Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет77/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

ТІЛДІК ТҰЛҒА (орыс. языковая личност) – тұлғаның лингвистикалық, әлеуметтік, интелектуалдық, этикалық, эмоциялық және т.б. бірліктерінің тілде, сөйлеуде, дискурста, мәтінде жүзеге асырылуы. Т. Т. ұғымына тілдік сана-сезім, сөйлеу мәдениеті, тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және мәдениет арасындағы байланыстарды, тілдің өмір сүру формаларын және т.б. жатады. Т. Т. құрылымы (Ю.С.Караулов бойынша) үш деңгейден тұрады: а) вербалді-семантикалық, яғни тілді білу деңгейі; ә) әлемнің тілдік бейнесіндегі ұғым, идея концептісін қоса алғандағы когнитивті деңгейі; б) мақсат, уәж, қызығушылық, интенциямен анықталатын прагматикалық деңгейі. Қазіргі кезде ғалымдардың (А.Байтұрсынұлы), тарих тұлғалардың (Абай Құнанбаев), әртүрлі әлеуметтік деңгейлердегі ауыл және қала тұрғындарының т.б.с тілдік тұлғалары сипатталып, жинақталуда.

Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы [Қ.Жұмалиев] мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі», А,1968; Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976 . Бұл іргелі зерттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдылық жүйесіне

Ш.Ниятова Махамбеттің тілдік тұлғасын, Ш.Елемесова байырғы ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуін, Ж.Саткенова көркем шығармадағы кейіпкер тілінің когнитивтік мәнін, тілдік тұлға мәселесін тереңінен зерттеп, Ф.Қожахметованың Тұрамағамбет Ізтілеуовтың, А.Жуминова  Олжас Сүлейменовтың тілдік тұлғасын жан-жақты қарастырған еңбектері бар.

53. Тілдік қабілет туралы көзқарастар

ТІЛДІК ҚАБІЛЕТ (орыс. языковая способность) – адамның тілді ішкі когнитивтік құрылымы ретінде, белгілі бір ережелер бойынша әрекет ететін психофизикалық қызметтік тетік ретінде, иерархиялық қағидат бойынша ұйымдасқан және қарымқатынасты қамтамасыз ететін қызметтік жүйе ретінде білуі. Т.қ. белгіленген сипатқа ие және субьект ретінде танылмауы мүмкін. Т.қ. ұғымы төмендегіше түсініледі: а) адамның homo loouens ретіндегі даму деңгейіне сай жинақталған «табиғи қалыптасқан» генетикалық тұрғыдан берілетін туабітті қабілеттілігі (Н.Хомский, Е.Леннеберг), «филогенетикалық мұрасы; ә) қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларындағы интенцияларды тарату және тұлғаның әлеуметтену барысында Т. қ. мағынаға бірігетін барлық тілдік жүйені қамтиды. Т. қ. баланың когнитивтік озық дамуының негізінде қалыптасады. Т. қ. когнитивті жүйе ретінде тілдік қабілет базасында дамитын өзге когнитивті жүйелерден (математикалық ойлау, музыкалық қабілет) ерекшеленеді.

Н. Хомский лингвистика ғылымының термині саналатын «тілдік қабілеттілік» пен психоло- гия саласына жататын «тілдік белсенділік» үғымдарын ажыратып береді. Оның пікірінше, тілдік қабілеттілік дегеніміз — түлғаның сол тілде сөилеу қаошеттілігі де, ал тшдік оелсенділік - тшді түтынушының айтқан сөзі.

54. Тілдік норма туралы ғылыми пайымдаулар

НОРМА (тілдік норма) – қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп тұрақталған тілдік жүйе. Н. тұрақты тіл құралдары мен оларды қолдану дәрежелерінің жиынтығы ретінде ұлттық әдеби тілдің ерекше белгісі болып табылады. Кең мағынада: Н. тілдің барлық даму кезеңдерінде де негізгі нышан деп танылады. Н. – лингвистикалық және тарихи-әлеуметтік категория.

Нормативті бөлінудің негізгі түрлері: жазбаша және ауызекі тілдің бөлектенуі; тілдің әр түрлі қызметтік-стилистикалық

Әдеби норманың өзегін стилистикалық бейтарап, ең көп қолданатын сөздер құрайды, оның перифериясында (шетінде) архаизмдер мен жаңа сөздер жатады. Әдеби тілдер тарихында жазба тіл нормасы ауызекі тіл нормасынан бұрын қалыптасатыны белгілі. Қазіргі әдеби тілдердің көпшілігіне жазба тіл нормасы мен ауызекі тіл нормасының жақындасуы тән болады. Н. түсінігі ХХ ғ. тіл білімінде теориялық жағынан негізделіп, жалпы тіл білімінде, тіл мәдениетінде, әдеби тіл тарихы мен теориясында, коммуникация теориясында зерттеліп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет