Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық сипаты: фоностилистика және дыбыстық символизм


Зерттеудің деректері мен әдістері



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата09.05.2024
өлшемі414,48 Kb.
#201896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
404-Текст статьи-2090-1-10-20220928

Зерттеудің деректері мен әдістері 
Фоностилистикалық зерттеу экстралингвистикалық факторлардың 
әсерінен, эвфонология және дыбыстық символизм, эвритмика және 
шығарманың мелодикалық (әуендік) құрылысымен байланысты 
туындайтын әдеби тіл қолданысымен одан ауытқу, сөйлеу нормалары мен 
дыбыстық синонимия көріністерін, сегментті және суперсегментті 
деңгейлердегі тілдік бірліктердің дыбыстық және темпоралды - 
мелодикалық, екпін және интонациялық модификацияларының 
қолданысын түрлі шеңбердегі экстралингвистикалық факторлар әсерін, 
көркем шығармадағы жазушы тілінің дыбыстық ерекшеліктерін т.б. 
зерттеулерді кеңінен қарастыруды көздейді. 
Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы мазмұн мен түрдің 
үйлесімділігіне құрылатын өлеңге сөзді қалай құбылатын, құлпыртса да, 
оны нендей тәсілдермен көркемдесе де кең көсілетіндей мүмкіндіктер бар 
екеніне тоқталады. Сонымен қатар, ырғақ иелігіндегі өнер ұйқас арқылы 
белгілі әуенге құрылған өрнегі. Бейнелі ойды бернелей жеткізетін көрнекі 
лебіз дыбыс үйлесімділігінің, әуезділігінің көрінісі. Үндестік жасаушы 
ырғақ өлеңге тармақ, бунақ, шумақ болып төгіледі. Буындардың 
үйлесімділігінен тұратын қазақы өлеңге дыбыстардың қолданылу реті 
әсерлі бейнелілігімен үлкен мәнге ие дейді. Мысалы, 
Сағынам сені сәт 
сайын, бұлтқа барып батса айым
Демек, А.Байтұрсынұлы 
экспрессивтілік ұғымын атамаса да оны бейнелілікпен астасып жататын, 
бейнелілікті жасауға қатысатын тілдік құбылыс ретінде анықтайды.
Қазақ зерттеулерінде тілдің дыбыстық бірліктерінің стилистикалық 
ресурстарын қарау мынадай үш мәселе аясында анықталатыны айтылады. 
Мысалы: сөйлеу стильдері; фоносимволизм; фонетикалық құрылымның 
поэтикалық жүйесі.
Стилистика саласында тіл дыбыстарының қарапайымнан күрделіге 
ауысу жүйесінде бірқалыпты зерттелгенін байқаймыз. Бұл фонеманың 
артикуляциялық, акустикалық ерекшеліктеріне қатысты қарастырылатын 
мазмұндық проблема. 


Фонетикалық 
бірліктерге 
эстетикалық 
тұрғыдан 
трансформациялануға бейім, өзгермелі тілдің жай-күйін бейнелейтін 
парадигмалық қасиет тән. Онда тілдің менталды, психологиялық, 
әлеуметтік, коммуникативтік, кумулятивтік, поэтикалық сипаты көрініс 
алады.
Психолингвистер 
физиология 
мен 
нейропсихологияның 
жетістіктеріне сүйене отырып, тіл деңгейлерін фондық және жетекші деп 
екі деңгейге бөледі [5, 29 б.]. Фондық деңгей бірліктері сөйлеуші 
тарапынан автоматты түрде, санадан тыс жасалса, жетекші деңгейдегі 
бірліктер саналы түрде сөйлеуші тарапынан сараланып жұмсалады екен. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет