Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Сөйлеуді дамытуға арналған ойын-сауық материалдары



бет66/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
83. Сөйлеуді дамытуға арналған ойын-сауық материалдары.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Ең бастысы, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жағдайларды объективті түрде бақылап ,талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен ешуақытта түсіп көрген емес.Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сананы оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту-қазіргі кезде оқу -тәрбие ісіндегі басты мәселе. Бұл жинақта тіл дамытуға арналған біршама тапсырмалар мен қызықыты ойындар, жаттығулар жинақталған. Тіл дамыту бір жақты құбылыс емес, сондықтан да баланың тілін логикалық ойлау арқылы, шығармашылық тапсырмалар арқылы да дамытуға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында да арнайы жаттығулар жүйесімен баланың тілі мен ойын дамытуға болады. Берілген ойындарды баланың жасына сай қолдану керек.
Тілдік жаттығулар- айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.
Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.
Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз. Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет