Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.
1. Қазіргі тіл білімі өзінің ерекше даму жағдайын бастан кешіруде. Тіл біліміндегі интеграция процесімен де байланысты. Бұл мәселерді талықламас бұрын тіл біліміндегі дифференциация және интеграция процесі туралы түсінік қалыптасуы керек.
Дифференцация («дифференцация (лат.differentia айырмашылық) – біртұтас заттың, құбылыстың өз ішінен бөлінуі, жекеленуі. Мысалы, тілдегі диалектілердің бөлініп жеке тіл болуы; лексикалың семантикалық, стилистикалық топтарға бөлінуі т.б.» деп көрсетіледі тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде (қ.ә. 14 (95)), ал интеграция ( «интеграция» (лат. integratio қайта қалпына келу, толығу) – тілдердің бірігуі, бірігу кезінде олардың айырмашылықтарының жойылуы (қ.ә. 14 (141). Жалпы алғанда қазіргі кезеңде тіл ғылымы аймағы ғылыми парадигма алмасу жағдайын бастан кешіруде, соған байланысты дәстүрлі де, жаңа да зерттеу нысандары туралы айтуға болады: сөз тіл корпусы және оның зерттелуін үздіксіз, дискретті, синхронды, диахронды, парадигматикалық, синтагматикалық, константтілік, вариативтілік т.б. көзқарас тұрғысынан қарау туралы болғандықтан мәселелердің өзі дәстүрлі болып табылады. Бұнымен қатар өзгермелі «тіл бейнесінің» ( тіл индивидттің тілі ретінде, тіл әлеуметтік факті ретінде, тіл жүйе ретінде, тіл генетикалық және типологиялық топ өкілі ретінде, тіл функционалдық жүйе ретінде, тіл әрекет ретінде, тіл когнитивтік құрал ретінде, «тіл ойлау кеңістігі ретінде», тіл семиотикалық код ретінде т.с.с.) ғылыми сипатталуының жаңа лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әдістемелік параметрлері жасалды.
Интегралды лингвистикалық пәндер:
Лингвосемиотика
Социолингвистика
Интерлингвистика
Контрастивті лингвистика
Нейролингвистика
Паралингвистика
Қолданбалы лингвистика
Металингвистика
Мәтін лингвистикасы
|