Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту



бет67/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В.А. Сухомлинский
Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді.
84. Бастауыш мектеп оқушыларының мектеп кітапханасына баруы.
Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс - шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту. Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.
Кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • Кітапхана міндеті мен ережесін сақтау.

  • Балалардың ынтасы мен оқу ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары.

  • Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары.

  • Эстетикалық, этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктік жайлы және өлкетануға байланысты насихаттау.

  • Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар.

  • Еліміздегі атаулы мерекелер мен шараларға байланысты жұмыстар.

  • Дене тәрбиесі мен денсаулық тәрбиесі.

  • Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар.

  • Оқырмандарды кітапханаға тарту жұмыстары.

Бастауыш мектеп – өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өзгерту міндеттері қойылды. Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.
Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет