Тіл білімінің тарихы – лингвистикалық ой-пікірлердің дүниеге келуі, оның біртіндеп даму жолдары, қалыптасуы.
Антикалық дәуірде грамматика, поэтика, риторика т. б. филологиялық пәндер туралы тарихнамалық енбектер болған. Бірақ ғылыми Тіл білімінің тарихнамасы 19 ғ. мен 20 ғ. басында туған. Бұған тіл туралы жалпы ғылымның даму процесі, оны дәуірге бөлу, тіл туралы ойлардың негізгі тенденцияларын анықтау туралы еңбектердің тууы себеп болды. Осындай алғашқы еңбектердін бірі —В. Томсеннің "XIX ғ. дейінгі тіл білімінің тарихы" (1902) дейтін еңбегі болды. Тіл білімінің тарихнамасының қалыптасуына жеке елдер мен аймақтарда тіл білімі тарихының зерттелуі жағдай туғызды.
Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі
Тіл ғылымы тарихы
Алғаш табылған күннен бастап түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен «Диуан Лұғат-ит-Түріктің» авторы, Түркітану ғылымының негізін салушы, түркі лексикографиясының атасы, түркі тілінің тұңғыш диалектологы - Қашқарлы Махмұдтың өмірі жайында жазба деректер арқылы жеткен мәліметтер тым мардымсыз.
Кітап араб тілінде жазылған. Мұнда түрік тайпаларының тілінде жиі қолданылатын алты мыңнан астам сөз бен сөз тіркестері араб тіліне аударылып, түсінік берілген. Еңбекте сөздердің әр түрлі мағыналары түсіндіріліп қана қоймай, сол кездегі түркі тайпаларының тіліндегі фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері айтылып отырған.
Жергілікті тіл ерекшеліктері назардан тыс қалмаған. 400-ден астам сөздің тұсына ол сөздер қай тайпаның тіліне тән екені жазылған. Сол дәуірде өмір сүрген түркі тайпаларының бастыстан шығысқа қарай орналасу реті, тайпа саны көрсетілген. Олардың орналасу картасы берілген.
Сондай-ақ сөздікте 105 кісі аты, 29 ру-тайпа, 175 жер-су, қала атаулары кездеседі. Бірнеше қаланың, жер-су аттарының шығу тарихы жөнінде қызықты деректер, аңыздар бар.
Автор өзі тұстас көшпенділердің ой-өрісінен, дүниетаным жайларынан хабар береді. Табиғат құбылысы, күн мен түн, аспан әлемінің тұрақты қайталанатыны өлең сөздер арқылы суреттеледі:
Тәңірі әлемді жаратқан
Дамылсыз аспан айналады
Жұлдыздар тізіліп, жүгірісіп
Түн, күнді түгел оранар
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – архаикалық кезең. Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды.Екінші кезең – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады.Үшінші кезең – антикалық әдебиеттің эллинистикалық кезеңі.Төртінші кезеңге рим әдебиеті де кіреді, сол себепті бұл кезеңді римдік кезең деп атайды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.