Баланың тілін дамыту жұмысың негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру
Сонымен қатар, балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру төмендегідей нақты міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:
1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық
формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
6. Көркем сөзге баулу;
7. Сауаттылыққа үйрету.
Сөйлеу дағдысын дамыту әдістеріне жатады: балаға айналадағы өмірді бақылату, бақылай білуге үйрету. Сурет көрсетіп әңгімелесу. Фильмдер көрсету және оны талдау. Көркем әдебиет шығармаларын оқып, тыңдату. Осының бәрінде бала білетін және жаңадан үйренетін сөздер түсіндіру; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Баланың сөздік қорын байыту, нақтылау үшін, күнделікті өмірде орынды қолдана білуі үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыру қажет. Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал- мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді, сюжетті суреттерді ойын, жаттығуларды балаларға арналған мультфильм, кинофильмдерді пайдаланып, ертегі мазмұнын қайта жаңғыртып, ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс- тәсілдерін қолдана отырып сөз туындату, сөйлем құрау, шығармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың тілі дамытылады
86.Балаларды сабақтарда дыбысты айтуға үйрету әдістемесі
Оқушыларға дыбыс және әріпті таныту бағытында дыбыстан сөз құралатыны, сөздің белгілі бір мағынасы болатын сөзден сөйлем құралатыны және сөйлем арқылы адам өзінің ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны тәрізді білімдер меңгертіледі.
Сонымен оқушылар сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан, буынның дыбыстан тұратындығын талдап жинақтай алады. Жазба дыбыстың әріппен таңбалатыны әр дыбыстың таңбасы болатындығы ұғындырылады. Мұғалім қазақ тіліндегі дыбыстардың дауыс шығаруына баланысты дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінетіндігін таныстырады.
Қазақ тілінде қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыстардың бар екендігін танумен бірге дауысы дыбыстарды созып айтып ән салуға және дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі қалыптастырылады. Сонымен бірге дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі мен дыбыс жасайтын мүшелері туралы да мағлұматтар беріледі. Мысалы: Ауыздың кең ашылуынан дауысты дыбыстардың анық, ашық және жуан, жіңішке естілуі және о, ө, у, ұ, ү дыбыстарын айтқанда екі еріннің алға қарай дөңгелене созылуы сияқты мәліметтер игертіледі. Бастауыш сыныпта дауысты дыбыстарға салыстыра меңгертілетін тақырыптардың бірі дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың буын құрай алмайтындығы, дауыссыздарды айтқанда ауцыздың кең ашылмай, дыбыстардың кедергіленіп шығатындығы оқушыларға жеткізіледі. Үнді дауыссыздар созылып, айтылғанмен оған ешқандай дауыстың қатыспайтын белгілері ұяңдар жұмсақ айтылып, дауыстың болмайтын ерекшеліктері және қатаң дауыссыз дыбыстар қатты айтылып бұған қатысты дауыстың болмайтын қасиеттері меңгертіледі.
Дауысты мен дауыссыз дыбыстың өзіндік белгілерін мұғалім түрлі сөздерді буынға бөлдіріп, ондағы әр дауыстының бір-бір буын құрап, дауыстыларды созып айтуға болмайтыны сияқты өзіндік қасиеттер дауыссыз дыбыстарда жоқ екені сол буын құрамындағы мәні басқа сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстармен саластыра отырып иеңгертіледі. Тілдік фактілерге сай жүргізілген методикалық жұмыстардың нәтижесінде сөздің буынға бөлінетіндігін біліп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |