Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет78/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

55. . Тілдік және тілдік емес қарым-қатынас

арым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауыз екі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс.

ілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы – басты шарт. “Сөйлесім” – осы басты шарты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз.

Тілсіз қарым-қатынаста түсінісудің бәрі тілдік тұлғалардың /сөз, сөйлем, т.б./ қатысынсыз жүреді. Мұнда тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқармайды. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.


қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа қызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір нәрсе хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.

Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір адамның белгілі бір

Тілдік қатынас – тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек. Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілібір тұжырымға келгенавтордыңбірі –Э.П.Шубин.Э.П.Шубин шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдарды аяқтауға тырысады.

Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталуы /естілуі/ арқылы сыртқа шығады. Адамдардың арасындағы ауызша тілдік қатынас – өте ертеден пайда болып, қоғаммен бірге өмір сүріп келе жатқан құбылыс.

Ауызша қатынас – ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдің тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы аркасында жүзеге асады.



Ауызша тілдік қатынаста басты роль атқаратын – адамның сөйлеу мүшелері, дыбыстау мүшелері /ерін, тіл, тіс, мұрын, дауыс шымылдығы т.б./ жиі қозғалып, еркін жұмыс істеу арқылы қатысымдық тұлғалардың айтылып, естілуіне мүмкіндік жасайды.

Бұл-сөйлесім әрекетінің іске асуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Ауызша ТҚ адамның сөйлеу қабілетіне қарай өзгеріп отырады және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін /эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б./ іске асырады. Бұл ретте дауыс ырғағының мәні ерекше.

Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланысты бола келіп, адамдардың бір-бірімен тікелей қатынаста болуын аса қажет етпейді.

Жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі басым болады. Мұндай қарым-қатынас таңбалардың тұрақты жүйесі арқылы іске асады, оны адам өз бетінше өзгерте алмайды.

Жазбаша тілдік қатынаста басты роль атқаратын-тілдік тұлғалардың таңбалық көрінісі. Жазбаша тілдік қатынас /ТҚ/-ауызша тілдік қарым-қатынастан /ТҚ/ кейін пайда болған құбылыс.

Ауызша ТҚ пен жазбаша ТҚ айырмашылықтарын қадағалай отырып, оларды дыбыстық ТК /дыбысталу нәтижесінде болатын/ және таңбалық ТҚ /әріптермен таңбаланудан болатын/ деп те атауға болады.

Дыбыстық ТҚ естілуімен ерекшеленеді, ал таңбалық ТҚ жазылады және әріптер арқылы көзге көрінеді.

Сонымен, ауызша қатынас дыбыстала келіп, сөйлеу арқылы іске асады және тыңдалады. Жазбаша қатынас таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады және оқылады. Осы айтылғандарды өрнек түрінде берсек, төмендегідей болады:

Ауызша тілдік қатынас пен жазбаша тілдік қатынастардың әрқайсысы жеке құбылыс ретінде өмір сүрмейді. Олар өзара тығыз байланысты бола келіп, біреуі екіншісіне ұласады.

Тілдік қатынасқа негіз болатын адамның ойлау қабілеті, осы ерекшелігімен ол тілсіз қатынастан ажыратылады. Оны ғалымдар айтып та жүр. Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол -бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу – бір-бірінен ажырамас жүйелі құбылыстар.

Тілдік қатынас сөз жоқ ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл-ойдың көрінісі, адам ойын тіл арқылы яғни сөйлеу арқылы жеткізеді. Ал тілдік қатынастың негізі – тіл.


56. Тіл тұтынушының қарым-қатынастық құзыреттілігі

Тілдік құзіреттілік – тілді грамматикалық және сөздік жағынан білу мен меңгеру деп ұғынылатын тіл меңгерудің таза лингвистикалық деңгейі. Н.Хомскийдің адамның тілдік қабілеті мен сөйлеу әрекетін түсіндіруге ұсынған термині. Сөйлеушінің таза лингвистикалық дағдысына Ю.Д.Апресян мыналарды жатқызады: берілетін ойды әртүрлі тәсілмен айта алу; айтылғаннан ойды ұғына алу; тілдік тұрғыдан дұрыс айтылған мен бұрыс айтылғанды айыра алу. Мысалы, тілдік құзіреттілік саласына омонимдерді тани алу, өзгертіп қайта айта алу қабілеттілігі т.б. жатады. Адамдар сөйлеу үдерісінде тыңдаушыға түсінікті болуы үшін тілдің сөздік құрамы мен грамматикасын пайдаланады. Сөз саптай алуы керек. Бұл тіл жұмсаушының қарым-қатынастық құзыреттілігін танытады. Мысалы, түскі ас үстінде тамақтанып отырған өзге үстелдегі көршіңіз егер сізге: «Маған анау тұрған ас тұзын беріп жіберер ме екенсіз», - деп тіл қатса (бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай сұраулы, ал мағынасы өтінуді білдіреді), сіздің жауабыңыз ас тұзын алыпберу әрекеті болар еді. Егер сіз бұл өтінішті сұрақ ретінде түсініп, оған: «Ия» немесе «Жоқ» деп ешқандай әрекетсіз көршіңізден тағы да тікелей өтінуін күтсеңіз, онда қарым-қатынас процесі бұзылады. Сіз айтушының күткеніндей әрекет жасай алмай, тіл меңгерудің шартын бұздыңыз. Сол себептен де осындай мәселені зерттеген социолингвист-ғалым Р.Якобсон сөйлеушіге қарағанда тыңдаушының тілдік құзыретінің жоғары болатынына ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынас жасау құзыреттілігі аясына әдептілік ережесі енеді (мысалы, қазақтіліді, орыстілді орталарда сен және сіз деген, жапон, корей тілдерінде сыпайылықты білдіретін етістіктің арнаулы формалары бар).



57. Сөз мәдениеті туралы көзқарастар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет