Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс ғылымдары факультеті
Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі »
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған
Семей - 2013 жыл
1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемелері кафедрасының аға оқытушысы Ерменова Б.О.
.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Дене шынықтыру және спорттың ілімдері мен әдістемелері кафедрасының отырысында
«____» ________ 2013 ж. № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Тусеев Б.М.
2.2. Жаратылыс ғылымдары факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
«____» ________ 2013 ж. № ____ хаттама
Төрайымы Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Факультеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырыстында шығаруға мақұлданған және ұсынылған
«____» ________ 2013 ж.№ ____ хаттама
Жаратылыс ғылымдары факультетінің
деканы, х.ғ.к. Ибраева Л.С.
Мазмұны
Қолдану саласы
Нормативтік сілтемелер
Жалпы ережелер
Әдебиеттер
Студенттерге және оқытушыларға арналған жұмыс бағдарламасы
Дәріс және практикалық сабақтардың қысқаша сипаттамасы
Студенттердің білімін ағымдағы тексеруге арналған тесттер
І. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Оқытушының фамилиясы, аты, әкесінің аты: Ерменова Батиля Оралбайқызы, аға оқытушы
Кафедра: Дене шынықтыру және БӘД теориясы мен әдістемесі
Байланыс ақпараты: тал. 77-34-77 (жұмыс); 34-37-25 (үй) кафедрада болу уақыты: 9.00-15.00 күн сайын, 3 корпус, 239 каб
Пәннің атауы: « Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»
Кредиттердің саны: 3
Оқу жоспарынан көшірме
курс
|
семестр
|
кредит
|
дәріс
|
тәжір
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
жиыны
|
Бақылау формасы
|
3
|
5
|
3
|
30
|
15
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Дене тәрбиесі және спорттың теориялық негіздері; Дене мәдениетінің теориялық негіздері; Дене тәрбиесі және спорттың амалдары; Дене тәрбиесі және спорттың әдістері; Дене тәрбиесі және спорттағы қозғалысқа үйрету және оның қағидалары; Дене қуаты қасиеттері және оны дамыту әдістемесі; Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі; Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау; Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау; Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және есепке алу; Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру; Оқушы және студент жастардың дене тәрбиесі; Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі.
Пәнді оқыту мақсаты
1. Болашақ дене тәрбиесі және спорт саласында жұмыс атқаратын жоғары білімді маманды арнайы біліммен, ұғымдармен дене тәрбиесі және спорт жаттықтырулары сабақтарын ұйымдастыру амалдарымен, әдістерімен, әдістемелерімен қаруландыру.
2. Студенттерді дене тәрбиесі мен спортқа байланысты, адам тәрбиесіне бай- ланысты, рухани сана–сезімге байланысты салаларда терең түсінік, біліммен, әртүрлі теориялармен қаруландыру.
3. Болашақ дене тәрбиесі мен спорт саласында жұмыс атқаратын жоғарғы бі- лімді маманға қажет арнайы біліммен, терминдермен, түсініктермен, жаттығу ды орындау және ұйымдастыру әдістерімен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Студенттерге дене мәдениетінің мемлекетіміздегі маңызы, қо- ғамдағы орны туралы кең, терең мәліметтер беру.
Пәнді оқыту міндеттері
1. Студенттерді дене тәрбиесі пәнінің бөлімдерімен, теориялық түсініктермен, Қазақстан республикасы дене мәдениеті жүйесімен, жаттығулардың денсаулықты нығайтудағы әлеуметтік мәнімен таныстырамыз.
2. Студенттерді дене тәрбиесі амалдарымен, жаттығу техникасымен, сипатамасымен, қимыл әрекетке үйрету құрылысымен, әдістерімен таныстырамыз, түсініктерін қалыптастырамыз.
3. Студенттерді қимыл қозғалысқа үйрету мен дене қуатын жаттықтыру қағидаларымен, әрттүрлі дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістерімен таныс - тырамыз.
4. Мектепте дене тәрбиесі сабағын, спорт түрлерінен жаттықтыру жүргізу әдістемесін үйретеміз.
5. Әртүрлі жастағы адамдармен сабақтар жүргізу әдістемесімен, жоспарлау технологиясымен, бақылау және есепке алу құжаттарымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер
Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында студенттер дене тәрбиесі және спорттық жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыруға қажет дене тәрбиесі амалдарын, әдістерін, қағидаларын үйренеді.
Дене қуаты қасиеттерін, оны дамыту жолдары туралы теориялық мәліметтер алады.
Жоспарлау технологиясын, сабақтарды талдауды үйренеді.
Сабақтар жүргізу іскеліктері мен дағдыларына қалыптасады.
Мектепте дене тәрбиесі сабағын, спорт түрлерінен жаттықтыру жүргізу әдістемесін үйренеді.
Пәннің пререквизиттері
Анатомия, физиология, биохимия, дене мәдениеті тарихы, сауықтыру технологиялары.
Пәннің постреквизиттері
Спорттық – педагогикалық пәндер, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру, спорттық медицина, балалар мен жасөспірімдер спорты, іс-тәжірибелік практика.
Техникалық дағдылар мен жабдықтар:
Студенттер пән бойынша берілетін тапсырмаларды орындау үшін MS Office - Word, Excel, Power Point; Internet бағдарламаларымен жұмыс істей алу керек.
Пән саясаты:
Сабаққа қатысу:
Күндізгі бөлімде оқитын студенттер сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық, аудиториядан тыс СОӨЖ сабақтарына қатысу керек. Студент СОӨЖ сабақтарына берілген тапсырмалар бойынша оқытушыға сұрағы болған жағдайда немесе СӨЖ жұмыстарын тапсыруға, босатқан сабақтарын өтеу үшін келеді. Кей жағдайда сабаққа қатысу оқытушының талабы бойынша міндетті.
Студенттің аудиториядағы жұмысы:
Аудиториялық сабақ кезінде студент өткізілетін жұмыс түрлерінің барлығына қатысуға міндетті(ауызша жауап, жазбаша жұмыс, талқылау, пікірталас, топпен жұмыс, жоба орындау т.б.)
Сабақты босату:
Сабақты тек себепті жағдайда ғана босатуға болады.
Себепті жағдайлар :
ауырғанда (студенттік емханасының амтулаториялық орталығының берген медициналық анықтамасын көрсеткен жағдайда).
спорттық жарыстар, олимпиадаларға, сайыстар мен конференцияларға қатысқанда (мұны айғақтайтын құжат болған жағдайда).
отбасылық және басқа да себептерде (деканаттың рұқсаты болған жағдайда).
Соңғы екі жағдайда сабақтан босату деканаттың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Егер студент себепті жағдаймен босатса, өтілген тақырыпты оқытушыға тапсыруға құқығы бар және бағасы кемітілмейді. Ал себепсіз жағдаймен босатқанда да өтілген тақырыпты оқытушыға тапсырады, бірақ оқытушы бағаны 25 %-ға дейін кеміте алады. Егер студент сабақты үш рет себепсіз босатса, оқытушы факультет деканының атына мәлімдеме жазады. Егер студент сабақтың 50 пайызына қатыспаса, ол пәнді қайтадан өтуге міндетті.
Сабаққа кешігу:
Сабаққа мүлдем кешігуге болмайды.
Академиялық адалдық:
Аудиториялық және өзіндік жұмыстарды орындауда студентке көшіруге, басқа біреудің дайын жұмысын, ойын пайдалануға және басқа да академиялық мінез-құлыққа лайық емес әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
Аталған академиялық адалдықты бұзған жағдайда оқытушы жұмысты қабылдамайды және бағаламайды.
Студенттің құқықтары мен міндеттері
Студент:
пәннің силлабусын электронды немесе қағаз түрінде алуға;
алған бағалары туралы уақытынды ақпарат алуға;
қойылған бағаға дәлел алуға;
оқытушыға босатқан күндегі материалды және өздік жұмысты тапсыруға;
пәннің мазмұны , өзіндік жұмыстарды орындау бойынша кеңес алуға;
ағымдық бақылауда өзінің бағасын көтеру мақсатында қосымша тапсырма алуға;
емтихандағы бағасын белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға беругеи құқылы.
Студент:
сабақ кестесі бойынша барлық аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарға қатысуға;
сабақты себепті жағдайлармен босатқанда медициналық анықтама көрсетуге немесе деканаттан белгіленген тәртіп бойынша ресімделген рұқсат қағаз әкелуге;
сабаққа кешікпеуге;
өзіндік жұмыстарды уақытында орындап және тексеруге беруге;
аудиториялық жұмыстарға жүйелі түрде дайындалуға;
аудиториялық жұмыстарға белсенді қатысуға;
тәртіп сақтауға;
оқытушылар, студенттер, университет қызметкерлеріне қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Оқытушының құқықтары мен міндеттері
Оқытушы:
семестр бойында силлабусқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
сабақты босатқан студенттен түсініктеме талап етуге;
себепсіз сабақ босатқан студенттердің жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
уақытында өткізілмеген өздік жұмыстарын өз қалауы бойынша 25%-ға дейін төмендетуге;
10 минуттан артық уақыт сабақтан кешіккен студентті сабаққа кіргізбеуге;
академиялық адалдық ережесін бұзған студенттердің жұмыстарын тексермеуге құқылы.
Оқытушы:
студенттерге пән бойынша силлабусты бірінші оқу күні электронды немесе қағаз түрінде беруге;
семестр бойында силлабусқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы студентті уақытында ақпараттандыруға;
сабақ кестесіне сай аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда аудиторияда болуға;
студенттерге бағалары туралы ақпарат беруге;
студенттерге қойылған бағаларды дәлелдеп беруге;
студенттерге қатысты әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
Пән бойынша тапсырмалар
Сырттай -қысқартылған оқытудың сырттай жоғары білім базасы үшін
№
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
лекция
|
сем.
|
практ.
|
лаб.
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Модуль I. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің жалпы негіздері
Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері
1. Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі оқу және ғылыми пән, мақсаты мен міндеттері.
2. Дене мәдениетінің бөлімдері, қызметтері, негізгі ұғымдары
2. Қазақстан мемлекетінің дене мәдениетінің жүйесі.
|
1
|
1
|
|
|
1
|
8
|
2
|
Дене тәрбиесі және спорттың амалдары.
1. ДТ негізгі амалы – дене тәрбиесі жаттығулары.
2. Жаттығулардың техникасы мен топтары.
3. ДТ көмекші амалдары.
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
3
|
Дене тәрбиесі және спорттың әдістері.
1. Әдістерді топтау.
2. ДТ жалпы әдістері.
3. ДТ арнайы әдістері.
|
1
|
1
|
|
|
1
|
8
|
4
|
Дене тәрбиесі және спорттағы қозғалысқа үйрету және оның қағидалары.
1. Қозғалысқа үйрету және оның кезеңдері.
2. Дене тәрбиесінің қағидалары (саналық және белсенділік, көрнекілік, реттілік, даралық, біртіндеушілік)
|
1
|
1
|
|
|
1
|
8
|
5
|
Дене қуаты қасиеттері және оны дамыту әдістемесі.
1. Дене қуаты қасиеттері, түрлері.
2. Күш, жылдамдық және оларды дамыту әдістемесі.
3. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі.
4. Икемділік, ептілік және оларды дамыту әдістемесі.
|
2
|
2
|
|
|
2
|
8
|
6
|
Модуль 2. Дене тәрбиесінің әдістемелік негздері
Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі
1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
2. Дене тәрбиесі сабағы, сабақтың құрылымы мен мазмұны.
3. Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы.
4. Сабақтарды жүйелеу.
5. Денсаулығы нашар оқушылармен дене тәрбиесі жұмысын жүргізу.
|
2
|
2
|
|
|
2
|
8
|
7
|
Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау.
1. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы.
2. Дене тәрбиесі сабағында жүктемені мөлшерлеу.
3. Сабақты талдау, бағалау
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
8
|
Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау.
1. Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
2. Оқу ағымының жылдық жоспар графигі.
3. Тоқсандық және әрсабақтық оқу жоспары.
4. Сабақтың жоспар – конспектісі.
|
2
|
2
|
|
|
2
|
8
|
9
|
Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және есепке алу.
1. Бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Мектептің дене мәдениеті ұжымы.
3. Мектептің бақылау және есепке алу құжаттары.
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
10
|
Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.
1 Сыныптан тыс жұмыстар, оларды ұйымдастыру.
2. Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.
3. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шаралары.
4. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
11
|
Оқушы және студент жастардың дене тәрбиесі
1. Жоғарғы оқу орнындағы студенттердің дене тәрбиесі, мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру.
2. Арнайы орта оқу орындарының колледжердің оқушыларының дене тәрбиесі.
3. Кәсіптік техникалық училищелердігі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстары.
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
12
|
Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
1. Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері.
2. Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі.
3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру
|
1
|
1
|
|
|
1
|
7
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
|
|
15
|
90
|
Достарыңызбен бөлісу: |