Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К


Іздетіу. Осылар сыйақты сөздерді балаларға табтырыу. §9) Таңдаулы шырай



бет14/42
Дата08.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#167967
түріДерексіз
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Іздетіу. Осылар сыйақты сөздерді балаларға табтырыу.
§9) Таңдаулы шырай нәрсенің сыйқы өте артық екенін көрсетеді; оны көрсетіу үшін, жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, таб, тым, бек, қас деген сөздер қосылыб айтылады. Мәселен: ең жақсы, нақ шешен, таб зійрек, тым қорқақ, бек нәзік, қас батыр, басқа да сондайлар.
3) Дағдыландырыу. Жай шырайлы сөздер табтырыб оларға таңдау қосалқы сөздерін қостыртыу.
§10) Таңдаулы шырай екінші түрлі де болады, жай шырайдағы сөз таңдаулы шырайға түсіуге бас дыбыстары йа бас бұуындары бөлек алыныб, оған «п» дыбысы жалғаныб, сол бөлектенген дыбыстар сөз алдына қойылыб айтылады. Мәселен: а-нық = ап-анық, о-лақ = оп-олақ, шо-лақ = шоп-шолақ, қы-сқа = қып-қысқа, та-йпақ = тап-тайпақ, жа-лпақ = жап-жалпақ, се-міз = сеп-семіз, ық-шам = ып-ықшам солайша басқалары да.
4) Дағдыландырыу. Жай шырайдағы сөздерді табқызыб, оларға «п» қостырыб, тандаулы шырай еткізіу.
§11) Кейде таңдау қосалқы сөздерінің орнына басқа сөздер де жүреді. Мәселен: өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, тібті әдемі, артықша шебер. Өте, айрықша, артықша, тібті, аса деген сөздер мұнда ең, нақ, таб, тым, бек, қас деген сөздердің орнында айтылыб тұр.
5) Дағдыландырыу. Жай шырайдағы сөздерді табқызыб, оларға өте, айрықша, артықша, аса, тібті деген сөздерді қостырыб, тандау шырай еткізіу.
Ескертіу. Есімдер заттың сынын да, істің сынын да көрсетеді; мәселен, жақсы кісі деб те, жақсы еткен деб те айтамыз; жаман ат деб те, жаман жүреді деб те айтамыз; оңай жұмыс деб те, оңай істедім деб те айтамыз; шабшаң адам деб те, шабшаң сөйлейді деб те айтамыз; шабан ат деб те, шабан жүреді деб те айтамыз тағысын тағылар. Бұлар үстеу сөздердің орнына жүргендіктен, сын-есім болмай, үстеу сімек болады.
§12) Сын-есімнің кей біреулері зат-есімнің орнына жүреді. Мәселен: «Арзан еттің сорпасы татымас» дегеннің орнына «Арзанның сорпасы татымас» деб айтылады. «Арзан еттің» деген екі сөздің орнына «арзан» деген жалғыз сөз жараб тұр. Сондықтан мұндай, зат бен сын орнына бірдей жүретүн сөздерді затсымақ сын дейміз. Затсымақ сынның жалғаулары да, зат-есім жалғаулары да бірдей. Жалғау жай сынның өзіне жалғанбай, соңындағы зат есімге жалғанады, затсымақ сынның өзіне жалғанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет