Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Сабақтарда балаларды поэзиямен таныстыру әдістемесі



бет69/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

87. Сабақтарда балаларды поэзиямен таныстыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде поэзиянын алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үннен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс. Әрбір бөбектің күнделікті іс- әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата- анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілер, мақал – мәтелдер баланың әдет – дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналасындағы үлкен кішіге, ата–әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділіке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. 
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үннен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.Балаға әңгімелеп айтуға оқып тыңдатуға, жаттап айтуға таңдалған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс.Әрбір бөбектің күнделікті іс- әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата- анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме – ертегілер, мақал – мәтелдер баланың әдет – дағдыларын тереңдете түседі. Шығарманың баланы отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата- анаға, айналасындағы үлкен кішіге,ата –әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділіке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата – баба мұрасынан бізге жеткен тілек бата, өнеге – өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет