Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет64/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

81. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмыс
Тіл дамытудың ең алғы шарттарының бірі - сөздік жұмыс.

Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ, сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.


Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, т.б. білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы» және сол сияқты әр адамның байлығы. Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.
Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық туғызады. Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру керек.
Ең біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден, үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден, сөзді үйрену арқылы бала дұрыс сөйлеп үйренеді. Сөздік жұмысын жүргізгенде мынадай негізгі әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
1. Мазмұнды түрде сөйлеу
2. Жүйелі түрде сөйлеу
3. Мәнерлі түрде сөйлеу
4. Нақты түрде сөйлеу
Мазмұнды түрде сөйлеу - ойды айқын, сендіре, оқушыға немесе тыңдаушыға әсер ете білу шеберлігі. Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен қызмет атқарады.

Қазіргі қазақ тілінің сөздігі – жалпы тіліміздегі қолданылып жүрген әдеби тіліміздің лексикасы. Халық пайдаланып жүрген сөздер кәдімгі қолданып жүрген техникалық терминдер, мамандыққа байланысты сөздер, диалект сөздер, т.б. сөздерден тұрады.


Жүйелі түрде сөйлеу – оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт. Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап, әуелі не жөнінде, т.б. жобалап алуға тиіс. Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.

Мәнерлі түрде сөйлеу – оқушы әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек. Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады. Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.


Нақты түрде сөйлеу– баланың сөйлеу тілінде нақтылық, дәлділік қажет. Әрбір сөз дұрыс айтылуды, дыбысталуды қажет етеді. Онсыз сөздің мағынасы, әсері болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет