3. Жақ категориясы. Бүл дүние жүзі тілдерінің басымкөпшілігіне тән. Ол іс-әрекеттің қай жаққа (кімге) қатысты екендігінбілдіреді. Іс-әрекет сөйлеуші жақ, тындаушы жақ немесе бөгдежақтың бірі арқылы жүзеге асады. Осыған орай, әр тілде үш жақ болады: 1-жақ, 2-жақ, 3-жақ. Бүл үш жақтың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары бар. Жақтық мағына белгілі бір аффикстер арқылы беріледі. Ондай аффикстерді жіктік жалғаулары деп атайды (Осыған орай мүны жіктік категориясы деп те атауға болады). Жақ категориясы етістіктерге тән категория.
Орыс тілінде жіктелетіндер — етістіктер ғана, ал есім сөздер онда жіктелмейді. Түркі тілдерінде де негізінен етістіктер жіктелінеді. Кейде түркі тіддерінде баяндауыш кызметіңде жұмсалғанда зат есімдер де, сын есімдер де, кейбір есімдіктер де жіктеліне береді. Осыған байланысты жіктік жалғаулар баяндауыштық аффикстер деп те аталынады.
Жақтық форма жақтық мағынаны ғана емес, сонымен бірге, көптік мағынаны да білдіруі мүмкін дегенді біз жоғарыда айттық. Мысалы: барды+м — барды+қ.