Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық (морфология) (қ. Тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы), генеалогиялық (туыстық) (қ. Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы) болып екі үлкен топқа топтастырылады.[1]
Тілдердің топтастырылуы орыс классификация языков — зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы — тілдердің туыстығына, кейінгісі — тілдердің формалдық және семантикалық ұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеалогиялық топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады. Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б. таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін) категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді, ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық (тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді. Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғ.-дан бері зерттеле бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі — И. К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғ. орта тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеалогиясы әлі анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда болғанына байланысты метагенеалогиялық топтастыру (ностратикалық тілдер) мәселесі түрінде қарастырылуда
66 Тілдің пайда болуы туралы ойлар
Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты. Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке, нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық, Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ. бастап ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Гаман, И. Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В. Фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар. Н.Я. Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының заңдылықтарына байланысты. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
67 Пор-Рояль грамматикасы
Әмбебап грамматиканы француз ғалымдары-логик,философ,профессор Антуан Арне (1612-1694) мен грамматист,филолог профессор Колод Лайсле (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.Бұлар өз заманындағы Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль моностырының ғалымдары болғандықтан және сол монастрьдан шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек,еврей,латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған.Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес,логика-типологиялық грамматика.Оның алға қойған мақсаты-барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу.Бұл еңбектің өзіне дейін шыққан грамматикалардан тағы бір ерекшелігі- оның тілдік материалды жан-жақты талдауға негізделуі.Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған:біріншісі- берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы,екіншісі-ол ережелердің логикаға негізделуі.
Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады.Оның бірі-фонетика,екіншісі- грамматика.Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп,буын,екпін мәселелері,оқуға үйрету әдісі сөз болған,екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған.Оларда морфология.синтаксис мәселелері жан-жақты талданған.
Пор-Рояль грамматикасы өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды.Ол көп ұзамай-ақ бірсыпыра тілдерге аударылды,әлденеше рет қайта басылды. Көптеген ғалымдар Пор-Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс,жаңа сапалы тіл білімінің төл басы,жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды.Пор-Рояль грамматикасының өз дәуіріндегі және өзінен кейінгі кездердегі лингвистикалық ой-пікірдің дамуына тигізген әсері болған.Заманында барлық оқу орындарында қолданылатын,жалпы тілдік теориядан терең мәлімет беретін оқулық деп саналған.
Дегенмен тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар.Олардың ең негізгісі-логикалық категория мен тілдік категорияларды бір-бірінен ажыратпай ,тең құбылыстар деп қарау.Грамматика авторларының пікірінше,әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды.Грамматика жалпыт ілдік ,универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар логикалық категорияның көрсеткіштері,ал логика категориялары жеке ұлттық болмайды,жеке адамдық болады.Тілдердің барлығы да логикаға тәуелді,сонның мүддесіне қызмет етеді.Бұл тұжырымның қателігі мынада:логикалық категорияларының жалпы адамдық болатыны даусыз ,бірақ тіл олай емес,ол жеке ұлттық,халықтық болады.Ойлау процесін,ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді.Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі өзгешеліктер болады,бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате.Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті,көп салалы.Тіл білімінің міндеті –барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес,тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.
68 Жас грамматистер бағыты
Жас грамматикалық көзқарас (младограмматизм) XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы көрнекті өкілдері К. Бургман, (1849— 1919), Г. Остгоф (1842—1907), Б. Дельбрюк (1842— 1922), Г. Пауль (1846—1921), А. Лескин (1840—1916), т. б. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар —жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, лингвистерді сол «сасык шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырғанболатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Жас грамматистік көзқарасты калыптастырушылар Лейпциг упиверситетінің лингвистері болғандықтан, кейін ол Ленпциг лингвистикалық мектебі деп те аталды. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі—тарихи принцип те, екіншісі — психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.
Жас грамматистер тілді жеке адамдардықрухани жемісі дей тұра, оның қоғам мүшелері арасында қатынас құралы қызметін атқаратынын, тілдік жетістіктерді жеткізетінін бекердемейді. Тілде ұрпақтан-ұрпаққа индивидуумның рухани қасиеті мен бірге физикалық материал да бар. Тілді ғылымға объекті ететін де оның осы материалдық сипаты. Тіл білімінің теориялық тұжырымдары тілдік материалдарды жан-жақты, ұқыптылықпен талдаудан ғана туу керек, тілдік материалдармен дәлелдеуге, дұрыс-терісін тексеруге болмайтын концепцияларға тіл білімінде орын жоқ. Осы тұжырымдарына сүйене отырып, жас грамматистер фактілермен дәлелденбейтін дыбыс тілінің, грамматикалық формалардың шығуы деген сияқты проблемалар тіл білімінің қарауына жатпайды, яғни таза жорамалға, болжауға ғана сүйеніп шешілетін мәселелердің қай-қайсысы да тіл біліміне объект бола алмайды дейді. Фактіге сүйенбейтін ғылым жоқ, бірақ ғылыми абстракцияның мәнін де ескермеуге болмайды. Фактіге сүйену концепциясын бұлжытпай сақтаған жас грамматистер тілдік материалдарды мейлінше мол жинауға, оны жүйе-жүйеге сұрыптап, әрқайсысын жеке-жеке, егжей-тегжейлі, зерттеуге ерекше мән берді. Олардың бұл әрекеттері тілді элементтері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, шарттас болып келетін жүйелі, біртұтас құрылым деп қарауға жол бермеді. Элементтер бір-біріне байланыссыз, бөлек зерттелгендіктен тіл тұтастығы бұзылып, ол қырық құрақ бірдеме болып керінді. Кейін шыққан лингвистикалық мектептер жас грамматистердің осы әдістерін атомизм деп атап, оны қатты сынға алды, мұны олардың басты бір сәтсіздігі деп көрсетті.
Жас грамматистер натуралистердің тіл дамуын екі кезеңге, тарихқа дейінгі және тарихтан кейінгі дәуір деп бөлулерін де сынға алды: Тілдің дамуында үзіліс деген болмайды, тіл биологиялық организм емес, сондықтан өзгеріс, натуралистер айтқандай өсу емес, оның дамуы, тіл — әрдайым қозғалыста болатын, үздіксіз өзгеріп отыратын тарихы құбылыс оның қай саласын болса да әрқашан тарихи тұрғыдан зерттеу керек дейді.
Бірақ жас грамматистер тілде болатын өзгеріс-құбылыстардың себебін тек қана ішкі лингвистикалық фактордан: фонетикалық заң мен аналогия заңынан ғана іздеу керек, тілдің құрылысы, функциясы оны өз-өзінен қозғалысқа келтіреді, тіл дамуы дегеніміз—оның өзіндік ішкі қозғалысы дейді. Тіл дамуына экстралингвистиканың да тигізетін әсеріне мән бермейді. Тарихи зерттеуді бірден-бір ғылымизерттеудепсанаған, ол
туралы ашық пікір айтқан ғалым — жас грамматистік мектептің көпке танылған беделді теоретигі Фрейбург пен Мюнхен университетінің профессоры Герман Пауль. Пауль тіл зерттеуде қолданылатын тарихи принципті индивидуализм, психологизм принциптерімен өзінше ұштастырады. Оның пікірінше, тіл — адамның басқа да мәдени туындылары сияқты тек тарихи тұрғыдан ғана қарауды керек ететін объект. Тіл білімі дегеніміз — тіл тарихы деген сөз. Ғылыми зерттеу деп тек тарихи зерттеуді ғана айтуға болады, тарих араласпаған зерттеу— ғылыми зерттеу емес. Олай болатын себебі тіл — мәдени туынды. Мәдени туындыларға тән бір қасиет — оларда психологиялық фактордың болатындығы. Ал психикалық фактор әрдайым даму үстінде, өзгерісте болады. Ол былай деп жазады: «Мәдени қозғалыстың қандайында болса да психикалық элемент — ең мәнді фактор, бәрі де соның төңірегіне топтасады. Сондықтан психология мәдениет жөніндегі алуан түрлі ғылымдардың барлығына да ең маңызды негіз бола алады».
Жас грамматистердің тіл дыбыстарының өзгеруінде қалыптасқан заңдылық, белгілі шек, бірізділік болады деулері дұрыс. Бірақ олар дыбыстық құбылыс атаулылардың барлығы да сөйлеу процесінде жеке индивидуумның еркінен тыс туып, содан басқаларға тарайды, дыбыстық құбылыстар тілді бүлдіріп, оның үйлесімділігін бұзады дегенді айтты. Жас грамматистердің бұл концепциялары басқа лингвистер тарапынан батыл сынға алынды.
Жас грамматистер тіл дамуында ерекше роль атқаратын екінші мәнді фактор — грамматикалық аналогия деп есептеді. Олардың пікірінше, аналогия фонетикалық заң әрекетіне қарама-қарсы бағытта қимыл жасайды. Фонетикалық заң тілдегі үйлесімділікті бұзса, аналогия оны бұзбау, сақтау бағытында әрекет етеді. Аналогия жолымен ескі форма қайта жаңарады немесе жаңа формалар жасалады дегенді айтты.
69 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшіліктері
Достарыңызбен бөлісу: |