Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы;
сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы; жазылуы аяқталмаған сөз;
Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем бас әріптен жазылған жағдайда, азат жолдың болмауы;
Диктантта қате деп саналмайды: диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда;
ерекше жағдайда бір сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру.
«5» бағасы, егер оқушы барлық тапсырмалар қатесіз орындаса, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаса және өз бетінше жұмыс орындау барысында білімдерін қолданған кезде қойылады;
«4» бағасы, егер оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады.
«2» бағасы, оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу 2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады.
Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 10-15 күнде бір рет. Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет. 2-3-cыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады да, 1 ғана баға қойылады.
Әр сыныпта тоқсан сайын диктантқа – 3 сағат, мазмұндамаға – 1 сағат, шығармаға – 1 сағат (жылына барлығы – 20 сағат) берілген.