Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет65/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

45. Жалпы грамматика

Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Үлкен екі саласы бар:



  • морфология;

  • синтаксис.

Грамматика —

  1. тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

Граматика құрылысы:

  1. сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

  2. морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

  3. синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.


46.Жалпы морфология
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет