«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры_______ Оқу ісінің меңгерушісі_______
Б.С Смайлова К.К Сагиндикова
____________2019ж _________________2019ж
Бұланды орта мектебінің 2 «А» сыныбына арналған
«Тіл дамыту» факультативтік жоспары
Сынып жетекшісі: Джурманова В.П
2019-2020 оқу жылы
«Бұланды орта мектебі»ММ
2-сыныпқа арналған факультативтік курс
Біржан сал ауданы, Бұланды ауданы
2019-2020 оқу жылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Джурманова В.П
Түсінік хат
7-8 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.
«Тіл дамыту» - таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.
«Тіл дамыту» курсы 2 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:
аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат жүктеме берілген.
Арнайы курс сабағы бастауыш сынып оқушыларына әрі қолайлы, әрі тиімді.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
Міндеттері:
табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;
балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.
жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |