Тіл дамыту пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар


Оқу іс - әрекетінің тақырыбы



бет2/6
Дата15.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3987
1   2   3   4   5   6

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы:

М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

Мақсаты:

1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3. Оқу іс - әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктері: нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері.

Жаңа сөздер: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе әңгіме.

- Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

- Мынау - бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс - әрекетінің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайн сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

3. Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды.

(Егін)


4. Педагогтің түсіндіруі.

- Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

- Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.

- Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп - баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

5. Сергіту сәтін өткізу.

Жайқалады аң бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аңқудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

6. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу. Тәрбиеші ертегінің бөлім - бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.

7. Жазбаша жұмыс.

8. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: қырман.



3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

- Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

- Нан қайдан келеді?

- Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

- «Нан - байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты:

1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе әңгіме

- Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

- Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

- Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.

- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

- Ал сендер үйлеріңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды атаңдар.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.

2.Негізгі бөлім.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

- Олар қалай тұрады?

- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата - анасының әкесі.

Нағашы әже - анасының анасы.

Немере - ұл - қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- Ата.

- Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.



- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?

- Әже.


- Ал сендердің әжелерің қандай?

Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.

Әке - асқар тау,

Ана - етегіндегі бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.

3. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

в) Жазбаша жұмыс

1. Шытырман арқылы әжесінің ийіне апаратын жолды бояу.

2. «Сыңарын тап» ойыны.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

- Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Біздің үй.

(Сурет бойынша әңгіме)



Мақсаты:

І.Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

2.Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.

3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктері: үй жиһазының суреті, үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.

Жаңа сөз: жиһаз, жатынжай, мансард.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңберін құру.

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.



2. Кіріспе әңгіме.

Педагог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ - жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізеді:

1. Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

2. Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

3. Үйде қандай бөлме түрлері болады?

3.Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі суретпен жұмыс.

- Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі - үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Коттедж - жеке ауласы бар сәнді салынған 2 - 3 қабатты үй. Мансард - шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме.

Жиһаз - үй бұйымы, мүлік. Жатынжай - ұйықтайтын бөлме.

б) Салыстыру жұмысын жүргізу.

Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылықтарын әңгімелеу.

- Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай?

- Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке - жеке отбасылары тұрады. Олардың ауласы - бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.

в) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.

- Үйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар бола­ды. Қандай жиһаздар болады?

- Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.

- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

- Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б.

- Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?

г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру. Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.

г) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.



4. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?

2. Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Мысық,әтеш,түлкі» ертегісі.

Мақсаты:

1. Ертегі мазмұнын түсіндіру.

2.Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

а) Шаттық сәтін өткізу.

Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі...» деп, өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады.

ә) Тыныштық сәті.

- Ертегі - бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата - аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір - екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).

2. Негізгі бөлім.

«Мысық,әтеш,түлкі» ертегісі

а)Дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

б) Сұрақтарға жауап беру.

1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

2. Ертегі сендерге ұнады ма?

3. Несімен ұнады?

4. Қандай кейіпкер ұнады?

5. Ертегі қалай аяқталды?

в) Балалардың пікірлерін тыңдау.

- Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнамады?

Балалардың үлгі жауабы:

«Мысық,әтеш,түлкінің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.

ғ) Жұмбақ шешу.

Жұмбақтың шешулері: күшік,мысық.

Әтеш,түлкі,мысық сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі мысық. Мысық тышқан аулайды.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

а) Ертегі мазмұнын мазмұндау.

- Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары

Мақсаты:

І.Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктері: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

а) Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.

- Әуеннен не естідік?

- Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?

- Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт - құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.

ә) «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.

- Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп:

- Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиылып жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді.

- Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, - дейді.

Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті - үстіне шақырады. Еш - қандай хабар болмайды.

Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен.

Сұрақтар:

- Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?

- Тотықұс Әтешке не үшін келді?

- Тоты әдемі киініп, қайда кетті?

- Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен?

- Әтеш жабайы құс па?

- Үй құстарын атаңдар.

- Үй жануарларын атаңдар.

2. Негізгі бөлім.

а) Дәптермен жұмыс.

Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.

- Үй құстарына қандай құстар жатады?

Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр - түсі, үлкен - кіші, пішіні).

ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.

б) Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.

в) Тыныштық сәтін өткізу.

- Балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып - тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелерді жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?

- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

- Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?

- Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?

г) Жұмбақ шешу.

Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі, Алып ұшар алысқа «Ер қанаты» деседі.

(Жылқы)

ғ) Сергіту сәтін өткізу.



Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды. Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.

д) «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды.

Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

ж) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты:

1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.

2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

3. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.



Жаңа сөздер: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?

- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Балаларға жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал - үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.

- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?

- Қасқырдың баласы - бөлтірік. Қоянның баласы Түлкінің баласы - мыршай (жаутаң). Аюдың баласы - қонжық. Жолбарыстың баласы - шөнжік. Арыстанның баласы - абдан.

2.Негізгі бөлім.

а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.

• Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.

• Сөздік жұмысын жүргізу.

Миығынан күлу - езу тарту, мұртынан күлу.

• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.

• Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.

б) Жұмбақтар шешкізу.

• Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.

• Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.

1. Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. (Аю)

3. Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

4. Бұлаңдаған құйрығы -

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

в) Сергіту жаттығуын өткізу.

г) дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.

Мақсаты:

1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер. Көрнекілік: әртүрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.



Оқу іс - әрекетінің барысы:

Ертеңгілік жүздесу.

Қуанамын менде, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!

Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.

- Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат та (Фея) келіпті. Қош келдіңіз.

Балалар Перизатқа ойыншық туралы өз ойларын айтады. Теледидардан әртүрлі ойыншық ұстаған балалар би билейді. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды.

- Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады?

- Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

- Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?



Көңіл күйді көтеру.

Ойыншықтарды шашамыз, шашамызда жинаймыз, Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын.

Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады.

«Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс.

«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.

Кішкентай Сәнияның ойыншықтары көп. Туған күніне сыйлаған ойыншықтары қаншама. Неше түрлі қуыршақтар аю, қоян, ит және т.б. бөлмесіндегі ойыншықтар бұрышында сөрелерде тізіліп түр. Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткен шақта ойыншықтар бір - бірімен айтыса бастады. Сондағы даулары Сәния қыз қайсысын өте жақсы көреді екен?

Әңгімені сары шашты әдемі қуыршақ бастады.

- Сәния мені өте жақсы көреді, себебі мен әдемімін.

- Жоқ мені жақсы көреді, өйткені мен мамықпын, - деп қуыршақпен ақ қоян келіспеді. Ал менің үлкендігім соншама кейде мені жастанып та жатады. Неге дауласасыңдар соншама біздер арқылы оның ой - өрісі дамиды, - дейді түрлі түсті тек - шел ер жамырап.

Бәрінің айтқан дәлелдерін тыңдап болған үш аяқты вело­сипед:

- Маған тең келетіндерің жоқ шығар. Адамға денсаулық ке­рек. Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды, - деп мақтанады. Осылай ойыншықтар ұзақ айтысады.Ойыншықтардың осы дауын ұшып келіп терезенің жақтауында отырған көгершін естиді.

- Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсысың Сәнияны өте жақсы көресіңдер? - деп сұрады.

- Мен, мен, - деп бәрі жамырай жауап қатты ойыншықтар.

- Міне, көрдіңдер ме? Сәнияны бәрің бірдей жақсы көреді екенсіңдер. Сәния да бәріңді жақсы көреді. Оған сендер керек - сіңдер. Олай болмаған жағдайда Сәния қажет еместеріңді лақтырып, не біреуге сыйлап жіберер еді. Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді.

Аң көгершіннің айтқанының жаны бар. Ойыншықтар үндемей қалды. Бұл кезде таң да ата бастады.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Елордасы — Астана.

Мақсаты:

1. Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

2. Өлеңді мәнерлеп оңуға, ойларын жүйелі жеткізуге бау­лу -

3. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.



Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің су - реттері, бейнетаспа.

Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.

а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

ә) Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын не - месе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

• Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

• Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

• Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

• Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

• Парламент үйі - Өкімет үйі.

• Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

• Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

• Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы.

• Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.

- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қала - сын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

б) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

в) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.

А - ана, алма, ...

С - су, сан, ...

Т - таң, тамаша, ...

А - асыл, ата, ...

Н - нан, нар, ...

А - апа, алқа, ...

г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет