III. Кавказ (Иберия-Кавказ) тілдері семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин, абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин.
ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы. Бұлар екі топка бөлінеді:
Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханты (остя) тілі; сонғы екеуі Ресей Федерациясында.
Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-зырян, коми-перм, удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері.
V. Түркі тілдері семьясы. Бұлар ең алдымен а) батыс хун бүтағы және ә) шығыс хун бұтағы деп, екіге топтастырылады:
А. Батыс хун бұтағы төртке бөлінеді:
Оғыз (Оңтүстік Батыс) тобы: түрікмен, азербайжан, түрік, гагауз.
Қыпшақ (Солтүстік Батыс) тобы: қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, карайым, құмық, қарашай, балқар, қырым татарлары.
Қырғыз-қыпшақ тобы: қырғыз, алтай.
Бұлғар тобы: чуваш.
Ә. Шығыс хун бұтағы екіге бөлінеді:
Қарлұқ (Оңтүстік Шығыс) тобы: өзбек, жаңа ұйғыр.
Ұйғыр-оғыз (Солтүстік Шығыс) тобы: якут, тува, хакас, шор, көне ұйғыр.
Достарыңызбен бөлісу: |