Тіл біліміне кіріспе



бет26/69
Дата17.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#75329
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Байланысты:
ввя лекции
ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, ЛЕКЦИЯға 2, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
2.Септік категориясы. Бұл категория есім сөздерге тән. Заттар мен құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастар әр түрлі септік арқылы көрініс табады. Мысалы: үй+дің терезе+сі — меншіктеуші қатынас, үй+ге бара+мын - бағытты білдіреді.

Басқа септіктердің бәріне негіз болып тұрған септік – атау, Сондықтан да, оны кейде негізгі септік деп атайды, ал қалғандарын жанама септіктер деп атайды. Атау септігінде дербестік бар. Ол негізінен атауыштық қызмет атқарады.



Түркі тілдерінде атау септігінің өзіне тән көрсеткіші жоқ Басқа септіктердің өзіне тән ондай жалғаулары бар. Олар міндетті түрде басқа бір сөзбен тіркесіп айтылады, жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз сондықтан.

Біз септіктер бір сөздің екінші сөзге қатынасын білдіреді дедік. Сол қатынас кейбір тілдерде септік жалғаулары арқылы берілсе, екінші бір тілдерде (мыс, болгар тілінде) ол көмекші сөздер (предлогтар) арқылы беріледі (Кейде мұндай қатынастар септіктері мен көмекші сөздердің бірдей қатысуы арқылы да берілуі мүмкін). Айталық, агглютинативті тілдерде сөздердің бір-біріне қатынасы (яғни грамматикалық мағыналары) аффикстер арқылы берілсе, аналитикалық тілдерде ол көмекші сөздер мен сөздердің орын
тәртібі арқылы көріне алады. Сондықган да, агглютинативті тілдерде септіктердің саны көп, ал аналитикалық тілдерде олардың саны аз болады. Мысалы, аналитикалық тілдердің бірі - ағылшын тілінде 2 ғана септік болса, агглютинативті тілдердің катарына жататын эстон тілінде - 14 септік, венгер тілінде - 22 септік бар.

Кейде сөздердің арасындағы қатынастар септік жалғаулары мен көмекші сөздердің (септеуліктердін, предлогтардың) бірдей қатысуы арқылы да берілуі мүмкін. Оған славян тілдеріндегі септік жалғаулары мен предлогтардың, түркі тілдеріндегі септік жалғаулары мен септеуліктердің тіркесіп қолданылуын мысалға келтіруге болады. Мыс: к дом+у (дат. п.), до дом+а (род.п.), үй+ге дейін т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет