Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Сурет бойынша баяндауды оқыту әдістемесі



бет39/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
49. Сурет бойынша баяндауды оқыту әдістемесі

  • Бастауыш мектепте суретке қарап әріп тану «Әліппені» оқытудан басталады. Сондықтан сурет бойынша оқыту суретке қарап әріп танудың дамуы және жалғасы деуге болады. Сурет бойынша оқыту мәтіндері нақты заттардың суреті және сол сурет мазмұны мен мағынасы туралы жазылған шағын мәтінен құралады.

  • Оқытудың міндеті мен талабына және мәтіндердің ерекшелігіне қарай сурет бойынша оқытылатын мәтіндерді оқытуға мынандай талаптар қоюға болады:

  • Сурет бойынша оқыту арқылы оқушылардың бақылау қабілеті мен түсіну қабілетін жетілдірумен бірге, олардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе, мәтін суреттеріндегі тартымды да қызықты көріністерді бақылау негізіндегі бейнелі ойлау қуатын дамыту қажет.

  • Сурет арқылы мазмұнды түсінуге жетелеу, оқушылардың пікір жүргізу қабілетін жетілдіру, көріністен өтіп, мәнді түсінуте жетелеу керек.

  • Оқушылардың оқиға, зат суреттелген әңгімелер жазуына біртіндеп негіз қалау, белгілі бір заттың тұлғасын өз ойында бейнелей алатын, олардың бейнесі көз алдына елестете алатын дорежете жеткізу талап етіледі.

  • Ана тілін оқыту мақсаты түрғысынан қарағанда, сурет бойынша оқытылатын мәтінді оқытуда тіл, жазуды үйретуді негізгі оқыту түйіні етумен бірге, суретті бақылау арқылы түсінікті тереңдетуге мән беру талап етіледі.

  • Сурет бойынша оқытудың үнемі қолданылатын әдісі-суреттен мәтінге өту, сурет пен мәтінді өзара үштастыра отырып оқыту болып табылады. Бұл оқыту әдісін нақтылап айтқанда:

  • Суретті байқау, бақылаудан бастап іске кірісіп, бірінші сурет мәтінін оқып шығу қажет. Оқушылар оқытушы қойған талап бойынша суреттерді өздері дербес мұкият көріп, зер сала, қадағалай бақылауы керек. Онан соң сурет мазмүнын ауызша баяндауға оқушыларды шабыттандыру керек. Алдымен, суретте нелер сызылғандығын, қандай көріністер бейнеленгендігін білу, екіншіден, суретте бейнеленген мазмүнға өтіп, ондаған заттар мен олардың көріністер арасындағы байланысты және даму өзгерістерін айтуға жетектеу керек.

  • Бастауыш сынып жасындағы балалар үшін кітаптардағы суреттердің тәрбиелік мәні зор. Олар баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Көп ретте балалар суреттерді қарағанымен,ондағы оқиғаларды көре білмейді. Сондықтан үлкендер оларға «Мына суретте нелер бейнеленген? Суреттегі адамдардың аттары қалай? Олар не істеп жатыр? Олардың әрекеттері дүрыс па?» деген секілді сүрақтар қойып, жауабына дүрыс баға беріп отырғаны жөн.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет