Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Балаларға арналған шығармалар әртүрлі жанрлық туралы әңгіме үзіндісін ата-аналармен жасаңыз



бет71/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

89. Балаларға арналған шығармалар әртүрлі жанрлық туралы әңгіме үзіндісін ата-аналармен жасаңыз
Қазақ әдебиетіндегі тілдік, тақырыптық ерекшелігімен дараланып тұратын көркем шығармалардың бірі – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар әдебиеті балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарманың қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, жүйелілігімен, сазды әуенімен, өнегелі мазмұнымен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады. Қазақ балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала деуімізге болады. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан, үлкен белеске көтерілді. Жалпы балалар әдебиеті өзінің негізін ауыз әдебиеті үлгілерінен алады. Қазақ ауыз әдебиетінің «шілдехана», «бесік той», «тұсау кесер», «сүндет той» т.б. үлгілерінен бастау алатын балалар тақырыбына арналған шығармаларды сөз еткенде, қазақ ертегілері мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың мазмұны мен тақырыптық жағынан ерекшелігін айта кеткен жөн. Мұның барлығының мазмұнында алғашқы қоғамдастыққа тән өмірдің сарқыншақтары басым болып келетінін ескерсек, оның тілдік ерекшелігі мен танымдық деңгейін арнайы қарастырудың өзіндік мәні бар. «Қазақ балалар әдебиеті басқа да көркем шығармалар тәрізді сан ғасырлық тарихи даму кезеңдерді басынан өткеріп келеді. Балалар әдебиетінің атасы деп А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, І.Жансүгіров, С.Бегалин т.б. сынды ақын-жазушыларды атасақ, одан кейінгі кезеңде жарыққа шыққан М.Әуезовтың «Бала Шоқан» әңгімесінің ізін ала қазақ әдебиетіндегі балалар тақырыбына жазылған шығармалар да, тақырыбы мен мазмұны жағынан ерекше мәнге ие бола бастады. Жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетінде Ж.Дәуренбеков, Ж.Аяшев, Р.Қунақова, С.Бердіқұлов, С.Ерубаев, С.Елубай, Ә.Тарази, Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, М.Гумеров сынды ақын-жазушылардың балалар тақырыбына жазылған шығармалары дүниеге келді. Осы тұста Ж.Дәуренбековтың «Алғашқы сабақ», Ж.Аяшевтің «Алақан», С.Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп», С.Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жыр», С.Елубайдың «Ойсыл қара», М.Гумеровтың «Өзіұшар», Ә.Таразидың «Арман атаман», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты әңгімелері жарық көрді» [1]. Осы тұстағы көркем әдебиет пен фольклор жанрында балалар тақырыбына арналған әдебиеттерге жоғарыда аталған қаламгерлердің шығармаларын жатқызуға болады. Балалар тақырыбына жазылған шығармалар өзінің тақырыптық, стильдік, құрылымдық жағынан ерекше дүние.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет