Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Ауызша сөйлеуді дамыту сабағының үзіндісін сипаттаңыз



бет65/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

82. Ауызша сөйлеуді дамыту сабағының үзіндісін сипаттаңыз
Сөз – тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар, адамның сезімі мен ниеті – сөз арқылы білдіреді.
Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы.
Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.
Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:
1. Диалогтық сөйлеу.
2. Монологтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады.
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бiрнеше маңызды қажеттiлiктерi бар. Бiрiншiден, бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы олардың адамгершiлiк қасиеттерi тәрбиеленiп, жеке бас тұлғасын iзгiлендiруге болады, екiншiден, топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлiк қабiлет жетiлiп, өзiндiк ой-пiкiр айтуға үйренедi, үшiншiден, айтар сөзiн, жазар ойын нақты әрi толық жеткiзуге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, бiлiм үлгерiмi жоғарылайды, төртiншiден, сөйлер сөзiнде әрбiр сөздi орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкiрт ертеңгi күнi қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерер ұлттық тәрбие негiздерiмен сусындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет