Салыстырмалы-тарихи тіл білімі — тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И.Ю. Скалигер (1540 — 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф.И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал — Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л.Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 — 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В.Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф.Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я.Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А.Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады. Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф.Диц, Ф.Миглошич, А.А. Потебня, Г.Пауль, К.Бругман, Б.Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т.б. еңбектері негізінде дамыды. И.К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У.Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф.Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды.
20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А.Мейе, А.А. Шахматов, т.б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т.б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М.Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбек, М.Оразов, т.б. ғалымдар еңбектері жарық көрген
Я.Гримнің тіл біліміне қосқан үлесі
71 В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгем Гумбольдт болды. В.Томсеннің пікірінше «Германиядағы ұлы адамдардың бірі» - болып есептелінетін Гумбольдттің лингвисттикалық алымы кең. Лингвистикалық тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы – оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдинет, тіл мен материалдық дүние тіл мен ойлау т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Тұжырымдарын толық, айқын баяндайтын еңбектері: «Адамзат тілі құрлысының әр алуандығы туралы», «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» деп аталатын туындылары. Г. Өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсынан да көп және терең білетіндігінің арқасында бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды. В.Г. тілдерді типологиялық жағынан топтауда ағайынды Август және Фридрих Шлегельдердің флективті, аффиксті, аморфты тілдер деп жіктеуін қабылдай отырып, аморфты тілдерді даралаушы тілдер деп атадыда және бұл үшеуіне төртінші етіп инкорпорптивті немесе полисинтетикалық тілдер тобын қосты. Соңғы топқа ол Солтүстік Америкадағы индеецтер мен Солтүстік Шығыстағы чукот тілдерін жатқызды. Инкорпоративті тілдер тобының ерекшелігі ретінде олардағы сөйлемнің сөзбен берілетіндігін атады. В.Гумбольдт әлембік лингвистикаға «тілге таңбалық сипат тән», «ол жүйелі құбылыс», «тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді», «тіл үнемі дамуда болады» деген сияқты иедялар мен концепциялар ұсынды. Г. Тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгенген болса, соғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді дейді. Тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеялық нәрсе деп біледі. Бұл идеалық – индивидуалық емес. Жалпы халықтық, тілдік ойлау. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінгенмен, ол – жеке адамның табысы емес, халықтың табысы. Г. Гегельдің идеалистік концепциясын басшылыққа алған, белгілі шамада боса да, И.Канттың философиялық принциптеріне еліктеген ғалым, сондықтан оның тіл философиясында қате тұжырымдарда аз емес. Канттың ізімен Г. та сананы материалдық дүниеге тәуелсіз деп санайды. Тілдің еңбек прцесінде, қоғамдық қажеттіктен туғанына мән бермей, оны адам баласынның ішкі табиғи қажетінен туған, тіл адам табиғатына тән дейді. Тілдің ішкі формасы тек қана ұлттық рухпен, абсолюттік идеямен байланыста қарайды. Г-тің тілдік форма жөніндегі тұжырымдары оының лингвистикалық теориялары ішіндегі ең маңғызды саласы. Г. Тіл халықтың әрекетімен, ойлауымен байланысты болғанымен, оның өзіндік ерекшелігі, белгілі мөлшерде болса да, тәуелсіздігі, тұрақтылығы бар, сөйлеу әрекеті мен тіл өзара байланысты, бірақ тепе-тең емес, тілдік форма тұрақты, ал оның көрінісі әр түрлі. Тіл – форма, онан басқа т.к емес дейді. Г.тілді адам мен материалдық дүние арасындағы аралық категория деп түсіндіреді. 20 ғасыр лингвистикасында ең мәнді проблемалардың бірі болған тілдік жүйе, тілдік құрылым мәселелерін Г. осы салада көрсеткен. Г. Тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жәктеу мәселесімен де айналысты. Ол қалыптастырған бірсыпыра теориялық, философиялық тұжырымдар бертінде идеалистік бағыттағы лингвистердің ұранына да айналды. В.Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «Лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара-пар келетін басқа бірде-бір ғалымды атау қиын», - деп жазды. Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықта Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан 19 ғасырдағы тіл білімі тарихында ол өзгелерден оқшау тұрды, ерекше жоғары бағаланды.
72 Ағайынды Шлегельдердің тілді жіктеудегі принциптері
73 XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар / ХІХ ғасыр тіл біліміндегі мектептер
Достарыңызбен бөлісу: |