(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
2-тапсырма: Мәтінді оқып шығыңдар. Мәтінде берілген ақпараттар негізінде жинақы мәтін жазыңыз
Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзінде адам тұрмысының ең маңызды факторы - энергия. Қатынас, жарықтандыру, жылыну сынды күнделікті тұрмыстың көптеген бөлшегі энергияға байланысты. Сонымен бірге энергиясынсыз өнеркәсіп те болмайды. Энергия экономиканың да ең маңызды бөлшегі.
Түрлі салаларда қолданылған энергия түрлерінің барлығы табиғи ресурстардан қамдалады. Кейбір табиғи энергия көздерінің жаңалану жылдамдығы біздің тұтыну жылдамдығымыздан өте төмен. Жаңаланбайтын энергия деп те аталатын осы ресурстардың бастылары мұнай, табиғи газ және көмір. Жер астында шикі күйде болатын және өңделу арқылы жағармайға айналатын мұнай ең қымбат энергия көздерінің бірі. Оның бара-бара резерві азаюда. Сол секілді көмір мен табиғи газ да азайып барады. Тұтыну мөлшері азаймаса, осы энергия көздерінің шамамен қырық жыл ішінде бітуі көзделіп отыр. Айырықша осы жағармайлардың өндірісі мен қолданылуы барысында қоршаған орта зиян көреді. Бұл балама энергия көздерін іздеуді арттырды.
Соңғы жылдары ғылыми зерттеулер жаңаланатын энергия көздеріне шоғырланды.
Жел, толқын және Күнсынды шексіз ресурстарды энергияға айналдыратын жүйелер артып отыр. Осындай энергия түрлері қалдық жағармайларға қарағанда таза. Табиғатқа зиян келтірмейді және қолданған соң бітпейді. Экономикалық ретінде шетелдерге тәуелділіктен құтқарады.