Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1–тапсырма:
Мәтінді оқып,
стиліне ажырат.
Стильдік белгілерін ата?
Қызыл кітап
Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктердің бүкіл жиынтығын кейде планетамыздың генетикалық қоры деп атайды. Ол миллиондаған жылдар барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Мұнда ең алдымен хайуанаттар қатты зардап шекті, өйткені адам баласы аң аулаудың алуан түрлі тәсілдері мен құралдарын ойлап тауып, олардың көптеген түрлерін қауырт жоя бастады. Орман-тоғайларды кесіп, далаларды айдап-жыртқандықтан сансыз көп аңдар мен құстардың мекендеу жағдайы күрт өзгеріп кетті.
Хайуанаттар мен өсімдік турлері табиғаттың қайталанбас, генетикалық бірегей туындысы, олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен барабар болып табылады.
Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі құрыды, ал үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында Жер бетінен тағы да 40 түрі құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана 600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр.
Қызыл кітап белгілі бір түрлердің жойылу қаупін, оларды көздің қарашығындай корғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым салынғанын ескертетін белгі және сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің программасы болып табылады. Туған табиғатты қорғап, көркейтуді, оны ұрпақтан ұрпаққа жұтатпай жеткізуді көздеген бұл игілікті іс балалардьщ да аянбай ат салысуын тілейді.
|
Оқылым
Мәтінді оқып шығады.
Стиліне ажыратады.
Стильдік белгілерін анықтайды
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
- Стиліне ажыратады;
-Стильдік белгілерін анықтайды.
|
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.
|
№2-тапсырма:
Аңдардың азайып кету себебін қазіргі күннің мәселесі ретінде түсіндіріңдер.
Диалог құрастырыңдар
Тұрлаулы сөйлем мүшелерін тауып, сұрақ қойып айтыңдар. Мәтінге сәйкес кестені толтырыңдар.
|
Айтылым
Аңдардың азайып кету себебін қазіргі күннің мәселесі ретінде түсіндіреді.
Диалог құрастырады. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін тауып, сұрақ қойып айтады. Мәтінге сәйкес кестені толтырады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым, айтылым, жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор:
-Аңдардың азайып кету себебін қазіргі күннің мәселесі ретінде түсіндіреді;
-Диалог құрастырады;
-Тұрлаулы сөйлем мүшелерін табады, сұрақ қойып айтады.
-Мәтінге сәйкес кестені толтырады.
|
8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|