Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Балалардың заттық және сюжеттік суреттерді қабылдау және түсіну



бет40/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

50. Балалардың заттық және сюжеттік суреттерді қабылдау және түсіну

  • Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі 3 Факторға сай жүзеге асады. 1) Биологиялық Фактор. 2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады

  • Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял, ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Олардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде , әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс - әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.

  • Көрнекілік оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады. Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .

  • Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .

  • Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады . «әліппе » кезінде суретті, алфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т б . пайдаланылады .

  • Көрнекілік деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды. Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балардың жасерекшелігін мұқият ескеру жөн.

  • Сонымен қатар көрнекіліктің мынандай түрлері бар:

  • Таблицалық көрнекілік – бұл мектепте көп тараған және қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын өте пайдалы әдістемелік құралдың түрі (орфо-графиялық таблица,фонетикалық таблица,грамматикалық таблица).

  • Схемалық көрнекілік – бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі. Мысалы: сөз тудыру схемасы, сөз түрлендіру схемасы.

  • Плакаттық көрнекілік – оқушылардың сөздігін толықтыру мақсатында жасалған плакат, сөз мағыналарын байқату үшін жасалған плакат, жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат т.б.

  • Тақта көрнекілігі – бұл бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ерекше көп қолданылатын көрнекіліктердің бірі. Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі.

  • Көрнекі құралдарды пайдалану барысында мұғалім көрсетілген зат пен құбылысты сөзбен сипаттап береді. Өйткені сөзсіз көрнекілік – мылқау.

  • Сабақта көрнекілікті үнемі көп көрсете беру нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып, бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет