі суреттердің ішінде Абайға арналған суреттер бар.
4) Мұражайдағы көрме қазақ суретшісінің 100 жылдығына орай ашылған.
12
Мұражай қызметкері келушілерді ... қарсы алды.
A) жылы
B) салқын
C) көңілсіз
D) ықылассыз
Сөйлемді диалог мазмұнына сəйкес толықтырыңыз.
Дополните предложение в соответствии с содержанием диалога.
1) Жылы қарсы алу – жақсы қарсы алу
2) Салқын қарсы алу – ұнатпай қарсы алу
3) Көңілсіз қарсы алу – жабырқау қарсы алу
4) Ықылассыз – немқұрайлы, көңіл бөлмей қарсы алу
● Екінші бөлімде Сіз 2 диалог тыңдайсыз.
● Диалогтердің мазмұнына сəйкес əр диалогке 4 тапсырмадан, барлығы 8 тапсырма 
беріледі.
● Тілдік дағдылардың тиімді қалыптасуы үшін, диалогтерді бір рет қана тыңдаңыз. 
● В первой части Вы прослушаете 2 диалога.
● По содержанию каждого диалога необходимо ответить на 4 тестовых задания. Всего 
8 тестовых заданий.
● Для формирования речевых навыков диалоги прослушиваются только один раз.
5-диалог
– Аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі мемлекеттік тілдің 
қолданылу аясын кеңейту, тіл мəдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, 
аудан тұрғындарының арасынан талапты, талантты азаматтарды іздеп табу 
мақсатында «Қанеки, тілім, сөйлеші» атты аудандық шешендік өнер байқауын 
өткізетін болыпты.
10
A) Мұражай Ə. Қастеев атында.
B) "Қоңыр əулие", "Шыңғыстаудағы жаз" – Абай шығармалары.
C) Мұражайда Ə. Қастеевтің 100 жылдығына орай көрме ашылды.
D) Мұражайға келушілер Ə. Қастеев суреттерін бұрын көрмеген.
Диалог мазмұнына сəйкес ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите информацию, соответствующую содержанию диалога.
1) Мұражай қазақтың ұлы ақынының атында.
2) Аталған шығармалар – суретші туындылары.
3) Мұражайдағы көрме қазақ суретшісінің мерейтойына арналған.
4) Мұражайға келушілер Ə. Қастеев туындыларымен таныс.

25
ТЫҢДА
ЛЫМ 
БӨЛІГІ
– Өте жақсы бастама екен. Байқау талаптары көрсетілген бе?
– Байқауға қатысушылар мынадай тапсырмаларды орындауы тиіс: 
«Сəлемдесу – сөз басы» (үміткердің өзін-өзі көпшілікке таныстыруы).
«Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады». Жұмбақтап айтылған шешендік 
сөздердің, мақал-мəтелдердің астарын ашып, мəн мағынасын түсіндіру. 
«Өнерге əркімнің-ақ бар таласы». Би-шешендердің сөздерінен үзінділер 
айту, қисса, дастан, көркемсөз оқу, күй, терме, дəстүрлі əн орындау сияқты қазақ 
халқына тəн ұлттық өнер түрінен сайысқа түсу. 
«Шешендік-шеберлік». Үміткерлер осы заманғы проблемалық тақырыптар 
бойынша бір-бірінен асып түсетіндей білгірлік, ділмарлық, шешендік танытып, 
күнделікті өмірде кездесетін түрлі даулы мəселелерді шешу.
– Соңғысы қиындау екен. Дегенмен бағымызды сынап көрсек қайтеді?
– Көрсек, көрейік!
13
A) мемлекеттік тіл
B) шешендік өнер сайысы
C) қазақтың би-шешендері 
D) қазақтың ұлттық өнерінің түрлері
Негізгі ақпаратты көрсетіңіз.
Укажите основную информацию.
1) Байқау мақсатына қатысты мемлекеттік тіл туралы айтылғанмен, ол толық ақпарат емес.
2) Мəтін шешендік өнер сайысы туралы толық ақпарат беруге арналған.
3) Мəтінде қазақтың би-шешендері туралы ақпарат жоқ.
4) Мəтінде тек шешендік сөз сайысы туралы ғана айтылған.
14
A) Сайыстың шарттары өте жеңіл.
B) Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрады.
C) Сұхбатқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысты.
D) «Қанеки, тілім, сөйлеші» атты шешендік өнер сайысы өтеді.
Нақты деректі анықтаңыз.
Определите конкретный факт.
1) Сайыс шарттарының барлығы бірдей жеңіл емес жəне ол нақты дерек бола алмайды.
2) Сайыстың қандай бөлімдерден тұратыны жөнінде нақты дерек жоқ.
3) Сайыстың қандай шарттарымен танысқаныдығы нақты көрсетілмеген.
4) Қайда, қандай сайыс өтетіндігі туралы нақты айтылған.
15
Байқаудың қай тапсырмасы қиын?
A) Би-шешендердің сөздерінен үзінділер айту
B) Үміткердің өзін-өзі көпшілікке таныстыруы
C) Шешендік сөздердің астарын ашып, мағынасын түсіндіру
D) Қазіргі проблемалық тақырыптар бойынша сөйлеп, шешендік таныту
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
1) Дайын мəтіннен үзінді алып жатқа айту оңай.
2) Өзін таныстыруды да алдын ала дайындап жаттап айтады, бұл да  жеңіл.
3) Шешендік сөздердің мағынасын түсіндіру – алдыңғы тапсырмаларға қарағанда күрделілеу 
болғанмен, аса қиын емес.
4) Бұл тапсырманың қиындығы туралы диалогта айтылған.

26
1) Олар өнер сайысында бақтарын сынағысы келді.
2) Олардың арасында сайысты көріп қайту туралы əңгіме болған жоқ.
3) Олардың сайысты ұйымдастыру жұмыстарына қатысы жоқ.
4) Əлі болмаған сайысқа қатысушыларды алдын-ала сынау мүмкін емес.
Тамашалау – көру, куə болу.
Бақ сынау – қатысып көру.
6-диалог
– Қаланың халқы жылдан-жылға өсіп келеді, ə?
– Иə, халықтың өсімі жақсы ғой. Тəуелсіздік алған жылдардан бері алыс жəне 
жақын шетелдерден оралмандар келіп жатыр. Бір ғана Алматы облысына 30 
мыңнан астам отбасы көшіп келген. Олардың жалпы саны 100 мың адамнан 
асқан. Биылдың өзінде 4 598 отбасы немесе 12 мың адам қоныс теуіпті.
– Қай елдерден көбірек келіп жатыр екен?
– Қандастарымыздың дені Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, 
Тəжікстаннан. Облыстық көші-қон басқармасының деректеріне қарағанда, 
бірқатар аудандарда оралмандар отбасынан тұратын тұтас ауылдар да 
пайда болған. Əкімдер олардың жаңа ортаға тезірек бейімделуі үшін барлық 
мүмкіндіктерді жасап жатыр. Бейімделу бағдарламасына құқықтық мəселелер 
бойынша кеңестер, мемлекеттік тілді, сонымен қатар əркімнің қалауынша орыс 
тілін үйрету, кəсіпке дайындау, білім беру жəне əлеуметтік қамтамасыз ету 
кіреді.
– Дегенмен халық саны 20 миллионға жете қоймаған шығар?
– Соңғы халық санағы бойынша Қазақстан халқы 17 миллионға таяп келеді. 
Мұның өзі оралмандар есебінен қол жеткізген жетістік екендігін ерекше атап 
өткен орынды. Оралмандардың есебінен халық саны 700 мың адамға өссе, 
олардың бір бөлігін елін сағынып оралған қандастарымыз құрайды. Осылайша 
ордалы елге айналып келеміз. Сондықтан да алдағы уақытта да елге бет алған 
керуенге кедергі болатын мəселелерді шешу керек-ақ.
«Дала мен қала» газетінен
 
17
A) Бала санының өсуі
B) Оралмандардың келуі 
C) Шетелдегі қазақтар жайы
D) Қазақстан халқы санының өсімі
Мəтіндегі негізгі ақпаратты анықтаңыз.
Определите основную информацию текста.
1) Бала санының өсуі туралы айтылғанмен, бұл толық ақпарат емес.
2) Оралмандардың келуі – халық саны өсуінің бір жолы ғана, сондықтан бұл да толық ақпарат 
емес. 
3) Шетелдегі қазақтардың жайы туралы ақпарат жоқ.
4) Мəтінде айтылған ақпараттар – халық саны көбеюінің негізгі факторлары, сондықтан халық 
санының өсімі толық ақпарат болып табылады.
16
Сұхбаттасушылардың ойы қандай?
A) Шешендік өнер сайысына қатысу 
B) Шешендік өнер сайысын тамашалау 
C) Шешендік өнер сайысын ұйымдастыру
D) Шешендік өнер сайысына қатысушыларды сынау
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.

27
ТЫҢДА
ЛЫМ 
БӨЛІГІ
18
Мəтінде Қазақстанның ... көшіп келген оралмандар туралы айтылады.
A) батысына
B) шығысына
C) оңтүстігіне
D) солтүстігіне
Сөйлемді диалог мазмұнына сəйкес толықтырыңыз.
Дополните предложение в соответствии с содержанием диалога.
Үшінші бөлім
1) Қазақстанның батысы – Атырау, Ақтөбе т.б. облыстар.
2) Қазақстанның шығысы – Өскемен, Семей т.б. қалалар.
3) Қазақстанның оңтүстігі – Алматы, Шымкент т.б. қалалар.
4) Қазақстанның солтүстігі – Астана, Қостанай т.б. қалалар.
19
Оралмандар есебінен Қазақстан халқы қанша адамға өсті?
A) 30 мың
B) 12 мың
C) 100 мың
D) 700 мың
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
1) Бұл – Алматыға көшіп келген отбасының саны. 
2) Бір жылда Қазақстанға көшіп келген адамдар саны.
3) Алматы облысына келген оралмандардың жалпы саны.
4) Қазақстан халқына қосылған барлық оралмандар саны.
20
Сұхбат берушінің ойы – ... .
A) оралмандарға жағдай жасау керек
B) халықтың өсуі ел экономикасына əсер етеді 
C) халықтың өсімі аналар денсаулығына байланысты
D) халық санын баланың туылуы арқылы арттыру керек
Дұрыс жауапты табыңыз.
Найдите правильный ответ.
1) Оралмандардың келуі халық санын арттыруға ықпал ететіндіктен, оларға қолдау көрсету 
керектігі туралы ой айтылған.
2) Мəтінде мұндай ой да айтылмаған.
3) Мəтін халық өсімі туралы болғанмен, аналар денсаулығы туралы айтылмаған.
4) Баланың туылуы халық өсіміне ықпал еткенмен, мұндай ақпарат мəтінде берілмеген.
● Үшінші бөлімде Сіз 2 мəтін тыңдайсыз.
● Мəтін мазмұнына сəйкес əр мəтінге 5 тест тапсырмасынан, барлығы 10 тапсырма 
беріледі.
● Тілдік дағдылардың тиімді қалыптасуы үшін, мəтіндерді бір рет қана тыңдаңыз.
 
● В четвертой части Вы прослушаете 2 текста.
● По содержанию каждого текста необходимо ответить на 5 тестовых заданий. Всего 
10 тестовых заданий.
● Для формирования речевых навыков текст прослушивается только один раз. 

28
Əлемдік нарықта текстильдің бəсекеге қабілеттілігін арттыру "Қазақ-орыс 
текстилі» АҚ текстильдік-иіру фабрикасын жаңа үлгідегі станоктармен, 
Швейцария, Германия жəне Бельгия өнеркəсіптік фирмаларының желдеткіш 
қондырғылармен жабдықтаған. Бұл фабрика жылына 8000 тонна мақта 
талшығын өңдей алады немесе 35 млн. метр мата шығарады. Еңбек өнімділігі 
бойынша ол кеңестік текстиль өндірісінің мақтанышы болған Алматылық 
 
мақта-мата комбинатынан асып түседі. Текстиль өндірісі капитал сыйымдылығы 
жоғары. Қазіргі заманғы текстильдік құрал-жабдықтар жəне жаңа технологиялар 
əлемдік нарықта бəсекелесуде. Тоқыма фабрикасы Италияда, Германияда жəне 
Эстонияда серіктес тапты.
Қазіргі уақытта жаңа текстильдік құрал-жабдықтар Швейцария, Англия, Италия 
фирмаларында шығарылады. Казақстанның «Меланж» жəне «Қазақ-орыс 
 
текстилі» АҚ текстиль кластері өндірістерінде көбінесе швейцариялық 
құрал-жабдықтар пайдаланады. Осыған орай, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ 
мен Швейцарияның текстильдік колледждерінің арасында студенттердің 
оқу тəжірибеден өту ісі ұйымдастырылды. Қазіргі заманғы текстиль құрал-
жабдықтарын өндірушілермен қарым-қатынас жасау, текстильдік білім беру 
орталығының оқыту əдістемесімен танысу біздің студенттерге кəсіптік білімін 
кеңейтуге мүмкіндік берді. Текстиль өндірісінің қазіргі заманғы техникасы 
мен технологиясы инновациялық оқыту əдістерін қолданатын жоғары білікті 
мамандарды қажет етеді.
1-мəтін
21
A) Шетелдік серіктестер 
B) Алматы мақта-мата комбинаты 
C) Оқытудың инновациялық əдістері
D) Отандық текстиль өндірісін дамыту
Мəтінге лайық тақырып таңдаңыз.
Выберите подходящий заголовок для текста.
1) Негізгі əңгіме шетелдік серіктестер туралы да емес. 
2) Алматы мақта-мата комбинаты тек фабрика өнімділігін салыстыру үшін ғана қолданылған 
ақпарат.
3) Оқытудың жаңа əдістері сөз болғанмен, бұл да мəтін мазмұнын толық қамтымайды.
4) Еліміздегі текстиль өндірісін дамыту жолдары: фабриканы заманауи құралдармен жабдықтау, 
кəсіби мамандар даярлау, тəжірибе алмасу.
22
A) «Қазақ-орыс текстилі» АҚ текстиль фабрикасы туралы жалпы мəлімет
B) ТарМУ мен Швейцария колледждерінің арасындағы келісім
C) Текстиль саласында жоғары білікті мамандардың қажеттілігі
D) Текстиль құрал-жабдықтарын жасаушылармен қарым-қатынас жасау
Мəтіннің алғашқы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание вступительной части текста.
1) Мəтіннің бірінші бөлігінде аталған фабриканың құрал-жабдықтары, өнімдері, шетелдік 
серіктестері туралы айтылған.
2) Бұл ақпарат мəтіннің соңына қарай берілген.
3) Бұл да мəтіннің ең соңында айтылады.
4) Бұл мəлімет те мəтіннің соңғы бөлігінде айтылған.

29
ТЫҢДА
ЛЫМ 
БӨЛІГІ
23
A) «Қазақ-орыс текстилі» фабрикасы өнімдерінің жылдық мөлшері
B) Текстиль саласында шетелдік фирмалармен тəжірибе алмасу
C) Фабриканың шетелдік қондырғылармен жабдықталуы 
D) Тоқыма фабрикасының шетелдік серіктестері
Мəтіннің соңғы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание заключительной части текста.
1) Бұл ақпарат мəтіннің алғашқы бөлігінде. 
2) Мəтіннің соңғы бөлігінде Швейцарияның текстильдік колледждерінде оқу-тəжірибеден өту 
туралы айтылады.
3) Бұл туралы мəтіннің басында айтылған.
4) Бұл мəлімет мəтіннің ортасында берілген.
24
A) Шетелден білікті мамандар əкелу
B) Қазақстанда текстиль өндірісін дамыту
C) Шетелдік құрал-жабдықтарды пайдалану
D) Қазақ жастарын шетелдерде тəжірибеден өткізу
Мəтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
Определите основную идею текста.
1) Мəтінде шетелден мамандар əкелу туралы ой айтылмаған.
2) Мəтіндегі негізгі ой – отандық текстильді дамыту.
3) Шетелдік құрал-жабдықтарды өндірісте пайдалану тиімді болғанмен, бұл негізгі идеяға 
жатпайды.
4) Жастарды шетелдерде тəжірибеден өткізу білікті мамандар даярлау үшін қажет болғанмен, 
бұл – мəтіннің негізгі идеясы емес.
25
Текстиль өндірісін дамыту үшін ... 
A) Текстиль өндірісінде міндетті түрде шетелдік əріптестермен бірлесіп жұмыс 
істеу керек.
B) Мамандарды шетелдерде дайындау керек.
C) Еңбек өнімділігін бірқалыпты ұстап отыру керек.
D) Текстиль өндірісіне заманауи техника мен технологияны меңгерген кəсіби 
мамандар керек.
Мəтіннің түйінін анықтаңыз.
Сделайте вывод по тексту.
Шетелдік текстиль фабрикаларымен тəжірибе алмасу туралы айтылғанмен, бұл міндетті емес, 
сондықтан мəтін түйіні бола алмайды.
2) Мамандарды шетелде дайындау да міндетті емес, тек тəжірибе алмасу жөнінде сөз болған.
3) Бірқалыптылық өндірістің өсуін көрсетпейді, сондықтан бұл да түйін бола алмайды.
4) Текстиль өндірісінің дамуы жоғары білікті мамандарға тікелей байланысты, сондықтан мұндай 
қорытындыға келуге болады.
Қазақ халқының дəстүрлі қолөнері сан түрлі: кілем тоқу, ағаштан, жүннен, 
теріден, сүйектен, тұяқтан т.б. бұйымдар жасау, ши тоқу, ер тұрман жасау, кесте, 
аяқ киім тігу, сабын, бояу жасау. Қазақ қолөнерінің бір ерекшелігі ол ерлер, 
əйелдер айналысатын болып екі топқа бөлінген. Əйелдер – киіз басып, кілем мен 
ши тоқыса, ерлер жиһаз бен жабдық, ат əбзелі мен қару-жарақ тəрізді заттарды 
жасайды.
Қазақ қолөнерінде жастардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуде ою-өрнектің 
алатын орны айрықша. Этногрфтардың пайымдауынша, осы уақытқа дейін 
 
ою-өрнектің 200-дей түрі анықталып отыр.
2-мəтін

30
Қолөнер қашаннан халықты күнделікті тұрмыстық жағынан қамтамасыз еткен. 
XIX-XX ғасырларда қазақ халқының дəстүрлі қолөнерінің ішінде киіз үйдің сүйегін, 
ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді. 
Бір ғажабы қазіргі кезде жастарға арнап ер-тұрман, белдік, қыз келіншектерге 
арнап сəукеле, шашбау, білезік, сырға жасауға сұраныс артты. Бұл халықтың 
тұрмыс деңгейінің жақсаруы мен рухани жан-дүниесінің дүр сілкінген кезеңі болса 
керек. Қазір ұлттық сана, салт-дəстүріміз қайта жаңғырған тұста ұлттық қолөнер 
кəсібін дамытып, халқымыздың дəстүрлі қолөнерінің көркем туындыларын 
импортқа, экспортқа шығару бағытында жұмыстар əлі де аз. Əрине, адамзат қоғамы 
жылжыған сайын халықтың дəстүрлі қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып, 
кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет болмай қалғаны ақиқат. Бұл күндері фарфордан, 
тоттанбайтын металдан, эмаль жалатылған темірден, пластмассадан жасалған 
сəнді жиһаз, бұйымдар көп. Бірақ қазақ қолөнері бұнымен халық тұрмысында 
өзінің ежелгі маңызын жоғалтып отырған жоқ.
26
A) Қазіргі тұрмыстық бұйымдар
B) Қазақтың дəстүрлі қолөнері
C) Ою-өрнектің тəрбиелік мəні
D) Қазақтың зергерлік өнері
Мəтінге лайық тақырып таңдаңыз.
Выберите подходящий заголовок для текста.
1) Тұрмыстық бұйымдар туралы мəтіннің соңғы бөлігінде ғана айтылған.
2) Қазақтың дəстүрлі қолөнері мəтін мазмұнын түгел қамтиды.
3) Ою-өрнектің тəрбиелік мəні туралы мəтіннің бір бөлігінде ғана айтылған.
4) Мəтінде зергерлік бұйымдарға сұраныс артылғандығы туралы ғана айтылды.
27
A) Қазақ қолөнерінің түрлері
B) Қолөнердің тəрбиелік мəні
C) Қазіргі сұранысқа ие қолөнер бұйымдары
D) Қолөнер бұйымдарын импортқа, экспортқа шығару
Мəтіннің алғашқы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание вступительной части текста.
1) Кілем тоқу, ағаштан, жүннен, теріден, сүйектен, тұяқтан т.б. бұйымдар жасау, ши тоқу, ер 
тұрман жасау, кесте, аяқ киім тігу, сабын, бояу жасау – қазақ қолөнерінің түрлері.
2) Қолөнердің тəрбиелік мəні туралы мəтіннің ортаңғы бөлігінде айтылған.
3) Қазір сұранысқа ие қолөнер бұйымдары туралы мəтін соңында айтылған.
4) Бұл ақпарат та мəтіннің соңғы бөлігінде берілген.
28
A) Этнографтар анықтаған ою-өрнектің түрлері
B) ХІХ-ХХ ғғ. кең өрістеген қазақ қолөнерінің түрлері
C) Ерлер мен əйелдер айналысатын қолөнер бұйымдары
D) Кейбір дəстүрлі қолөнер бұйымдарының тұрмыста қажет болмай қалу себебі.
Мəтіннің соңғы бөлігінің мазмұнын анықтаңыз.
Определите содержание заключительной части текста.
1) Бұл ақпарат мəтіннің ортаңғы бөлігінде берілген.
2) ХІХ-ХХ ғғ. қазақ қолөнерінің дамуы туралы мəтіннің орта бөлігінде айтылған.
3) Қолөнер бұйымдарының түрлері туралы алғашқы бөлікте сөз болған. 
4) Мəтіннің соңғы бөлігінде көптеген қолөнер бұйымдарын жаңа бұйымдар алмастырғаны туралы 
айтылған.

31

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет