Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы



Дата07.07.2018
өлшемі98 Kb.
#48256

www.kurs.ucoz.kz

Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы

Ана тілінің қадір-қасиетін танытып көпшілікке ой салу ,пікірлерін ұштау мақсатымен тіл,ана тілі,қазақ тілі жайлы ұлы ойшылдар мен қайраткерлердің,танымал тулғалардың,ғалымдар мен сөз зергерлерінің даналық ой тұжырымдары мен түйінді сөздерінен жыйынтығын  әр жерден аударып тіркеп жыиып журетінмін Осы жыинағымды алғаш массаған сайтынада жариялап көпке таныстырған едім Енді өз блогымада тіркеп қойуды жөн көрдім

тағы бір ескерте кетер жайт тіл жайлы өз пікір ойларын білдерген кеибір сайтшылардыңда өз ой туиіндемелерін қатар қосып қойдым!!!Себебі сайтшылардыңда әр қыилы жазған пікр еңбегі көл көсірғой!

Тіл-қылыштан да өткір

Ақыл-көркі-тіл
Тілдің көркі-сөз

Ақыл мен білмнің тілмашы-тіл

Көрінеді тілден түйсік,білім де,
Біле білсең жарылқаушы –тілің де.

Білімсіздер тіліне берік болсын,


Білімдінің тіліне ерік болсын.

Тіл мен сөз көңңілдің айнасы.


Адамға екі нәрсе тіректегі.
Бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі.

Игі істің басы –тіл.

Сөздің бәрін тыңда,керегін ал.

Ақының тілі-қылыштан өткір ,қылдан жіңішке

Көп сөйлемей азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

Жүсіп Баласағұни

«Әрбір саналы ,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің кәдірін білмеу-мәдениетсіздік».

«Мен ана тілімде жазып,ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай,тіпті,түсімді де қазақша көремін».

«Өз тілін,әдебиетін, қәдірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады».

«…Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен өзінің ана тілін,ана тіл әдебиетән сүюі шарт.Сол сүюді өмір бақи асыл қасиетіндей сақтау керек».

«Бірталай қызметкерлер,олардың үй-іші кейде, тіпті қазақ әдебиетін, ол әдебиеттің көрнекі нұсқаларын орысша аударылған түрде ғана оқиды. Осындай оқушының бар екені даусыз.Әрине, бұл жәй ол адамдар үшін сорлылық».

«…Жазушы өз дәуіріндегі қазақ әдебиет тілін өсіру, саралау, көріктеу, шеберлендіру жөнінде міндеткер».

Елділіктің негізгі белгісі-тілінде. Тіл-аса қәдірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек.



Ғабит Мүсірепов

Өз алдына ел болуға өзінің тілі ,әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиспіз.



Ахымет Байтұрсынов

Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді.


В.Г.Короленко

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып,өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.



Жүсіпбек Аймауытов

Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей.


К.Г.Паустовский

Таза мінсіз асыл тас,


Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады,
Асан қайғы

Тіл өнері-дертпен тең.


Қ.Абай

Тіл жоқ екен-ой жоқ, ой жоқ екен -адам жоқ.


Рабиндранат Тагор

Ділмарлықтан гөрі тоқ етерін айтқан артық.


Б.Грасиан

Тез сөйлегенен ,ойлап алып сөйлеген артық.


Т.Мор

Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады ,сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.


Д.И.Писарев

Шалқыған ойы болмаған соң ,лепірме сөзге үйір.


П.Бусат

Қарапайым да айқын турде айтып беруге болмайтын ой жоқ.


А.И.Герцент

Тіл сұлулығы оның айқындығы мен бейнелігінен тұрады.


Д.И.Писарев

Сөз куші көп нәрсені аз сөзбен айтып берумен сипатталады.


Пултрах

Созбақтай берсе,ең тамаша сөз де жалықтырып жібереді.


Б.Паскалъ

Өзге ұлттың тілін,дәстүрін білмей оның жанын,арманын түсіну,сеніміне,құрметіне бөленіу мүмкін емес.
Өз тілінің сұлулығын сезінбей,өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай.

Бауыржан Момышұлы

Шешенің ең ұлы қасиеті-қажет нәрсені ғана айту емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау.


Цицерон
Екі жағдайда сөйлейтін бол,не өзінің сөйлер нәрсеңді айқын ойланып алғада немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда,Өйткені,тек осы жағдайда ғана үндемегенен сөйлеген жақсы,ал қалған жағдайдарда сөйлегенен сөйлемеген анағурлым жақысы.
Исократ

Бөтен сөзбен былғаған сөз арасын,
Ол-ақының білімсіз бишарасы.
Қ.Абай

….Кезінде жеке адамдар тілді де түгелдей өз бақылауына алатын болады


К.Маркс
Біз ұлтық тілді игеру арқылы мәдениетті адам бола аламыз.
В.И Ленин

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін,өзінің әдебиетін сыйламаса ,бағаламаса ,оны сауатты,мәдениетті адам деп санауға болмайды.

М.Әуезов

Әкемнің құты,
Анамның сүті-
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Қазақтың ұлы тарихтың,
Құйған сана ойыма-
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!
Сәбит Мұханов

Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз,
халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,
Оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
К.Д.Ушинский

Ана тілін үйрену-ұлы іс.Әркім өз ана тілімен сөйлеуге,анасынан туа үиренген тілімен сөйлесуі керек. Ең жақсы тіл-ана тілі.


М.И.Калинин

Сүйемін туған тілді-ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
С.Торайғыр

Егер тілім болмаса, мемлекет те болмайды,


Бәрінен де сол қайғы.

Қыдырқожа Сүлтанкерей



Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары

Қанша айтсаңда да, ана тілі қашан да ана тілі болып қала береді.Шешіліп бір сөйлегің келген кезде бірде-бір франсуз сөзі басқа кірмейді.


Толстой

Туада үйренген ана тілі-ұмтылмайтын мәдениет.
Д.Нацагдорж
монгол

Тіл-халық рухы.
В.Гумбольдт
неміс ойшылы

Тілі зордың-елі зор.
И.С.Тургенов

Ойы нәрсіздің тілі нәрсіз.
А.М.Горький.

Ана тілі-мәдени өрлеудің аса зор тегершігі.
Н.Я.Марр

Тәрбие басы-тіл.
М.Қашқари

Ділмарлықтан гөрі тоқ етерін айтқан артық.
Б.Грасиан.

Ел бастау қиын емес,-
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.>
Бұқар жырау

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл мәртебесін толық жүзеге асыруға күш саламын. Бұл – менің әрі азаматтық, әрі перзенттік борышым, деді министр.

Нұрсолтан Назарбаев

Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек.

Сұлтанмахмұт Торайғыр

«Тiл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтiндей өлген, жоғалған ұлт болады»
Ғұмар Қараш

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен
жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының
ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,
яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
Алтынбек Сәрсенбайұлы

«Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi».


Мағжан Жұмабаев

Тәуелсіздікке қолымыз жеткенмен
Тіл тәуелсіздігіне қолымыз жетпей жүр.

Қымбат дүнйе қолға түсе бермейді,


Қымбат сөз ауызға түсе бермейді

Береке бірлік басы тіл болады

Бузылған  қаймақ сызықсыз бітпеиді

Жанарбек Ақыбйұлы

Асырып айтсаң да, рахмет Ақби! Дегенмен әр баланы отбасында тәрбиелеуден бастасақ, қазақ тілі жетімсіремейді деп ойлаймын!

Тіл үшін күресуден жалықпаған,


Тіл жайлы ой айтудан қалыспаған
Әбіш пен Мұхтар сынды ағалардың

Әр сөзін ұран етіп алып қалам!

Аикерім

«Тiлiмiздiң бүлiнбей сақталуын тiлесек,


әуелi, өз ана тiлiмiзде оқытып,
сонан соң басқа тiлді үйретуге
тиiспiз»
Ахмет Байтұрсынұлы

«Мемлекеттiк тiл мемлекеттiк органдардың жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады» және «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады…»,
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 8 және 9 баптарында
«Мемлекеттiк тiлде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу туралы»
Үкiметтiң өкiмi
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай

«…Қазақ тілінің қоғамдық функциялары тарылып барады.
Бұл процесті тоқтату керек,өйткені,қажеттгі барған сайын кеміп бара жатқан тілдің болашағы балаға да түсінікті.
Тілді кемістіп,ығыстыру-сол ұлтты құрметтемеудің ең ренішті формасы.
….Тегенде,тоқырау кезіндегі және оның алдындағы жылдардағы ойластырылмаған саясат қана емес,сонымен қатар қазақ тілінде сөйлейтін халықтың өзі де кінәлі.
Сіздер мен біздер,жергілікті ұлтың өкілдері –орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз.
Оның үстінде тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі,оның тіпті қазақтардың өздері арасындағы беделінің кеміуіне әкеп соқты.
Көптеген семъялар,әсіресе қалаларда ,іс жүзінде орыс тілін сөйлейтін болып алды.Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым –қатынаста да қолданудан қалды.Сөйтіп,атасы өзінің туған немересімен ана тілінде сөйлесе алмайтын жағдай жиі кездесіп отыр…….
Барлық цивилизацияларда және әрқашан да-тіл ұлттық мәдениеттің өзегі болып табылады,ұлттардың архитектурасы,бейнелеу өнері,музикасы,жалпы интерллектуалдық және рухани потенциалы тілге байланысты.Ұлт тілін қолдану аясын кеңейту-ұлттық мәдеиеттің иесі және оны жалғастырушылар болып табылатын оқырмандар,көрермендер және тыңдаушылар саны да көбейтіу деген сөз.
Тіл пайдаланып жүрген кезде өшпек емес,қоғамдық қатынастарда толымды түрде және белсенне пайдаланылатын тілі болып тұрған кезде ұлт өмір сүре бермек».

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Н.Ә. Назарбай /19творчестволық және ғылыми интеллигенция өкілдермен кездесуіндегі сөзінен 1989/

* * * * *


«Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз !»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай:
* * * * *
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай
* * * * *
«Ана тілі – ардағымызды жойылудың аузынан аман алып қалған сол өршіл рух емес пе?»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай
* * * * *
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай:
* * * * *
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *


Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *


«Өз тілімізбен өмір сүрейік!»- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбай
* * * * *
“Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мә¬де¬ниеті мен тарихы, салт-дәстүрі ар¬қылы меңгеруге болады. Өзге тіл¬ді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі”,
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбай
* * * * *
«…жалтақтауды қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң болашағы қазақтардың өздерiнiң қолдарында,»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбай
* * * * *
«Мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiнде жұмыстар жүйелi жүргiзiлуде. Менiң бастамам бойынша «Мемлекеттiк тiлдi дамыту» Президенттiк қоры құрылып, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жаңа жобаларды жүзеге асыра бастады. Мемлекеттiк тiлдi оқыту жөнiнде өңiрлiк орталықтар жұмыс жасап жатыр.
Жаңа сөздiктер шығарылды және бiрқатар компьютерлiк бағдарламалар жасалынды»

Тәуелсiздiктiң 17 жылдығына байланысты сөйлеген сөзiнде
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай:
Сорласа жұрт рухсыздықтан сорлайды.
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың,қайырсыздың баюы,
Бәлкім,ертең ұлтымызға зор қайғы.
Мұхтар Шаханов

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Мұхтар Әуез

Ана тілді тірек етіп күн кешем,


Артық емес тілсіз өмір түн десем!
Қазақпын деп кеуде соқпа, бауырым
Қазақ тілді сүйіп, жетік білмесең!

Керім


Өр көкірек ұйғырда жүр орыста….
Өз жеріңде жалтақтап қазақ жасыма?
Бәсекелес мына қыйлы заманда.
Кеуде соғар ұлдарым әсте қажыма!

Керек олар озбырларды жөнге сап,


Отаршылдар ышқынсын ойбайлап.
Кеуде соғар тентек болса ұлдарым,
Жетесіздер жүрер еді жорғалап.

Жанарбек.



Жақсы пікір жан дүниеңді тыңайтады,
Шолақ ой жаныңды жеп мұңайтады.
Ақын көп екі сөздің басын құрар,
Керімдей келтіріп нақышында кім айтады.

Керім ойың керемет!!! Егер тағы бір коминизім пайда боп тағы бір кун көсемге табыну керек болса мен сендей қазақй Анаға табынар едім… қурбым рақымет.

Елбасы ел басылық салауатымен, қазақ еліндегі кірмелерге сен қазақша сөйлесенші деп әркімге жалынып көшеде жүрмейді ғой, тіпті солай бола қалған кунің өзінде халықаралық баспа сөз қуралы тыныш жатпас қазақстанда адам қуқғы бұзылды деп жер әлемге жар салатыны ақиқат сондықтан ұлтық қундылықты мәнсаптылар емес төмендегі мәнсапсыздар шегелеп отырып тақауырау керек әр түрлі жолмен уздіксіз жүмыс жасау отырыс,митингілер әр қилы үндеулбер арқылы ана топастарды ояту керек!!!

Менің байқағаным осындай белсендлер елдің санасына ой саламыз дейдіде көп жағдайда Елбасының өзімен алысып кетеді сосын белгілі,істің аяғы жіңішкеріп жатады.Әйтеу тыш тағы жүрмеиміз деседе бізде өте шебер ісұйлестірушілік жетіспей жатырма деп ойлаймын сіздер қалай ойлайсыздар!!!

«Қазақ елiнде тұрып, қазақша бiлмеу ұят»
Елена Кириллова

Баяғыда Хан Қожанасырды шақырып алып
- Саған мың ділдә берем , мына есекке он жылда тіл үйрет , – депті.
- Айтқаныңызға құлдық – деп , Қожа бір қап ділдәні
арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан
шығып:
- Ей , алжыған ! Қай заманнан көрдің есектің тіл үйренгенін-
депті . Сонда Қожанасыр:-
- Саспа , кемпір ! Он жылда не есек өлер , не мен өлем, не
хан өліп бір жөні болар – депті жарықтық.

в* пен *ев*
Осыдан он жеті жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде менің фамилиям «Мұртаза» болып жазылды, *ев* алып тасталды.
Дәл осы амалды Парламент мәжілісі енді қолға алып, заң қабылдап жатыр /Айқын: 8.10.2008/. Бұған да шүкір.
Әлі де *ев*, пен *ов*, «ин», «ич» дегендер маңдайларына тушьпен жазылғандай өмірі кетпейтін таңбалар көп. Арада ұрпақ өтер. Келер ұрпақ тазаланар.
Баяғыда еврей халқы перғауынның құлдығына түсіп, одан әулие Мұса пайғамбар құтқарып, құлдықта болғандар өмірден өтіп таусылғанша, еврейлерді қырық жыл бой шөлдің ішімен алып жүрген.
Жаңа,жас ұрпақ дүниеге келгенде Мұса пайғамбар оларды Палестина жеріне қоныстандырып, Израиль мемлекетін құрған ғой. Бәріне төзім мен ақыл керек.
Бізге де таза,құлдық көрмеген ұрпақ келер.
Бір кем дүние…

/Ш.Мұртаза/

Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата-мұра шамын солай өшірер…
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі мен рухы
Ой санаңа іргетас боп қалмаса!
М.Шахан

«Тіріні көрге салатын да – сөз,
Өліні тірілтіп алатын да – сөз.»
Низами

“Ана тілім жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын” Р.Гамзатов

Тілім менің түзелер,


Билік басы қолдаса.
Елім алда күйзелер,
Ана тілім болмаса.
Қыдырқожа Султанкерей

Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің болашағының беріктігін,қазақ ултының гүлденуін айқындайды. Қазіргі жасбуынға осыны жетік түсінулері керек. Жас буынға тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылта, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген арманға қол жеткізу тіпті де қиын болмасы белгілі.


Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы — міне, осы ақиқатқа тәуелді болмақ.Сондықтан жас буындарды ултық қундылыққа тартып осы жағыннан басты назарда устап,бағдарламалар жасай білмесек ғылым техника дамыған мына ғасырда жәй бірақатықпен жалтақтаудың кесірінен біз уақыттан оңбай утылып қаламыз.Сондықтан түйсікке сеніп баяндама қойып жүрген басшылардың сөзіне тоқмейіл танытпай әліде тақырыпты аша түсер жан жақты зерттей анықтай түсп әрі насиқаттай біліуіміз қажет.

өз иті әлсіз ауылға өзгенің иті үреді.


ана тілін білмеген итшілеп өмір сүреді.

Жанарбек Ақыбйұлы

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.
Георг Гегель

… ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКЕЛ ТАСТАП,


ӨЗ ТІЛІҢДЕ ОЙЛАУ,СӨЙЛЕУ ТОҚТАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАП
БҮКІЛ БАБА РУХЫМЕН БАЙЛАНЫСЫҢ КЕСІЛЕР.
ТАҒДЫРЫҢНАН АТАМҰРА ШАМЫН СОЛАЙ ӨШІРЕР.
ӨЗ ТІЛІҢДІ ЖЕРСІНБЕУДІҢ,
ӨЗ АНАҢДЫ МЕНСІНБЕУДІҢ
АРСЫЗДЫҒЫ ҚАЙ ДӘУІРДЕ БОЛЫП ЕДІ ТАПҚЫРЛЫҚ?
ОЛ-РУХИ МҮГЕДЕКТІК,ӘРІ ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ!
АЗ ҚАЙҒЫ МА,ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСІНІГІҢ АЛДАСА?..
МЕЙЛІ,ОН ТІЛ,ТІПТІ ЖҮЗ ТІЛ МЕҢГЕРГЕНІҢ ДАЛБАСА,
ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ТІЛІ МЕНЕН РУХЫ
ОЙ САНАҢА ІРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА.

/М.ШАХАНОВ/

.Ана тілден жүректер от алуда,
Мұрасы өшіп,батпасын Ата мұңға.
Тілін сатқан сатқындық,опасыздық,
Сатар оңай халқын да,Отанын да!
Ана тілмен игеріп қаншама өнер,
Сол тілменен рухым шапақ төгер.
Ұлт тілімді құрметте ең алдымен,
Мені Ел деп елейтін болсаң егер!
Кәкей Жаңжұңұлы

ана тілі… жүректің терең сырларын, басынан кешкен дауірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.


Жүсіпбек Аймауытов

“Бәйгеден қосқан сайын келсе-дағы


Тұлпарда арықтаса сән бола ма“

Қазақ деген ултың керемет өз ана тілі бар.Қазақ тілінің кереметтігі сондай шешендері қас қағымда кез келген сурағыңа өлеңмен жауап береді. Қазақ тілі айтқысы келген ойын тура мағанасында айтумен бірге алысты ерте болжап астарлап айтады , немесе басыңды қатырып зерек болсаң тауып ал деп жумбақтап айтады ,әйтпесе түспалдап айтады ,


«Әзілің жарасса атаңмен ойна» демейме қалжыңдап айтады,сөз қәдірін білмегендерге урсып айтады,улт қундылығын таптап жұрген жетесіздерге «таяқ еттен сөз суйектен өтеді» зекіп айтады,
Қазақй болмысын жоғалтқан азғындарға жеті атасын араластырып боқтап айтады.
«Жақсының реніші жібек орамал кепкенше жаманың өкпесі қара басың жерге жетенше» демейме өкпелеп айтады. Рақаттанып кулші жасың узарады дейді ғой кулдіріп айтады,жәбір көргендерді жубатып болысып айтады осыдан артық сөйлесудің қандай түрі бар тағы кім қалай айтады Қазақ тілі қалай иілсең солай йкемге келер өте қоры бай өрісі кең тіл. Өлеңмен тудым өлеңмен өлемін демекші қазақ тілінің өрісі жетпеген мәселе барма?
Тіл қайтіп пайда болады? Тіл белгілі бір улттың узақ жылдары қалыптастырған сөйлеу мәдениеті Уйтсе Қазақ тар кім узақ жыл басқыншы қаншер жауыз ултардың отаршылдық сайқал саясатының 3 ғасыр қурбаны боп келген қазақ ултының улдары мен қыздары тағдыр тәлкегімен әр тарапқа әр қыйырда келіп жыйылып тілдескенде еш қыйналмастан өз Ана тілдерінде Қазақ тілінде бір бірінің тілін ойын Қазақ тілінде түсіне білген керемет оқыйғаны өз көзімізбен көріп жүрген біз Қазақ тілінің керем ет шыдамдылылығын қудыретін сезініп марқайдық Қазақ тіліне жол ашылды барлық көрген қорлық қайғы қасырет мутылды. Қазақ елінде Қазақ жерінде Қазақ мемелекетінде Қазақ тілі жулдыздай жарқырап жайнайды деп есептедік… солай болуға тиіс еді…

“Бәйгеден қосқан сайын келсе-дағы
Тұлпарда арықтаса сән бола ма“

Жанарбке Ақыбиұлы

“Көбіне қызбаланып пікірталастыруыңның себебебі – қарсыластың нені дәлелдегісі келгенін түсіне алмай әлек болуыңнан”

Л.Н.Толстой



Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Өлеңге әркімнің ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы.

Абай Құнанбайұлы

“Орыс тiлiне “мемлекеттiк тiл” мәртебесiн бермеймiз. Себебi, бiз қазақ тiлiн дамытуымыз керек. Бүгiнде Қазақстан халқының 100 пайызға жуығы орыс тiлiн меңгердi. Ал қазақ тiлiн әлi үйрене қоймады. Сонда бiздiң мемлекеттiк тiлiмiз қайда қалады?”

/2008/ “Эхо Москвы” радиостанциясына сұхбат берген сөзінен.


К. Мәсiмов

Тіл жайлы үкімет басшысының ой сезімі қалай,нұсқау кеңестері бар ма екен?


Үкіметің тіл жайлы жоспары қалай сүрақтарына жауап іздеп ақпаратық шолу жасадым содан тапқан матерйаламды сіздермен бөліскім келіп дана,түйінді сөздер қатарына қосып қойдым үйткені үкімет басшысы көп жайды өз тәжірибесінен білетін сияқты әрі көпке өзі бастап үлгі боларлықтар сезілді,Байқағаным улкен кісі жалпы қазаққа сергіп серпілумен бірге әлде нені меңзейтін секілді!!! .

* * * * *

«Үкімет мемлекеттік тілді дамыту үшін барынша жағдай жасайды. Алайда, тек үкіметтік шаралармен шектелмеу керек. Бұл – халықтық іс. Мемлекеттік тілді дамыту өз елін, ұлтын, Отанын сүйетін әр азаматтың парызы болуы тиіс»
Үкімет басшысы. К. Мәсімов

* * * * *



Ешқандай заң, бұйрық, қаулы арқылы тілдің мәселесі шешілмейді,тілді үйрену үшін жүректен әмір болуы керек. «Мен мұны өз іс-тәжірибемнен білемін»
Үкімет басшысы. К. Мәсімов.

* * * * *



Театрлардың репертуарлары тіл үшін қызмет мардымсыз.
«Жаңа шығармалар, қазіргі заманға, тәуелсіздігімізге қатысты туындылар жоқ.
Министрлік бұл мәселемен де жақсылап айналысуы керек»
Үкімет басшысы,К. Мәсімов.

* * * * *

«Қазақ тіліндегі газет-журнал, кітаптардың тиражын көбейту керек. Бұл да министрліктің басты назарында болуы тиіс»,
Үкімет басшысы. К. Мәсімов

Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

…Ескі мұрамызды кәдеге жаратып,қәзіргі қазақ тілін байытатынымызды былай қойғанда,біз көне мәдениетті ел болып көрінеміз.Ғылымымыз бен мәдениетіміздің тарихын қәзіргі айтылып жүрген уақыттан 1000-1500 жыл бұрын бастауға мүмкіндік аламыз.


М.Ө.Исқақ

Қазақ тіліне Қазқтан басқаның басы ауырмайтыны белгілі,сондақтан интернет пайдаланатын әр бір қазақ орыс сайттарын толтырғанша қазақ сайттарында өз ана тілінде әнгіме дукен қурса қандай тамаша,оның өзі дәл қазіргі уақытта нағыз елінің патироты десем артық кетпеймін,Әр кім өз білгенін жазып қазақ сайттарын қыздырып жандандырып журсе тілге деген қосқан улесім деп марқайып журсе болады.Деседе бурынғыдан қарағанда қазақ сайтарының саныда қосылып сапасыда әжеп тәуір кун кун сайын артып келе жатқанын байқаймыз,оғанда шукір,Анда мунда қазақ тілінің қәлі мушкіл деген селқос әнгімені қойып әр кім қазақ тілінде әнгіменің суиегін шағып майын жалайтындай әнгіме дукен қурсын жақсы қашанда далада қалмайды нурлы шапағатымен елдің назарын тартып туратыны белгілі Сондықтан қазақ сайтарына қандастарымыз өздері өзі ұшін әлі ақ топырлайды деп сенем Әліде солай боп келеді де…
Йә Қазақ тілінің,қазақ сайттарының мәртебесі өсе берсін қандастар!!!

Жанарбек Ақыбйұлы



Туған тіліңді қорғау-туған Отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе,әйтеуір, азат етеріңе сенерсің. Ал тілің жауланса-бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлегінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес

/Бедретдин Далан/

Туған тілім қаныма сіңген қазақ тілім,
Ултымнан талай шыққан шешен ғалым.
Өз тілін білмесе егер намыссызғой,
Әр бір жан қурметтесін ана тілін.
Сұнқар Жанарбекқызы

Ешкім өз ұлттық тума тілінен әсте бас тартқан емес,еш қашанда өз еріктерімен айнымайды,сан ғасырлық қалыптасқан тіл қатынас мәдениетінің ғылым текника дамыған мына ғасырға,асып не бір жапалы қайғы қасырет,ыстық-суық,қуаныш бақытымен,бұл кунге жеткен екен ары қарай жалғасын тауа береді.Негізі тілді жоғалтатын да жалғастыратында халықтың яғынй ултың өзі.Улт болған жағдайда тіл жоғалған емес жоғалмайдыда.Киттердің балықтарды ал балықтар шабақтарды жұта беретіні секілді,Азулы тілдердің ұсақ тілдерге әсері болады әрине бірақ қанша жүтқанымен бұл әлемде балық атаулының құрып кетпегені секілді,тіл бір жағынан қурдымға кетіп жатқандай сезінгенімен келесі жағынан өсіп өніп жатады.Белгілі бір ултың тілі жойылу үшін сол улт өзі түбірімен ғайып болу керек,сонда барып сол тілде қолданысын толығымен тоқтадады.Сол тіл қурйды толығымен жоғалады.


Негізгі жылғасы қалыптасқан улттық тілдер уақыт ағымына сай әр- түрлі атау қорларымен байып сан тарау арыққа бөліне тынысы кеңейіп отырады.
Жалпысы тіл еш қашан бір қалыпта қалған емес қалмайды да! Адамдардың бір- бірімен қарым қатынас қуралы болса жасампаз еңбектің кунен- кунге шыңдалып толықси түсетіні секілді тілде кунде әр түрлі атау жалғауларымен қоры байып отырады.
Белгілі бір ултың тілі сол ултың ділімен қоса қалыптасады өз мәнерін узақ уақыт қалыптастырады.

Иә тіл жоғалған жағдайда құстың қос қанаты спеттес ділдіңде.Адам бойынан жан кетіп дене қалатын секілді тіл кеткенде салт- дәстурде өз мәнін қунын жоғалта бастайды.


Ултық тілінен айырылған жан әлібетте басқа тілде сөйлейді өз тілін ысырып қойған бүндайлар,өз бөлтірігін өзі жейтін қорқау қасқырдай өз тіліне өте мейрімсіз көңілмен қарайды. Ол айытпасада түсінікті ғой олар бойындағы таза адами құндылықтарды жоғалтумен бірге жаңадан мінез әрекет қалыптастыра бастайды. Ал ондай мінездің көбісі еліктеу,болып жатқан әрекеттерге өз тарапынан турақты түжырым шешім жоқ әрнеге жалтақтау,бір нәрсеге қатты уңіліу шешімсіз іске айнолсақтап шыға алмау,секілді мінездер бойына міндетті турде қалыптасады да ашушаң,іштарлы,қызғаншақтық,көр- соқырлық,мінез құлық міндетті түрде қалыптасады. Содан барып жалтақой,екі беткей,ерегеспе,көк бет әрекетер өзі туындап отырады.Сенбесең әр кім алыстан емес өзі танитын жақынын көз алдына елестетседе жетіп жатады.Бүндайлар көбінде жүике аурумен қатты ауырады. оны әр неге балап басы қатып жүреді.Ал жүйке сезім аурулары ішкі қурлыс,жалпы өне бой ауруларына әкеп соқтырады.Ең сорақысы адам сәл есейген сайын бір мүшесі жұмыс істеуін тоқтата бастайды яғни қандай бір жүқпалы дертерге оңай жолығады.
Жалпысы бүндай дертен қутылу үшін сенің қаның өзің қалыптасқан дканың бойыңнан кеткенше жалғасады.Ал ол он атасыз сенің қаның тазармайды яғни орташа жасты 70 жас деп көрсең ең азы 800 жылдан соң барып сенің ұрпағын өз тілін дінінен толығымен айығып басқа тіл ділде толығымен азғындай алады.Сол тілде сол дәстүрде сайрайтын болады.

Жанарбек.Ақыбйұлы

…*Өз ана тілінде сөйлемеу мен ойламаудың елеулі қасіреті болатынын БАБА ТАРИХ РУХЫ бүгінгі жаңа Қазақстанда адам танымастай өзгеріске ұшыраған, ұлттық тіл мен рухтан іргесін бөлек сала бастаған қазіргі ұрпағына деген өкпесін сақалынан тамшылаған көз жасы арқылы сездіріп тұрғандай…*
/М.Шаханов *Жас Алаш*/ №37 ,08.05.2008

– Қоғамдағы қордаланған мәселелер бәріміздің де шымбайымызға батады. Қолдан келер дәрмен жоқ.


Солардың негізгісі тіл мен дін мәселесі деп ойлаймын.
Оны айтып отырған себебім, мешітте иман жүзді небір қазақ жігіттерін көресің. Өкініштісі, орысша сөйлейді. Неге десең, мәселе тілде емес, иманда дейді, жүрегіңе қанжар сұғып алғандай. Ал жаға жыртысып көр... Иманына келген адамның өзі сөйтіп айтса, адасып жүргендерден не жорық?
Тілдік саясатты мықтап қолға алып отырған жоқпыз. Талап етілмейді еш жерде. Сол баяғы төрге өте алмай, ауыздан сығалаған күйі…
Мәди Манатбек

«Ел қайда, дінің қайда, ерің қайда?

Бостандық-еркіндіктен жылт қайда?

Құл болдық, қожайындар қодыраңдап,

Ал, елім, өзің тұрып қару сайла!»

Шарқи үкіметі – орыстардың қолшоқпары, дінді уақыттық желеу еткенмен ақыры оны жоғалтады, елдің мал-мүлік жинауына ерік бермейді. Бұл қызыл үкіметтің (Совет үкіметі) ежелгі әдісі.


Нағыз еркіндігіміз, дініміз үшін аттанысқа келіп, қолға қару алып, «қызылдастыруға» қарсы тұрайық»
Қалибек Хакаім
1947 жылы
(«Іле тарихи материалдары», 14 сан «Кешірмелерім» 100 бет.)
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет