88. Көркем шығармаларды сахналау Көркем шығарманы оқушылардың өздері сахналау арқылы олар тек шығарманың мазмұнын ғана түсініп қоймай, өзі сахналаған кейіпкердің образына кіру арқылы оның мінез-құлқын, ойын, пікірін жете түсінеді. Сонымен қатар сахналық көрініс – ұжымдық жұмыс, мұнда барлық балалар бір мақсатта, бір бағытта жұмыс істейді. Бірлесе отырып бір шығарманы сахналау үшін бір-біріне көмектеседі, бірге жұмыс істеуге үйренеді.Тек көркем әдебиетті ғана емес, сонымен қатар мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қалалық «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» тақырыбына өтетін тәрбие сағатында өзімізге бекітілген тақырыпты ашу мақсатында қойылатын көріністерге де оқушылар белсене қатысады. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған тәрбие сағатында соғыстан баласы қайтпай қалған ананың рөлін сомдағанда образға кіріп кеткені сонша, сахнадан шыққаннан кейін де көз жастарын тыя алмай отырған балаларды көріп өзіңіздің де көзіңізге жас келеді.Ал көрермендердің ішінде көзіне жас алмаған адам жоқтың қасы. Көркем әдебиетті оқуға қызығушылығы жоқ балалардың көркем шығармаларды сахналауға деген қызығушылықтары өте жоғары. Сабақтарда өлеңнен үзінді жаттауға жалқауланып жүретін балалар мұндайда қандай ұзақ мәтін болса да жаттап алады. Қазақ театр өнерінің алғашқы режиссері Ж.Шанин: «Өмір шындығын табу сахнада екі түрлі: біріншісі – алғыр сезімі, екіншісі – білім-ой сезімі. Бірінші алғыр сезіміекіншісімен шарықтайтын білім-ой сезімі қанша жақсы, алғыр болса да ғылымға, білімге сүйенеді»,- деген екен. Ендеше, оқушылардың көркем әдебиетке қызықтырудың бұл жолын тиімді пайдалана білгеніміз жөн.Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс - әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен дауыс ырғағы. Көркемдік оқу әдісі, кейіпкер бейнесін сомдауы, сөйлеу мәнері, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.