Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Тыңдау(есту арқылы қабылдау)сөйлеу әрекетінің түрі ретінде



бет59/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
76.Тыңдау(есту арқылы қабылдау)сөйлеу әрекетінің түрі ретінде.
«Тыңдау» термині есту арқылы сөйлеуді қабылдау және түсіну процесін білдіреді. Тыңдалым - сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі, яғни бір мезгілде сөйлеуді есгу арқылы түсіну және қабылдау. Ол сөйлеумен қатар, шеттілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тілдік қарым - қатынас екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың тілдік дайындығында тыңдалымды жете бағалау маңызды. Өйткені, оқытудың маңызды мақсаттарының бірі - оқушыларды дыбысгы сөйлеуді түсінуге үйрету. Атап айтатын болсақ, түрлі хабарландырулар, радио және теледидар жаңалықтары, түрлі нұсқаулар мен тапсырмалар, әңгімелесушілердің әңгімелері, актерлердің сөздері, әңгімелесушінің телефон арқылы сөйлесуі т.б. Жиі есгуден бөлек, оқушы басқа да әрекеттерді орындайды: байқайды, айтады, жазады, бірақ көп жағдайда нақты жұмыс ісгеу үшін естігенін түсіну қажет.
Шетел тілі сабағында сөйлеу немесе тілдік дағдыны қалыптастыру үшін аудиотекстермен жұмыс жасау бағытын оқушыға тиімді әдістермен жеткізу талап етіледі. Өйткені. басты мақсат: сөйлеу мен жазу дағдыларын одан әрі дамыту және бір мезгілде лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдыларды пысықтау. Бұл жағдайда тыңдалым оқыту құралы болып табылады. Тыңдалым оқыту құралы ретінде оқушыларды жаңа тілдік және сөйлеу материалымен таныстыруды, сөйлеудің қол жеткізген деңгейін қолдауға ықпал етіп, тыңдау дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Демек, сабақта аудиокассеталарды сауатты пайдалану оқушылардың нақты қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ықпал етеді және кездесетін қиындықтарды жояды. Өйткені тыңдау барысында оқушы күрделі перцептивті-мнемониялық қызметті және талдау, синтез, дедукция, индукция, салыстыру, қарсы қою, абстрагирлеу, нақтылау және т.б. ой операцияларын орындайды. Объективті факторлар ұсынылған мәтіннің ерекшеліктерінен және оның қабылдауы өтетін шарттардан құралады. Субъективті факторлар оқушының психикасының ерекшеліктерімен және оның дайындық деңгейімен анықталады.
Тыңдау үшін мәтінді іріктеу кезінде оқушының мазмұндық сипаттамасы, тілдік және композициялық ерекшеліктері, сондай-ақ, сөйлеу, есту қабілеті, назары, сөйлеу болжамына және ықтималдық болжауға қабілеттілігі, ішкі сөйлеудің дамуы мен дәлелдей білу деңгейі ескеріледі. Оның барлық түрлерінде сөйлеуді меңгеру маңызды рөл атқарады, өйткені шет тілі сабағында қарым-қатынастың негізгі нысандары диалог пен монолог болып табылғандықтан, тыңдалым оқушылардың еркін коммуникациясы үшін өте маңызды.
Ресейлік профессор, педагогика ғылымдарының докторы Елена Николаевна Соловова тыңдаудың терт негізгі механизмы атап көрсеткен. Олар [9]:

сөйлеуді есту,


есте сақтау,
ықтималдық болжау,
артикуляция механизм!
Сөйлеуді есту - олардың ішіндегі ең маңыздысы. Ол ауызша сөйлеуді қабылдауды, оны мағыналық синтагмаларға, сөз тіркестеріне, сөздерге бөлуді қамтамасыз етеді. Осы механизмнің арқасында сөйлеу ағымындағы таныс бейнелерді тануға мүмкіндік болады. Бірақ ауызша сөйлеуді түсіну үшін сөйлеуді есту жеткіліксіз. Танымал бірлікті есте сақтау қажет. Демек, жады тыңдалудың маңызды тетігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет