XIX ғасыр лингвистикасындағы ағымдар. Тіл білімі -өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердіц бірі — тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің коғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық кұбылыстар қатарыына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғат тану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады.
Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі — ағылшын тілінің маманы (ұлты неміс), профессор Макс Мюллер (1823—1900). Бұл да тіл білімін жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгеріс-құбылыстар тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана деп қарайды. Бірақ МюллерА. Шлейхердің тілді биологиялық организм дегеніне қосылмайды. Ол — тіл биологиялық организм емес, ойлау құралы. Тіл адам баласы тарихының жанды, дыбыстық куәсы, адамды хайуанаттар дүниесінен бөлетін негізгі белгілердің бірі. Тілдің биологиялық организм болмайтын себебі — онда табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз, өзіндік өмір болмайды. Оның өмірі адамда. Адам оны күнделікті тұрмыста қолданса, өмір сүргені, ал адам оны қолданудан қалдырса, өлгені. Сондықтан тілді биологиялық организм деу қате,— дейді. Бірақ Мюллер тілді биологиялық организм емес деп дұрыс айта тұра, сол тілді зерттейтін ғылым — лингвистиканы жаратылыс тану ғылымдары тобына қосады. Өйткені Мюллер тілдегі болатын әр түрлі құбылыстарды тілдің даму тарихы деп санамайды, биологиялық организмдердегі сияқты жай өсу ғана дейді. Сөйтіп лингвистиканы биологиялық ғылымдар тобына қосады. Шлейхер сияқты Мюллер де «тарих», «өсу» дегендер арасына шек қояды. Бірақ осы дұрыс тұжырымнан теріс қоры-тынды жасайды. Мұндағы айырмашылық объектідегі өзгеріске рух әсерінің болуы я болмауынан деп есептейді. Егер онда рух әсері болса, ол даму болады да, ол болмаса, даму емес, тілдің бүлінуі, кері кетуі дейді. Бұл — идеалистік, теріс тұжырым.
74 Натуралистік немесе биологиялық ағым
Достарыңызбен бөлісу: |