78. Бастауыш мектептегі артикуляциялық жаттығулар Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
— пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.
Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:
Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.
Оның орындалуын көрсетеді.
Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.
Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.
Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет. Біріншіден, атаулар балаларды жаттығу жасауға қызықтырады, екіншіден, жұмыс барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Логопед әрдайым жаттығуды қалай жасау шарттарын түсіндірмей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы, «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық:
«Инеше» - ауызды кең ашық. Тілді жіңішкертіп, ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Жалпақ тіл» Ауызды ашып, ерінді жымиып ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге тигізіп, осы қалыпта (5-10-ға) ұзақ ұстап тұру. Жаттығуды орындау барысында қадағалау қажеттілер:
Ерінді тым кең созбау керек.
Тілді көп алға шығармау керек, тіл тек астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек.
«Төбешік» - ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы, төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Түтікше» - тілді жалпақ ете ауыз қуысында шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеретін түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Кесе» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.
«Тоқылдақ» - Тілдің ұшы үстіңгі азу тістердің артындағы қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. Тілдің ұшын бүкпей, түзу ұстау керек. Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы қажет
.