Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Қосымша көркем әдебиет оқудың мәні туралы ата аналармен әңгіме үзіндісін жасаңыз



бет57/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
73. Қосымша көркем әдебиет оқудың мәні туралы ата аналармен әңгіме үзіндісін жасаңыз.
Ұлы ойшыл Абай атамыз адамға мінез ата-анасынан, ұстазынан және құрбысынан жұғады деген. Дана халқымыз «баланы – жастан» деген ұстаныммен оның тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, кішкентайынан өнер-білімге, кітапқа құштар болып өсуі үшін барын салған. Кітап оқып, білім нәрімен сусындап өскен баланың ойлау қабілеті ұшқыр, сөз саптауы жүйелі, есте сақтауы қабілеті жоғары, әртүрлі салада білімі мол, танымы кең болады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.Бұл баланың әсерленгіш,ойлауды,сөйлеуді меңгерумен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең.Бұл кезең – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы,демек адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі.Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде,балабақшада,отбасында,алған білім тәрбиесіне байланысты.Біздің негізгі басты міндетіміз баланы жан-жақты дамыта отырып,тілін дамыту.Сөздік қорларын молайту мен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінігі кезеңде меңгертуге тиіспіз.Ұлы педагог К.Д.Ушинский «Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе,ең алдымен ой-өрісін,қабілетін дамытуы тиіс»-деген.Сондықтанда мектепке дейінгі ұйымдарда коммуникация білім беру саласының соның ішінде көркем әдебиеттің маңызы өте зор.Маңызын саралай кететін болсақ,әрбір ұйымдастырылған көркем әдебиет оқу іс-әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы,әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануы оқу іс-әрекеттерін түрлендіріп ұйымдастыруы маңызды роль атқарады.
Осы орайда тәрбиеші көркем әдебиеттің тармақтарын дұрыс қолдана білуі шарт.Атап айтар болсам,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,көркем сөздер,нақыл сөздер,тиым сөздер,көркем шығармалар,ертегілер.Бұларды тиімді қолдана білу балалардың қиялын шарықтатады.Білімді меңгеру барысында баланың ойлау қабілеті ұштасады.Мектеп жасына дейінгі балалар көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап,елестете алады.Сондықтан баламен сөйлескенде,әдеби шығармаларды оқығанда,ертегімен таныстырғанда суретімен көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ.Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс-әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана-сезіміне,жүйелі сөйлеуіне әсер етеді.Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.Негізінен тәрбиешінің алған қойған мақсаты – көркем әдебиет үлгілерін қолдана отырып,балалардың тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту,рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,өз тілінде дұрыс сөйлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.Көркем әдебиет үлгілерімен таныстыру үшін,алдымен оқылатын материалдың көлемін,мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер өмір тәжербиесінің қысқаша қорытындысы.Мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар,қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де біздің алға қойған мақсатымызға жетуге әсері мол.
Көркем әдебиеті мен таныстыру,арнайы өтілетін оқу іс-әрекеттері мен оқу іс-әрекеттерінен тыс жүргізілетін ойын,еңбек әрекеттерінде іске асады және баланың сөздік қорын молайтып,әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп,қолдана білу көзделеді,бейнелі көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.Егер көркем әдебиеті нұсқаларының нақты материалдары белгілі тақырыптарға сәйкес жүйеленсе,осы үлгілерді пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері нақтыланса, арнайы хрестоматиялық жинақ дайындалса,онда балалардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік болады.
Көркем әдебиетінің салалары өте көп.Солардың бірі балаларға ертегі оқу және түрлі театр арқылы түсіндіру өте қолайлы,әрі жеңіл болады.Осылайша балалардың ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын оята отырып,мазмұнын түсініп айтуға жетелейміз.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор.Ол балаларға рухани ләззат беріп,адамгершілік,өзін-өзі бағалау сапаларын дамытады.Сонымен бірге ертегінің тағы да бір пайдалы жері кейіпкерлер арқылы бала жаман – жақсы қылықтарды ажырата алады және қандай қасиеттердің жағымдылығын ойына түйеді.Бала бойына адалдықты,мейірімділікті,имандылықты да дарытатын ертегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет