Тіл дамыту әдістемесі және теориясы Тест 1-НҰСҚА



Дата19.12.2022
өлшемі24,7 Kb.
#163283
Байланысты:
Тіл дамыту


Тіл дамыту әдістемесі және теориясы
Тест
1-НҰСҚА

1.. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қатынас» білім беру саласына қандай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті енгізілген?
А)Тіл дамыту, қазақ және орыс тілдері, сурет салу, көркем әдебиет
В)Тіл дамыту, оқу және жазу, дене шынықтыру, сауат ашу
С)Тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру,тілдерді үйрету
Д)Көркем жазу, сурет салу, сауат ашу, музыка, көркем әдебиет
Е)Көркем жазу, қазақ және орыс тілдері, жапсыру,тіл дамыту
2.. Педагог тіліне қойылатын талаптар: 
А)Мақсатқа бағытталған, байланысты сөзбен
В)жас ерекшелігіне байланысты, мәнерлі, эмоцияға толы, сөйлеу нормаларын сақтау
С)Субьект-субьектімен, әдеби сөйлеу
Д)Демократиялық тіл, ашық, анық;
Е)Вербальды құралдарды қолдану арқылы
3.«Алғашқы қадам» бағдарламасында бірінші сәбилік топтарға арналған «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің білім мазмұнының мақсаты не?
А)Халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты арттыру
В)Сөздік қордағы сөздерді қолдану, қоршаған ортамен қарым-қатынасын арттыру
С)Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін беру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету
Д)Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту, сөздік қорын молайту
Е)Шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық таныстуды, өз пікірін білдіруге үйрету
4.. «Біз мектепке барамыз?» бағдарламасында мектепке дейінгі ересек топтарға арналған «Сауат ашу және жазу негіздерінен» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің білім мазмұны қайсы?
А)Әріптер таңбасымен таныстыру, баспа әріптермен таныстыру
В)Ұсақ қол моторикасын дамыту, есту арқылы ажырата білуге жаттықтыру
С)Сөздердегі дұрыс емес дауыс ырғағындағы қателерді байқауға үйрету
Д)Бала тілінің морфологиялық қырын қалыптастыру
Е)Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру, жазуға дайындық
5.Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру әдістемесі қалай жүзеге асырылады? 
А)Баланы мектепке даярлау мақсаты арқылы
В)Баланы жеке дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға үйрету арқылы
С)Тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы
Д)Баланың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген жаңа сөздерін анықтап отыру арқылы
Е)сандық, сындық белгілер
6.. Меңгерушінің тіл дамыту жұмысына байланысты міндеттері қандай?.
А)Топтағы тіл дамыту сабағынан бағдарламаға сай орындалуын тексеру
В)Сценарий құру, сабақтарға, мерекелерге дайындау
С)Жоспардың мазмұндылығын, дидактикалық ойындарын жүйелеу
Д)Баланың сөзді есту қабілетін, тілін дамыту
Е)Балалардың сөйлем құрастыра білу қабілетін бақылау
7. Бала сөздігін нақтылау, байыту және белсенді қолдануда заттық суреттердің маңызын атап көрсеткен ғалым кім?*
А)А.Байтұрсынов
В)Б.Баймұратова
С)И.Н.Мурашковская
Д)М.Конина
Е)Ғ.Дүкенбаева
8. «Грамматика –бұл тіл логикасы, ол айналадағы адамдарға тілді жинақы да түсінікті етеді» деген кім?
А)К.Ушинский
В)В.Виноградов
С)Л.В.Шерба
Д).А.Бородич
Е).Г.Тамбовцева
9.Бала тілінде грамматикалық формадағы салалас және сабақтас сөйлемдердің пайда бола бастауы қандай жағдайға байланысты болады?
А)баланың грамматиканы үлкендердің сұрақтары арқылы үйренуіне
В)бала тілінде сөйлем мүшелерінің көбеюіне
С)бірыңғай мүшелерді-толықтауыштарды, анықтауыштарды қолдануына
Д)балалардың предикативтік қатынастарды түсіне бастауына
Е)өздік қорлары неғұрлым байып, балалардың жай және жайылма сөйлемдер құрайтын грамматикалық формаларды меңгере алуларына
10.. Сөз тудырушы қосымшаларды құбылта қолдану арқылы балалар түрлі сөздер құрастыра алатынын зерттеген ғалым кім?
А)А.Байтұрсынов
В)Ф.А.Сохин;
С).Г.Тамбовцева
Д).А.Амонашвили
Е).Г.Арушанова
11.Әңгімелесу түрлері және маңызды белгілері
А)барлық жауап дұрыс
В)Алдына ала әзірленген әңгімелесу
С)Әзірленбеген әңгімелесу
Д)ақыл-ой тәрбиесінің белсенді әдісі;
Е)баланы зат, құбылыстарды өзара салыстыруға, пікір айтуға жетелейтін сұрақ-жауап.
12.. «Білгің келсе, сұрақ қоя біл» деген әңгімелесуге бағыттайтын ойынды қай зерттеуші ұсынған?
А)Э.И. Негневицкая
В)Б.Баймұратова
С).С.Ушакова
Д). П. Короткова
Е).Сарыбаев
13.Әңгімелеуге үйрету тәсілдерін көрсетіңіздер.
А)әңгіме үлгісі, әңгіме жоспары, ұжымдық әңгіме, әңгімені бөліктерге бөлу, бағалау
В)тікелей, жетекші, еске түсіретін сұрақтар, әңгіме жоспары;
С)алдын ала берілетін тікелей сұрақтар тізбегі;
Д)ұжымдық әңгімеге сұрақ-нұсқау, бәрі қосылып бағыттаушы сұрақ;
Е)барлаушы сұрақтар мен жетекші сұрақтар.
14.Мазмұнын қайталап айтқызатын көркем шығарманың тілі қандай болуы керек? 
А)бейнелеуіш құралдары мол, сипаттамалы, салыстырмалы
В)қарапайым, балаларға түсінікті,сахналық ойында қолдануға келмейтін
С)жеңіл, тілі балаларға бұрыннан таныс, анықтауыштары аз
Д)сөздері мәнерлі, түсінікті, анықтауыштары нақты, салыстырмалы, бедерлі,қысқа фразалы, күрделі грамматикалық формалары аз
Е)сөздері мәнсіз, түсініксіз, анықтауыштары жоқ, күрделі қолданымды
15. Балалардың қабылдауы бойынша құрастыратын әңгімелерін көрсетіңіз.
А)ойыншықтарды, нақты заттарды сипаттайтын, картина бойынша құрылатын, көрнекі заттарды сипаттайтын, дидактикалық ойын түрінде құрастырылатын
В)жеке және жалпылай ұжым атынан құрылатын
С)салыстырма, сипаттамалы, мазмұнды сурет бойынша құрылған
Д)хат түріндегі әңгіме, жекелей іс-тәжірибеге негізделе айтылатын
Е)ойыншықтар, нақты заттар туралы ойдан құрастырылған
16.. Балалардың еске түсіруі бойынша құрастыратын әңгімелерін көрсетіңіз.
А)жекелей іс-тәжірибеге негізделе айтылатын
В)ойыншықтар, суреттер бойынша, берілген тақырыпқа құрылатын
С)жоспар бойынша жеке және жалпылай ұжым атынан құрылатын
Д)барлық жауабы дұрыс
Е)жалпылай ұжым атынан құрылатын әңгіме, хат түріндегі әңгіме, өз атынан жекелей іс-тәжірибеге құрылатын
17.Балалардың елестетуі, қиялдауы бойынша құрылатын әңгіме түрлерін көрсетіңіз. 
А)Ертегі мазмұнын жалғастыра, жоспар бойынша құрастырылатын
В)Бұрын көргендерін көз алдына елестете, қайталай қиялдай құрылатын
С)Ойдан контаминация, көрген оқиғасын еске түсіру арқылы
Д)Ертегі мазмұнына контаминация, жоспар бойынша құрылатын әңгіме
Е) ойыншықтар, сурет, берілген тақырыпқа контаминация бойынша ойдан құрастырылатын
18.Бала дыбысты оқығанда ол дыбыстарды көзімен көріп, құлағымен естиді, бала назары сөзге, дыбысқа аударылуы тиіс. Сол дыбыстарға сөздер, сөйлемдер құрастырту керек деген міндеттер қай әдістемеде қолданылады?
А)Көркем әдебиетпен таныстыру
В)Дыбыстық мәдениетін қалыптастыру
С)Сөздік қорды дамыту
Д)Сауат ашу жұмысы
Е)Байланыстырып сөйлеуге үйрету
19.Балабақшадағы тіл дамыту үдерісінде тілмен бірге қандай тәрбие беріледі?
А)ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік
В)ақыл-ой
С)эстетикалық
Д)адамгершілік
Е)рухани.
20.Тілдің негізгі үш қызметін көрсетіңіз. 
А)диалогтық, монологтық, репликалық
В)эмоционалдық, реттеушілік, экспрессиялық
С)бейнелілік, образдылық, хабар берушілік
Д)ақпараттық, танымдық, қатынастық
21.. Сөз тудырушы қосымшаларды құбылта қолдану арқылы балалар түрлі сөздер құрастыра алатынын зерттеген ғалым кім?
А)А.Байтұрсынов
В)Ф.А.Сохин
С)Ш.А.Амонашвили
Д)Н.А.Ханина
Е)А.Г.Тамбовцева

22.Сөйлеу техникасына төселу жолдары қандай?


А)Дыбыстарды жеке айтып жаттығу
В)Дұрыс тыныс ала білу, дауысты жаттықтыру, үн реңкін қалыптастыру
С)Дыбыстау мүшелерінің қызметін реттеу
Д)Ұзақ сөйлеу немесе өлеңдетіп айту
Е)Бет әлпеттің құбылысын жаттықтыру
23. Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін атаңыз
А)Сөздік, практикалық, көрнекілік;
В)Негізгі, жанама
С)Интонация, екпін, кідіріс, дауыс күші, дауыс қарқыны
Д)Активтендіру
Е)Іштей оқу, буындап оқу
24.Артикуляция дегенді қалай түсінесіз?
А)Дыбыстау мүшелерінің қызметі
В)Сөйлеу техникасы
С)Тыныс алу
Д)Екпін
Е)Сөйлеу аппараты
25.Мәнерлеп оқудың мақсаты қандай?
А)Шығарманың мазмұнына сай интонацияны қою
В)Дауысты және іштей оқу
С)Сахнада көркем сөз оқитын артист даярлау
Д)Дауыстап шапшаң оқу
Е)Көз жүгіртіп қысқаша оқу

2-НҰСҚА


1.Тіл дамытудың лингвистикалық негізіне нелер жатады?


А)философия, әлеуметтік педагогика, тілтаным мәселелері
В)лексика, фразелогогия, мақал-мәтелдердер-айшықты лексика семантикасы
С).филология, фразеология, тілдік бірлік, тілдік ұғым-ғылыми терминдері
Д).тілдің шығуы, зерттелуі, қолданылуы туралы ілім
Е)лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жүйелердің таңбалық белгі екендігі туралы ілім

2.Ауызша тіл ерекшелігін белгілеңіз.


А)ойдың кімге бағытталғаны белгілі
В)дыбыстық бедерлі , сөздері еркін орналасқан, мәнерлі
С)графикалық таңбалы, нормалы, тұрақты
Д)дыбыстық мәнерлеу құралдары жоқ, нормалы
Е).рухты, патриоттық, сөйлеушілеріне тәуелсіз
3.Қатынас тілінің кезеңдері мен түрлері
А)барлығы дұрыс
В)жекелей-жағдаяттық қатынас
С)жағдаяттық қатынас
Д)жағдаятты-іскери қатынас
Е)жағдаяттан тыс- жекелей қатынас
4.Тілдің негізгі үш қызметін көрсетіңіз?
А)диалогтық, монологтық, репликалық
В)эмоционалдық, реттеушілік, экспрессиялық
С)бейнелілік, образдылық, хабар берушілік
Д)қатынастық, танымдық, мінезді реттеушілік
Е)ақпараттық, танымдық, қатынастық
5.Тілдің қатынастық қызметі бала жасының қай кезеңінен басталады?
А)9-12 ай аралығындағы былдырлауы кезеңіндегі бірінші сөзінен
В)үш жастан іштей сөйлеуінен
С)ауызекі сөйлесу кезеңінен;
Д)төрт жастан іштей сөйлеуінен
Е)ересектермен ауызекі сөйлеу кезеңінен
6. Тілдің танымдық қызметі дегеніміз не?
А)Іштей сөйлеуі қалыптасқаннан кейін, жаңа сөздерді, түрлі грамматикалық формаларды меңгеруі арқылы айналаны тани бастау кезеңіндегі қызметі
В)үлкендер қолданатын тілді еліктеу тәсілімен қабылдау әрекетіндегі қызметі
С)жағдаятқа байланысты сөз қолданыстарын белсенді меңгеру кезеңіндегі
Д)баланың есту, көру, елестету қабілеттері ерекшеліктерін ескеру кезеңіндегі әрекеті
Е)іштей сөйлеуі басқа тілде бола тұра, ана тілін белсенді меңгере бастаған кезеңдегі қызметі

7.Тілдің реттеуіштік қызметі неден көрінеді?


А)ретпен санауды үйрене бастауынан
В)баланың мінез-құлқын реттеуші ретінде «болады», «болмайды» сияқты сөздің мәнін меңгере бастауынан
С)сөз жүйелерін түсінуінен
Д)әр заттың түрін, түсін, жалпы сапалық белгілерін ажырата білуінен
Е)әр сөздің жағымды, жағымсыз мағыналарын аңғарудан
8.Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға, тілдік тәрбие беруге және тілдің түрлі аспектілерін аңғара алуларына ықпал ететін Ф.А.Сохин, О.С.Ушаковалар ұсынған тұжырым қайсы? 
А)байланыстырып сөйлеу тілі формаларын өзара байланыста шешу
В)баланың сөздік қоры мен дыбыстық мәдениетін байланыста шешу
С)сауат ашу мен көркем шығармамен таныстыру міндеттерін бірлікте шешу
Д)мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту міндеттерін кешенді түрде шешу
Е)грамматикалық формалардың лингвистикалық негізін ескеру
9.Сөйлеу тілі өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
А)сыртқы сөйлеу, ішкі сөйлеу
В)диалогтік және монологтік сөйлеу
С)ой-пікір, пікірталас, сұхбат
Д)мазмұнды, мазмұнсыз
Е)ретті, ретсіз.
10.Балабақшадағы тіл дамыту үдерісінде тілмен бірге қандай тәрбие беріледі?
А)ақыл-ой
В)эстетикалық
С)ақыл-ой
Д)рухты, патриоттық
Е)ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік
11.Актив, пассив сөздер тіл дамыту әдістемесінің қай міндетінде қарастырылады?
А)Сөздік қорды дамыту
В)Байланыстырып сөйлеуге үйрету
С)Көркем әдебиетпен таныстыру
Д)Дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу
Е)Сауат ашу
12.Балабақшада сөздік қорды дамыту міндеттерін көрсетіңіз.
А)Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, нақтылау, жандандыру, бала тілінің тазалығын сақтау
В)Ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету, жай және құрмалас сөйлемдерді үйрету
С)Балалар тілін фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан жетілдіру
Д)Сөздерді талдау, жинақтау, грамматикалық формадан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс
Е)Актив, пассив сөздерді қатарластыра дамыту, нақтылау
13. Сөздік қорды дамытудың негізгі көздерін көрсетіңіз.
А)үлкенердің сөздерін үлгі - сөздері
В)бақыланатын қоршаған орта
С)көркем шығарма туындылары
Д)суреттер қарастыру
Е) барлығы дұрыс
14.Балалар бақшасында тіл үйретудің еліктеу әдісінің тәсілдерін көрсетіңіз. 
А)драматизациялық ойын, баланы сөйлетуге жетекші сұрақтар
В)айналамен танысқанда нақы затты бақылау, ойындар, сөз үлгісіне сүйену
С)мазмұнды-рольдік ойын, режиссерлік ойын, қимыл ойын
Д)үйретуші мен үйренушінің бір сөзді қайталап айтуы, диафильм
қарастыру
Е)қолдан жасалған ойыншықтарды сипаттату, сурет бойынша әңгімелету
15.Белгілі бір әдістің қолданылу нұсқасын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдарынының сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін не дейміз?
А)методология
В)құрал
С)әдіс
Д)тәсіл
Е)әдістеме
16.Үйретушінің сұрауынан, үйренушінің жауап беруінен тұратын практикалық әдіс қай әдіс?
А)Сөйлеу (әңгімелесу) әдісі
В)жаттығу әдісі
С)Әңгімелету әдісі
Д)Ойнау
Е)Мазмұндау әдісі
17.Сөздік әдісінің тәсілдерін көрсетіңіз.
А)сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру,, сұрақ, бағалау
В)сұрақ қою, реплика тастау, аудару, түсіндіру
С)диафильм көрсету, сызба, мнемокесте
Д)баяндау, түсіндіру, бақылау, сұрақ-жауап, мәтін оқу, қайталау
Е)нақты нысандарды көрсету, атын атау, әңгімелесу, тақпақ оқу
18.Балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын практикалық әдіс түрі қайсы? 
А)сұрақ-жауап
В)әңгімелету
С)мәнерлеп оқу
Д)қайталап айту әдісі
Е)құрастыру
19.Баланың мазмұнды әңгіме құрастыра білу дағдысын қалыптастыратын,ертегілерді өз бетінше құрастыруын, өз өмірлерінен нақты жайды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі оқиғаларды қиыстырып айтуын, нақты нысандарды суреттеп беруін қалыптайтын практикалық әдіс түрін көрсетіңіз.
А)Әңгімелесу
В)Бақылау
С)Сөзбен сүйемелдеу
Д)қайталап айту
Е)Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі
20.Бала тілінің қалыптасуына қай әрекет ерекше ықпал етеді?
А)еңбек әрекеті
В)ойын әрекеті
С)тілдік қатынас
Д).О. іс-әрекет
Е)сурет салу

21. «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөнінде» тақырыбына Қазақстанда ғылыми диссертация қорғаған кім?


Б.Баймұратова 
С.Ғ.Бәтібаева
Е.Суфиев
С.Әмірова
К.Метербаева
22.Баланы мектепке дайындау мен тәрбие туралы туралы Қазақстандағы зерттеулердің авторларын көрсетіңіз.
А)Құлжанова, Е.Суфиев, Б.Баймұратова
В)Меңдаяқова, С.Ғ.Бәтібаева
С).Метербаева, С.Әмірова, А.Бакраденова
Д)Е.Суфиев, Ғ.Таубаева, Б.Баймұратова
Е)Әмірова, А.Бакраденова, Е.Құлжанова
23.Баланың көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылатын диктант түрін көрсетіңіз. 
А)Сөз диктанты
В)ескерту диктанты
С)шығармашылық диктант
Д)терме диктанты
Е)әріп диктанты
24.Жазу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін синтаксистік жаттығудың түрі?
А)сұрақтар бойынша сөйлем құрау
В)мәтінді оқу
С)диктант жазу
Д)әріптерден сөз құрау
Е)сөзді оқу
25. Қазақ мектептерінде қазақша оқытуға арналған «Әліппе» және оқу-әдістемелік құралдар жазған тұңғыш әдіскер- ғалым –
А) Байтұрсынов
В)Ж.Аймауытов
С)М.Жұмабаев
Д)Е.Суфиев
Е).Әуелбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет